Ролан Барт (1915-1980)
-
француз әдебиеттанушысы,
семиотикші, сыншы, эссеист. 1970 жылы «автордың өлімі» түсінігіне
және «мәтін» деген оның негіздемесіне келеді, оның көзқарастары
қағидалы түрде шығарманың классикалық түрінен ерекшеленеді.
Мәтін соңғы шығармашылық ерікпен қоса көптеген түсініктер мен
шартты белгілер жүйесін негіздейді. Оның еркіндігі оқырманды
таңқалдырып қана қоймайды, сонымен қатар рахатқа бөлейді және
эротикалық жабыраңқы сезімді толықтай босатады. Бұл жаңа «хат»
мәдениетті адалау үшін емес, шынайылықты бейнелейтін ерекше
тілді құрауға арналған, ол сонымен қатар бітпеген мағынаны
қағидалы сипаттау үшін керек. Осыған байланысты, Барттың
пікірінше, бейнеліліктің постструктуралық қызметін толығымен
қиратып, одан барлық тұрақты түсініктерді алып тастап, оның орнын
әрдайым жалғаса беретін еркін ойынмен алмастыру қажет. Барттың
«мәтін» ұғымы өзінің қызметі мен түсінігі жағынан Фуко мен
54
Дерриданың «эпистема» және «пікірталас тәжірибесіне» деген
ұғымдарына өте жақын болып келеді.