10
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ЖӘНЕ «ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ»
ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Жан-жақты және үйлестірілген оқу бағдарламасын жоспарлау, ұйымдастыру және
басқару – оқушылар үлгерімінің жоғары болуының негізгі тетігі (Alexander, 2002). Оқу
бағдарламасы оқушыларға бірқатар теориялық, тәжірибелік, шығармашылық және
әлеуметтік дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ негізгі дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік
береді (Primary education in England, 1978). Алға ілгерілеуіне қарай оқушылар оқудың
әртүрлі бағыттарын байланыстыра отырып, оларды зерттеп, осылайша анағұрлым терең
түсінік қалыптастыратын болады. Оқушылар нені үйреніп жатқандарының мәнін нақты
ұғынып, сонымен бірге, бұл олардың қазіргі және болашақ өмірімен қалай байланысатынын
түсінуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: