Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан»



Pdf көрінісі
бет13/81
Дата07.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#90369
түріМетодические рекомендации
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81
Байланысты:
1496062094248 (1)

Жоспарлау жоспардың, бағдарламаның әзірленуін көздейді. 
Балалар бірлестігінің ұйымдастырушылары осы үдерісте көмекшілер 
ретінде шығады. Олардың мақсаты - балаларды бағыттау, жоспарды жазуға 
оқытып - үйрету, оны іске асыруда шынайы қолдауды көрсету. Жеткен 
нәтижелердің тиімділігі мен кезкелген қызметтің табысқа жетуі көбіне осы 
қызметтің сауатты ұйымдастырылуына байланысты. 
Жоспардың тағайындалуы – балалар ұйымының өмірлік іс-әрекетін ретке 
келтіру, үдеріске қатысты жоспарлылық пен жүйелілік, меңгерушілік пен 
нәтижелердің бірізділігі секілді талаптардың орындалуын қамтамасыз ету. Ең 
жалпы деген түсінігінде – бұл қызметтегі мұзмұндық бағдарларды көрсететін, 
оның ретін, көлемін, уақыт шектерін анықтайтын құжат. 
Ол мынадай 
функцияларды орындайды


бағыттаушы, анықтаушы, яғни қызметтің нақты бағыттары мен түрлері; 

болжамдаушы, яғни ойды жанама түрінде көрсетеді, нәтижелерді нақты 
әрекеттер арқылы ұсынады; 

үйлестіруші, ұйымдастырушылық, яғни бір жағынан қызметтің қалай, 
қандай құралдармен және оның субъекті мен объекті кім болатынын көрсетеді; 
екінші жағынан қызметтің тәртібін, оның өзге түрлермен өзара байланысын 
көрсетеді, уақыты мен орнын анықтайды, кім, не, қашан және қалай жасайды 
деген сауалдарға жауап береді; 

бақылаушы: біріншіден, педагогтің өзі, балалар жоспарды пайдаланып, 
белгіленген мақсаттардың орындалуын қадағалай алады; екіншіден, жоспар 
бойынша оның шындыққа қаншалықты сәйкес екенін тексеру оңайға түседі; 

репродуктивтік (жаңғыртушы), яғни уақыттың кез-келген аралығы 
өтісімен, жоспар бойынша орындалған жұмыстың мазмұны мен көлемін 
қалпына келтіруге болады [20].
Кез

келген жоспарлаудың жалпы алгоритмін келесі амалдармен 
көрсетуге болады: 
1-
қадам – жоспарлау мәнін анықтау. Алдымен мына сауалдарға жауап беру 
қажет: нені жоспарлау керек (тұтас әрекетті, қандай да бір бағытты, нақты істі)? 


22 
2-
қадам – уақыт кезеңін анықтау: уақыттың қандай кезеңін жоспарлау 
қажет (жыл, тоқсан, айы және т.б.)? 
3-
қадам – жоспарлау мәнін құрылымдау. Жоспарланатын заттың мүмкін 
құрамдас бөліктерін ажыратып алу қажет (қызметтің бағыттары мен түрлерін 
бөліп көрсету, мазмұндық және тақырыптық блоктарды ажырату), яғни 
жоспарланатын заттың идеал бейнесін көрсету, ал одан кейін қажеттісін және 
шынайысын іріктеп алу қажет. Жылдық жұмысты жоспарлап алу үшін тұтас 
қызметтің неден құрылатынын ойластырып, барлық мүмкін бағыттары мен 
түрлерін бөлу керек: әлеуметтік–пайдалы қызмет, жобалық, волонтерлік, 
ұжымдық–шығармашылық әрекет, нәтижелер мен ұжымның диагностикасы, 
өзге ұжымдармен әрекеттесу және т.б. Құрылымдау жоспарды шындыққа 
негіздеп, анағұрлым тиімді құралдары мен жұмыс амалдарын іріктеуге
ғаламдылық пен көмескі бейнесінен арылуға көмектеседі. 
4-
қадам – нәтижелерді және бар жағдайды талдау (ұжымды, қызметті, 
құрылымдық бөлімшені және т.б.). 
Құрылымдау келесі сауалдарға жауап беруге көмегін тигізеді: өз жұмысын 
жоспарлау үшін қандай ақпарат, қандай білімдер қажет? Мысалы, балалар 
ұйымындағы тәрбие үдерісін жоспарлау үшін балалардың жасын, олардың 
деңгейін, әлеуметтік жағдайын, қызығушылықтарын, қабілеттерін, жеке 
ерекшеліктерін білу керек. Ұстаздың қандай жағдайларда жұмыс жасайтынын, 
мекеменің және білім беру үдерісінің ерекшелігін білу керек; одан өзге, педагог 
өзінің жеке кәсіби деңгейін де дұрыс бағалауы тиіс. Нақты кезеңде өз қызметін 
жоспарлаушы талдаудың бағыттарын анықтап, оны іске асыруы керек. 
Іс жүзінде талдау жоспарлаудың бір қадамы болып табылмайды, бұл да 
өзгелері сияқты арнайы жоспарланып, ұйымдастырылатын педагогикалық 
қызметтің дербес түрі. Талдау тұтас әрекетті жоспарлау үшін негізді құрап, 
жоспарлауды болжап қояды. 
5-
қадам – талдау нәтижелерін жинақтау. Бұл алдыңғы қадамның қисынды 
соңы, оның нәтижесінде қызметтің, оның ерекшелігінің бейнесі қалыптасуы 
тиіс, яғни деректердің базасы анықталады – қызметті модельдеудің бастау 
алатын нүктесі болып табылады. 
6-
қадам – мақсатты тұжырымдау. Дәл осы мақсат тұжырымдауында 
нәтижелердің алғашқы болжамы орындалады: не үшін, неге қарай жұмыс 
жүргізіледі, натижесінде неге қол жеткізген дұрыс. 
7-
қадам – ұжымдық жоспарлау, ол идеяларды бірлесе іздеу үдерісіне 
қосылуды, жоспарланып отырған жұмысқа қатыстының барлығының 
ұсыныстарын көздейді. 
8-
қадам – белгіленген мақсаттарға, міндеттердің шешіміне, нәтижелерді 
бақылау мен бағалау амалдарына қол жеткізудің құралдарын таңдау. Нақты 
кезеңде белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін мазмұнды, 
әдістерді, технологияларды іріктейді; нәтижелерге жетуде көмегін 
тигізетіндермен әрекеттесу түрлері анықталады. Болжамдау ісі жалғаса береді, 
нәтижелер нақтыланады, дәлелденеді, оларды бақылау және бағалау амалдары 
іріктеледі. 


23 
9-
қадам – оқиғаларды уақыт кеңістігінде реттеу. Уақыттың қандай 
кесіндісі жоспарланып отырғанына байланысты кезеңдер, күндері 
айқындалады; істер мен оқиғалардың қисыны түзіледі.
10-
қадам – жоспарды ресімдеу (жазу). Тәжірибелі педагогтер мен 
жетекшілер бірден қағазға шығарып жоспарлайды. Бірақ өз әрекеттерін қағазда 
егжей–тегжейіне жетіп, дәл, нақты, қысқа баяндау тек ол байыптап 
жасалғанында ғана мүмкін болады. Сондықтан нысанды оңай таңдап, оны 
дереу толтыруға кіріспеген дұрыс [21].
Көрсетілген алгоритм: перспективтік жоспарлауда (бір жылға және одан 
астам уақытқа), мерзімдік жоспарлауда (тоқсанға, жартыжылдыққа), қысқа 
мерзімді жоспарлауда (бір айға және одан аз уақытқа), оперативтік, ағымды 
жоспарлауда (бір күнді, нақты істі жоспарлауда) бірнеше рет қайталануы 
мүмкін. 
Осы мақсатпен талдаудың және жоспарлаудың жүйелілігін нақты 
мерзімдері бойынша анықтап, осы қызмет түрлерін жоспарға енгізу қажет 
(«жоспарлауды жоспарлау» дегендей). 
Жоспарлауды жұмыс алгоритмі түрінде көрсетуге де болады: мазмұндық, 
ұйымдастырушылық, құрылымдық; қадаммен белгіленген алгоритмді 
жоспарлауды келесі кезеңдерге біріктіруге болады: 
1) дайындық: мәнін және уақыт кескінін анықтау, мазмұнын құрылымдау;
2) сараптау: нәтижелер мен бар тәжірибені талдау, талдау нәтижелерін 
жинақтау, диагностикалау; 
3) модельдеу: мақсатты тұжырымдау, ұжымдық жоспарлау, мазмұны мен 
құралдарын таңдау, нәтижелерді болжамдау, оқиғаларды реттеу; 
4) қорытынды (ресімдеуші): жоспардың құрылымын таңдау және оны 
ресімдеу. 
Жалпы алгоритмнің нұсқаларын өзгертуге: азайтуға, кеңейтуге, 
нақтылауға болады. Ол педагогтің тәжірибесіне, біліміне, деңгейіне, жоспарлау 
үдерісінің өтіп отырған жағдайларына байланысты (мысалы, жоспарлардың 
нысанына, оның мазмұнына қойылатын қатаң әкімшілік талаптары бар болса 
және т.б.). 
Балалар мен жасөспірімдер жұмысының жоспары оның құрылымына 
енетін басқа да тұрақты қызмет ететін органдардың («Бос уақыт» Орталығы, 
Баспасөз-орталығы және т.б.) жоспарларын ескереді. 
Балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспары мектептің тәрбие 
жұмысының жоспарымен немесе ұйымның байланысы бар басқа да 
органдарымен келісілуі тиіс. 
Қаралған және бекітілген жоспар орындау үшін міндетті құжаттардың 
қатарына қосылып, ұйымның барлық мүшелерінің назарына жеткізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет