«Қазақстан 2030» және «Қазақстан 2050» Даму страгеиялары Қазақстан-2030 Стратегиясы


Инфрақұрылым (көлік және байланыс)



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата07.02.2022
өлшемі494,7 Kb.
#90361
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Тарих Мерей 9

Инфрақұрылым (көлік және байланыс):
 ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты 
нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің 
әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы 
өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған. 

Кәсіпқой мемлекет:
іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде 
халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті 
құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет 
пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске 
асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет 
орнату. 
Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, 
мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын 
тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен 
тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ 
мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық 
азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және 
ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-
стратегиялық ресми құжат болып табылады. 
Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған 
елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды 
көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара 
ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз 
жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп 
келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің 
мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің 
қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды. 
2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. 
Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 
атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады. 
Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі 
нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп
«Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің 
алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу 
негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру». 
Бұрынғы совет кеңістігіндегі стратегиялық жоспардың бірінші тәжірибесі мен 
қазақстандық қоғамның өміріндегі межелік оқиғасы ретінде «Қазақстан – 2030» 
Стратегиясы болды, ол бүгінгі таңда заманауи даму үлгілерін Қазақстан жолының 
өзгешелігінің терең түсінігімен байланыстырған интеллектуалдық өнімнің үлгісі болды. 
«Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы 
шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші 
жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты 
бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. 


Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа 
деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады. 
1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет