§ Мәтінді қанатты сөзден (афоризм/цитатадан) бастаңыз. «Сен
лузер емессің, бірінші болып туылғансың...» Қуаныш Шонбай айтқандай
немесе Қуаныш мырзаның кітабында айтылғандай деп жалғастырып,
«Екінші болма» кітабын сататын пост жасауға болады. Мысал ретінде,
@versus.academy парақшасынан алынған посттарды келтірдік.
§ Шынайы болыңыз. Оқырмандарыңызбен тек пайдалы ақпаратпен
немесе жарнамалық посттармен емес, шынайы оқиғалармен, өзіңіз
үшін айтулы күндермен, іс-шаралармен, сізді мазалайтын сұрақтармен
бөлісіңіз. Жеке аккаунт немесе бизнес профиль болсын, әрқайсысының
артында тірі адам, жаны бар тұлғаның тұрғаны байқалу керек.
Мәтінді қанатты сөзден бастаңыз (мысалдар)
@versus.academy парақшасынан алынған постты мысал ретінде келтіремін.