АНЫҚТАМАЛАР
Диссертацияда келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылды:
Білім
– қоғам өкілдерінің танып тұжырымдаған, адам танымының
логикалық жүйесі арқылы жинақталған ұғымдардың, деректер мен
пайымдауларының жиынтығы.
Білім беру бағдарламасы
– білім мазмұнының өзгешелігін және білім
беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшелігін сипаттайтын білім беретін
мекеменің нормативтік-басқарушылық құжаты. Білім беру мазмұны –
оқушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамассыз
ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне
дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |