Байланысты: 56523ed5-26f6-11e9-9199-bcaec5508c5b2 МұғалімніңЖұмысДәптері Тарих
Валидтілік деңгейін бағалау Валидтілік деңгейін бағалау қарапайым техникалық рәсімдерге дейін қысқармауы
қажет. Сондай-ақ, валидтілік абсолютті (шүбәсіз) шәкілде өлшенбеуі керек. Бағалаудың
валидтілігі нақты оқушылар тобында қабылданған нақты шешімдер мен қорытындыларға
жатады. Сондықтан валидтілік анықтамасына дәлелдер жинақтау, осы түсіндірулер мен
шешімдерді растау жатады. Мұндай дәлелдердің күші бізді валидтіліктің мықты, орташа
немесе төмен дәлелдеріне алып келеді. Олай болса, қандай дәлелдер жинақтайтынымыз біздің
қандай түсіндіру мен шешім қабылдауымызға байланысты.
Валидтілік біз бағалауды жобалаған немесе бағалаушы бағдарламалар туралы шешім
қабылдаған кезде біздің ойлауымыздың шыңында (ортасында) болуы тиіс. Сенімді және
пайдалы (жарамды) болып табылатын, оң нәтижелерге алып келетін біздің
оқушыларымыздың ілгерілеу туралы тексеруге мүмкіндік беретін бағалау нәтижелері
барынша маңызды. Валидтілікті сезіну көбіне қауіпті болуы мүмкін, сонымен бірге қандай
бағалауға назар аудару қажет және оларды не үшін қолданатынымыз туралы бізге шешім
қабылдауға көмектесуі де мүмкін.
Валидтілікті тексеру кейде негіздеменің аргументін құрастыруды еске түсіреді. Бағалау
бойынша екі сарапшы, Роберт Линн мен Дэвид Миллар (Robert Linn and David Millar, 2005)
аргументте ескерілетін, валидтілікке қатысты түсініктің төрт негізгі түрін ұсынады. Оның
үшеуі – мазмұнды түсінік, сындарлы түсінік және валидтіліктің дәстүрлі бір бөлігі болып
табылатын критерийлерге қатысты. Төртіншісі, жақында қосылған, дегенмен маңыздылығы
бар логикадан туындайтын түсінік болып табылады.