Материалдың түсінікті болуы оның нақтылығында. Бұл
үшін жалпы ережелер мен анықтамаларды күнделікгі өмірде
кездесетін
есептер мен мәселелерді шешу, байқаулар мен дәріс-
ханалық жұмыстар арқылы түсіндіріп беру қажет.
Есте берік қалдырудың жолы —
қайталап түру.
Бұл білім,
ептілік, дағдыларды игерудің өте маңызды шарты. Бірак
мұндай іс-әрекет өнімді болуы үшін
қайталау жұмыстары
белгілі талаптарға сай орындалуы тиіс: қайталау белсенді жэне
эртүрлі болуы лазым (мысалдар келтіру, сұрақтарға жауап
беру, сүлба сызу, кесте түзу, көрнекі құрал жасау т. б.). Бел
сенді қайталау барысында екінші сигналдық жүйе
жанда-
нып, материалды үғына түсінуге нәр береді.
Қайталаудың әртүрлі формада іске асуы, игерілетін мате-
риалдың өмірмен, күнделікті
тұрмыстық қажет әрекетпен
ұштасып баруы есте қалдырудын толыққандылығын қамта-
масыз етеді. Енжар (пассив) қайталаудан пайда шамалы. Қай-
талау уақытын реттестіріп барған жөн. Уақытқа байланысты
қайталау екі әдіспен орындалады:
Достарыңызбен бөлісу: