Байланысты: Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)
Сын тұрғысынан ойлау қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың
мағынасын тануда, оны бағалауда және талдауда аналитикалық
тәсілдің қолданылуын көздейтін ойлау түрі. Бұл келесі
қабылданатын әрекеттерге негіз болуы мүмкін.
Нақты қоғамда сыни ойлау бағытындағы қадам қоғамның
өркениетті дамуына бастау үшін қажет деген болжам бар. Тар
мағынасында сын тұрғысынан ойлауға «ойлау туралы ойлау»
ретінде анықтама беруге болады. Психолог Диана Ф. Халперн сын
тұрғысынан ойлауды күтілетін нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігін
арттыратын танымдық тәсілдер мен стратегиялар ретінде
қарастырады.