Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет18/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,74 Mb.
#90104
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   107
«Ғылыми революция» ұғымы
Дағдарыстың кезеңі ұсынылған гипотезалардың біреуі өзінің 
мәселелерді шеше алатынын, түсініксіз фактілерді түсіндіре 
алатынын дәлелдегенде бітеді, және осыған байланысты өз жағына 
ғалымдардың көбісін тартады. Осы парадигмалардың ауысуын, жаңа 
парадигмаға өтудін Кун ғылыми революция деп атайды. Бұл үрдіс 
саланы жаңа негіздермен қайта құру, осы саладағы қарапайым 
теориялық ортақтастыруларды, сондай-ақ парадигманың көптеген 
әдістері мен қосымшаларын өзгертіп қайта құру үрдісіне ұқсас.
Әрбір ғылыми революция әлемнің қазіргі суретін өзгертеді және 
жаңа заңдылықтарды ашады. Ғылыми революция зерттеулердің 
тарихи болашағын өзгертеді және ғылыми жұмыстар мен 
оқулықтардың құрылымына әсер етеді.
Осылай, ғылыми революция, парадигмалардың ауысуы ретінде, 
рационалды-логикалық түрде түсіндірілмейді, өйткені мәселе ғылыми 
кеңестің мамандануында: кеңесте тапсырманы шешудің құралдары 
бар, немесе жоқ, сонда кеңес оларды ойлап табады. Ғылыми 
революция алдыңғы деңгейлерден алынған барлық затты алып 
тастайды, ғылымның жұмысы жаңадан басталады. 
Т.Кун бойынша ғылымның дамуы екі циклдің өзара алмасуынан 
тұрады. 
Бұлар – «қалыпты ғылым» және «ғылыми революция кезеңдері». 
Ғылым тарихында екіншісі біріншісімен салыстырғанда өте сирек 
болатын құбылыс. 
Кун концепциясының әлеуметтік-психологиялық сипаты белгілі 
бір парадигманы жақтайтын ғылыми қауымдастықтарды танумен 
анықталады. Белгілі бір парадигманы жақтау ғылымның жеке 
психологиялық ерекшеліктері, оның ұнататын нәрселері, эстетикалық 
талғамдары арқылы көрінеді. Осылар және олар тәрізді факторлар 
ғылыми қауымдастықтың негізі болып табылады, парадигманың 
тұрақтылығын түсіндіреді. 
Кун концепциясындағы басты ұғым – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет