Оқу бағдарламасы оқу пәні бойынша міндетті түрде меңгерілуі керек білімдер мен
дағдылардың мазмұны және көлемі, сонымен қатар, олардың
тақырыптар, тараулар мен оқу кезеңдеріне бөлінуі көрсетілген
құжат. Белгілі бір білім беру саласына қатысты мемлекеттік білім
беру стандартының талаптары негізінде әзірленеді.
Оқу жоспары белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдерге арнап
әзірленетін құжат. Оқу жоспары белгілі бір аясында осы пән
бойынша қамтылатын материалдардың барлығын қамтиды және
онда бұл материалдарды қандай ретпен оқытуға және оқуға
66
болатыны ұсынылады.
Оқу мақсаты оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу
барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктері бойынша
күтілетін нәтижелерден құралған тұжырым.