189
сипатынан ештеңені де сақтамайды. Кельзендік норма «және
сонымен
бірге құқық формасы» - кез келген өз қалауынша алынған позитивті –
құқықтық мағынаға императивті – бұйрықтық статус пен сипат беру
үшін жеткілкті болатын міндеттіліктің «таза» формасы.
Табиғи құқықтық аксиология түсінігі бойынша табиғи құқық өзінде
«нағыз» құқықтың объективтік қасиеттері мен құндылықтарын сақтайды
және сондықтан позитивтік құқық пен оған сәйкес құқықорнықтыратын
билікті (заңшығарушыны, тұтастай мемлекетті), құндылықты бағалау
(шындығында - негативті) үшін міндетті үлгі, мақсат және критерий
ретінде қалыптасады. Сонда табиғи құқық өз табиғатында, болмысында
әдептілік (діни, моралдық және т.б.) құбылыс түрінде танылып, соған
сәйкес абсолюттік құндылыққа әуел бастан ие болады.
Сөйтіп, табиғи құқық ұғымына құқықтың әртүрлі, әрқилы
объективтік қасиеттерімен бірге (адамдардың теңдік принципі, олардың
еркіндігі және т.т.) әртүрлі моральдік (діни, әдептілік ) сипаттамаларда
кіреді. Осындай құқық пен моральдің (дін және т.б.)
араласуының
нәтижесінде табиғи құқық әртүрлі әлеуметтік нормалардың симбиозы
ретінде, позитивтік құқық пен позитивтік заңшығарушы (мемлекеттік
билік) туралы құндылықты пікір айтатын (әдетте, теріс пікір) әлдебір
әдепті-құқықтық (немесе моральді – құқықтық, діни-құқықтық ) кешен
түрінде көрініс табады. Осы тұрғыда алғанда позитивтік құқық пен
мемлекет өзіндік құқықтық критерийі (табиғи
құқыққа сәйкес
объективтік құқықтық қасиеттері) жағынан бағаланбай (құндылық
тұрғыда), шын мәнінде этикалық позициядан, осы берілген қағида
өкілдерінің құқықты әдептілік (моральдік, діни және т.б.) өлшемі мен
мазмұны жағынан бағалауы болып табылады. Сөйтіп, табиғи құқықтың
осындай әдепті-құқықтық қасиеттері мен мазмұндық сипаттарының
жиынтығы жалпыланған түрде табиғи құқықтың әмбебаптық және
абсолюттік әділеттігіне позитивтік құқық
пен мемлекеттік қызыметтің
сәйкес келуі қажеттілігін талап етеді.
Сонда әділеттік формалды–заңи мағынада емес, әділеттік немесе
аралас әдепті-құқықтық құбылыс түрінде, әрбір табиғиқұқықтық қағида
үшін ерекше ұғым түрінде, демек, шектелген және шынайы әдептілік
(немесе аралас әдепті-құқықтық) мазмұнда қалады. Сондықтан
әділеттіктің әртүрлі табиғиқұқықтық қағидалары - олардың әдептілік
(немесе аралас әдепті-құқықтық),
әмбебаптық және абсолюттік
құндылыққа жету талабы, ұмтылысына қарамай - шын мәнінде
салыстырмалы құндылыққа ие, сондықтан жалпы әдептілік туралы
релятивистік ойлау шеңберінде, құқықтың
тек әдептілік құндылығын
білдіру шеңберінде қалып қояды.
Көрсетілген кемшіліктер тек дәстүрлі юснатурализм қағидаларына
ғана тән емес, сонымен бірге табиғи құқық идеялары мен
190
ойтопшылауларын негізге алатын бұрынғы және қазіргі заманғы
философиялық ілімдердің құқықтүсінуіне де тән.
Сонымен бірге табиғиқұқықтық көзқарас өкілдерінің шүбәсіз
жетістіктеріне – құқық құндылығы мәселелерін қою зерттеуді,
барлық
адамдардың еркіндігі мен теңдігі идеясын, табиғиқұқықтық әділеттікті,
адамның туа біте және жатсынбау құқығын, билікті құқықтық шектеуді,
құқықтық мемлекетті және т.б. жатқызуға болады.
Либертарлық аксиология тұрғысынан қарастырғандағы құқықтық
құндылығы – құқықтық теңдік, еркіндік және әділеттік түріндегі
түбегейлі адами құндылықтарының әмбебаптық,
қажетті және
жалпыміндетті көрінісінің формасы болып табылатындығында.
Сонда, нақты қатынастардың формасы, құқықтық формасы (және
сонымен бірге осы құқықтық форманың формалды компоненттері –
теңдік, еркіндік, әділеттік) ретіндегі құқықты, құқықтық формамен
жанамаланатын және реттелетін нақты қатынастардың өзімен, қоғамдық
қатынастардың нақты мазмұнымен шатастыруға болмайды. Осы түсінік
бойынша
Достарыңызбен бөлісу: