Ұлттық-мәдени концептілер
– тек ұлттық танымда ғана жан-жақты
ақпаратымен жүйеленіп, сол ұлттың мәдени құндылығын көрсететін
концептілер (дала, көш, домбыра, қамшы, тары).
Сатылай кешенді оқыту технологиясы
– «оқыту мақсаты, міндеттері,
әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде
сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай,
қолдана білуге машықтандыратын оқыту.
Фрейм
– концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын
концепт типінің қарапайым формасы.
|