Байланысты: Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)
Жаңартылған оқу бағдарламасын оқу үдерісіне енгізудің ерекшеліктері. Жаңартылған оқу бағдарламаларында 5-9-сыныптарда жаңа мазмұн құрылымы (яғни,
тарихи кезеңдерді зерделеуді сыныптар бойынша бөлу) көзделген.
Мысалы, 5-сыныпта «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жаңартылған оқу
бағдарламасына сәйкес, Қазақстан тарихы бойынша Әңгімелерді зерделеу алып
тасталынады, оның шеңберінде оқушылар ежелгі заманнан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі
Қазақстан тарихын жылына 34 сағат көлемінде зерделейді. Аталмыш шешім бастауыш
мектептегі (1-4-сыныптар) «Дүниетану» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасында
бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, ежелгі заманнан
бастап қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстан тарихындағы негізгі (маңызды) оқиғаларды
зерделеу көзделген. Осыған байланысты, 5-сыныптағы жаңартылған бағдарламаға сәйкес,
отандық тарихтың бүкіл курына қысқаша шолудың орнына, Қазақстанның ежелгі тарихын
ғана зерделеу көзделеді. Сонымен бірге, 5-сыныпта дүние жүзі тарихын, нақтырақ айтқанда
ежелгі дүние тарихының курсын зерделеу басталады. Осылайша, Қазақстан тарихының
және дүние жүзі тарихының жүйелік курстарын зерделеу іс жүзінде бір жыл бұрын, 5-
сыныпта басталады.
ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес, жаңартылған мазмұн кезең-кезеңмен, бірақ бірнеше сыныптарда
бір мезетте енгізілетін болады.
1-сыныптарда – 2016 жылдың қыркүйегінен бастап.
2017-2018 оқу жылы – 2, 5 және 7-сыныптарда.
2018-2019 оқу жылы – 3, 6, 8 және 10-сыныптарда.
2019-2020 оқу жылы – 4, 9 және 11-сыныптарда
Бұл ретте, 2017-2018 оқу жылы 5 және 7-сыныптарда және одан әрі тарихи пәндер
12
бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларын енгізу үдерісінде (жоғарыда көрсетілге график
бойынша), тарих бойынша қолданыстағы және жаңартылған оқу бағдарламаларының
мазмұнында хронологиялық дәуірлерге бөлуді сақтау тұрғысында сәйкессіздік орын алатын
болады (2-кестені қараңыз).