11
Тарихты оқыту үдерісіне жаңартылған бағдарламаға қойылатын міндетті талап сабақта
зерттеу қызметін ұйымдастыру болып табылады. Зерттеу қызметінің астарында мұғалім
мен оқушының белгілі бір тарихи проблематиканың шешімін іздеу бойынша бірлескен
шығармашылық үдерісі түсінеді. Мұндай оқу үдерісін ұйымдастырудың күтілетін нәтижесі
тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру болып табылады (болжам ұсыну, зерттеу үшін
сұрақтар құрастыру, дереккөздерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру,
қорытындылар мен тұжырымдар қалыптастыру, өзіндік ұстанымын анықтау). Оқытудың
зерттеулік тәсілі оқушыларға сырттай жеке-жеке құбылыстар мен фактілердің арасындағы
өзара байланысты, сондай-ақ тарихи үдерістің тұтас көрінісін көруге мүмкіндік береді.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқыту мақсаттарын іске асыру арқылы тарихи ойлау
дағдыларын қалыптастыру мынадай тарихи тұжырымдардың (ұғымдардың) негізінде
жүзеге асырылады:
өзгеріс
және
сабақтастық
(мысалы, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамда
қаншалықты өзгерді);
себеп
және
салдар
(мысалы, берілген тарихи кезеңде саяси
үдерістерге қандай басты факторлар әсер етті);
дәлел
(мысалы, белгілі бір кезеңнің
мәдениеті құндылықтар, наным және технологиялар туралы бізге не айта алады);
ұқсастық
және
айырмашылық
(мысалы, XIII-XV ғасырларда Қазақстан аумағындағы мемлекеттің
саяси құрылымының ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде);
мәнділік
(мысалы, Қазақ
хандығының құрылуының мәні неде);
түсіндіру
(мысалы, қандай да бір тарихи оқиғаны
әртүрлі зерттеушілер қалай сипаттайды).
Ұғымдардың негізінде оқыту тарихи оқиғалардың, үдерістер мен құбылыстардың
мағынасы мен мәнін «қамтуға» бағытталған, бұл пәннің мазмұнын анағұрлым тереңірек
түсінуге көмектеседі. Тарихи ұғымдарға сүйене отырып, тарихи материалды аналитикалық
талдау жүзеге асырылады. Оның нәтижесінде оқушылар пәндік материалды ғана емес,
сонымен қатар зерттеу рәсімдерін және олармен байланысты дағдылар мен қабілеттердің
үйлесімін меңгереді (материалды жинау және реттеу әдістері, мәселелерді тұжырымдау
және дереккөзбен жұмыс жасау үдерісінде проблемаларды қоя білу қабілеті, дереккөздерді
сәйкестендіру және сын тұрғысынан бағалау тәсілдері, зерттеу жоспарын әзірлеу,
материалды жалпылау және тұжырымды тексеру әдістерін таңдау).
Достарыңызбен бөлісу: