Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет14/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#91517
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз (1)

жан түсініктердің


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
пайда болуынан діни көзқарастың қалыптаса бастағанын байқаймыз, олар: 
тотемизм, фетишизм, анимизм, магияда
да көрініс тапты. 
Орта тас ғасыры (мезолит) климаттағы өзгерістермен белгілі, соған 
байланысты жебе мен садақ және микролиттердің – тас пластиналарды алу 
тәсілі пайда болды, еңбек құралдарын даярлау техникасында өзгерістер 
болды. 
Жаңа тас дәуірі (неолит) ұжымдық еңбек пен өндіріс құрал-
жабдықтарына ортақ меншік үстем болған жаңа құрылымға ие болды. 
Тайпалар өз атауы, территориясы, диалектикасы және өзіндік мәдени-
болмыстық ерекшелігімен бейнеленді. Адам жасанды материал – қыш 
ыдыстарды даярлауды игерді. Шаруашылықтың өнімді формалары: егіншілік 
пен малшылық пайда болды. 
Мысты тас (энеолит) ғасыры Қазақстан территориясында жылқыны 
қолға үйрету және бағу жүзеге асқан кезең (ботай мәдениеті). Ботайлықтар 
Еуразия кеңістігіндегі алғашқы жылқы өсірушілер. Жайық-Ертіс арасындағы 
энеолиттік қоныстардан орасан көп жылқы сүйектері табылды. 
Этникалық мәселелері туралы айтсақ, сол заманда Қазақстан үнді-
еуропалық және орал-алтай қауымдастықтарының шығу аймағы болуы 
мүмкін. Еуразияның барлық халықтары сол этникалық негізден шыққан. 
Алғашқы жылқы өсірушілер жылқыға табыну дәстүрін және көшпелі 
тұрмыстың негізін қалайтын бірқатар элементтер қалыптастырды. Олар 
қазақтар үшін қасиетті «алаш» ұғымынан көрініс тапты. 
2. 
Б.д.д. ІІІ-II мыңжылдықта Орталық Азия даласының тұрғындары
қоланы игере бастады. Қазақстанды қола дәуірінде мекен еткен тайпалардың 
археологиялық ескерткіштері Андронов мәдениетіне жатады (алғашқы қазба 
жұмыстары Андроново селосы жанында–Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы 
іргесінде қазылып табылғандықтан, шартты түрде осылай аталып кетті). 
Оның тараған аумағы Оңтүстік Сібір, Қазақстан, Орал және Орта Азия 
жерлері. Ал Қазақстан территориясы Андронов мәдениетінің негізгі 
орталығы болып табылады. Андронов мәдениеті Қазақстанда – Атасу, 
Бұғылы, Нұртай, Беласардан; Шығыс Қазақстанда – Кіші Қойтас, Қанай, 
Трушников; Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстарында – Шағалы, 
Степняк, Бурабай; Батыс Қазақстанда – Ұралысай т.б. жерлерден табылды. 
Андронов мәдениетін зерттеген ғалымдар: А.Я. Тугаринов, С.А. Теплоухов, 
М.П. Грязнов, К.В. Сальников; қазақстандық ғалымдар Ә.Х. Марғұлан, 
Қ.А. Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, А.М. Оразбаев. 
Зерттеушілер Андронов мәдениетінің туындауын жергілікті энеолиттік 
тайпалармен, енді біреулері Еділ бойындағы тайпалардың бері қарай 
ойысуымен байланыстырады. Көптеген зерттеушілер Андронов мәдениетін 
үнді-ирандық деп есептейді. Антропологиялық тұрғыда оларды еуропеоидтар 
санатына жатқызады. Андроновтық тайпалар – тұрмыстық мәдени 
ғұрыптары мен болмысының бірегейлігімен ерекшеленеді. Олар өзендердің 
салалары мен таулардың етектерінде тіршілік етіп, мал шаруашылығы мен 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
егіншілікті жарыса дамытты, металлургияны өркендетті, әдет-ғұрыптары 
ұқсас болып келді. Андронов мәдениетінің басты белгісі болып мәйітті 
жерлеу кезіндегі әшекейлеу еді. Жерленген мәйіттің басын батысқа немесе 
оңтүстік-батысқа қаратып өлікті бүктей жатқызып қойған. Олардың 
түсінігінше: біріншіден – қабыры бар домалақ оба да әлем іспеттес болуы; 
екіншіден - өліктің қабырда бүк түсіп жатуы нәрестенің жер-ана жатырында 
жатқан күйі деп болжауы. Қабір іргелері ретінде тас плиталардан құралған 
жәшіктер, олардың айналасына қырынан жерге қазылып қойылған тас 
плиталардан қоршаулар жасалды. Мұндай қабір зираттарын қазақ арасында 
«мықтың үйі» деп аталған. Кей – кездерде мәйітті өртеп жіберу тәсілін де 
қолданды. Андронов мәдениетінің келесі белгісі – қыш ыдыстар жасау, олар 
қалып көмегімен немесе қолдан жапсыру тәсілімен әзірленген; бұл тәсіл 
бойынша әуелі ыдыстың түбі, сосын дөңгелектеп бүйірін, дөңгелек-иінін 
және жоғарғы жағын орнатады. Құмыра жасауда оның түбі теп-тегіс болып 
келсе, бейнеленген ою-өрнектерде геометриялық тәсілді қолдануда еді. 
Андроновшылардың құмыра, көзелерін көркемдеп көрсететін ою-өрнектері 
жүздеген жылдар бойы сақталған, олардың қолданған элементтерін қазақтың 
қолданбалы өнерінен осы күнге дейін көруге болады. Андронов мәдениетінің 
келесі ерекшелігі – арнайы әсемдендірілген металл әшекейлердің 
формаларында еді, олар: алтынмен апталған дөңгелек сырғалар, спираль 
тәрізді оралған білезіктер, самайға тағылатын салпыншақтар, әртүрлі 
жүзіктер – зергерлік өнердің ғажайып үлгісі болып табылады.
Андронов мәдениеті үш кезеңге бөлінеді: 
1. Ерте қола дәуірі б.д.д. XVIII-XVI ғғ. 
2. Орта қола дәуірі б.д.д. XV-XII ғғ. 
3. Кейінгі қола дәуірі б.д.д. XII-VIII ғғ.
Орталық Қазақстанда 30-дан астам қоныстар мен 150-ден астам 
Андронов мәдениетінің мәйіттері табылған. Бұл өңірдің тән сипаты – оның 
монументалдығы, мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты 
құрылыс техникасының жетіле түскендігі. Ерте қола кезеңі – Нұра, орта қола 
кезеңі – Атасу, кейінгі қола кезеңі – Бегазы-Дандыбай деген атауларға ие 
болды. Солтүстік Қазақстандағы Петропавл қаласының маңындағы қоныстар 
ерте қола дәуіріне тән ескерткіштерге жатады. Оның бір ерекшілігі – ежелгі 
қалалардың алдын алушылар (протиптер) деп атауға келетін қоныстардың 
пайда болуында еді. Солардың бірі – Челябинск облысы мен Қостанай 
облысының шекарасынан орын тепкен Арқайым қаласы. Орта қола кезеңінде 
үй құрылысы күрт өзгереді, қоныстардың өзіндік жоба-жоспары құрыла 
бастады. Мысалы, тұрмыс кешені деп Батыс Қазақстандағы Тасты-Бұлақ 
қонысын айтуға болады. Бұл жерде ондаған қорымдар мен қоныстар 
табылған. Шығыс Қазақстандағы – Ертіс, Бұқтырма, Алтай және Тарбағатай 
далаларында осындай ескерткіштер табылған. Оңтүстік Қазақстанда және 
Жетісу өңірінде тасқа қашалған Тамғалы және Қаратау петроглифтері 
шалқақтаған өнері көркемдік талғаммен, мейлінше шынайы жасалып 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
отырған. Оларда соғыс арбалары, садақ тартып тұрған адамдар, ғұрыптық 
билерді орындап тұрған бишілер, барлық бейнелердің үстінен «күн басты 
тіршілік иелері» тұр. Қаратаудағы – Таутары қорымы, Арал алқабындағы – 
Тегіскен кесенесі – сан-салалы мәдениетті айқындайтын белгілердің бірі. 
Андронов тайпалары келесі ұрпаққа негіз болатын мәдени іргетасын қалап 
кетті. Ерте және орта қола кезеңінде олар отырықшы болған, аралас 
шаруашылықпен шұғылданып, егін егіп, мал өсірген. Мал шаруашылығының 
өнімділігін бір деңгейде сақтап, оның санын арттыру үшін мал ұстаудың 
жаңа түрлері мен тәсілдері, соның ішінде жайлаулық тәсілі (жартылай 
көшпелі) қалыптаса бастады. Сонымен, үй іргесіндегі тепсеңнен – жайлауға 
көшу, одан көшпелі шаруашылықтың туындауы – қоғамның кәсіппен 
айналысу қатынасына күрделі өзгерістер енгені айғақ болып отыр.
Келесі ерекшелігі, металды өңдеу елеулі орын ала бастады. 
Зерттеушілердің пайымдауынша, кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде 
болыпты. Мәселен, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс қорытылса, ал 
Өспен руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген. Көне металлургияның 
дамуына сондай-ақ, Қазақстанның жер қойнауының байлығы да ықпал етті. 
Ежелгі кеншілер кенді тотықтандыру тәсілін қолдана отырып, жыныстағы 
жез бен қалайының қосындысын көбейте білген. Борпас жыныста кенді 
«қайлалап» өндірсе, ал қатты жыныстарға «отпен өндіру» тәсілін қолданған. 
Сол сияқты, ұзын штольнялар (жасанды үңгімелер) қазған кезде оған ағаш 
тіреулерді пайдаланған. Уақталған руданы арнаулы пештерде балқытқан. 
Ондай пештер Атасу, Суықбұлақ, Қанай ауылының қасындағы қоныстардан 
табылды. Металл балқытумен бірге олар оны шыңдау, шекімелеу, қыспалау 
әдістерін білген. Қолөнершілер шаруашылыққа және тұрмысқа қажетті 
құралдар: орақ, балта, қанжар, найза, жебенің ұштарын жасаған. Металл 
өндірудің көлемі оларды басқа аймақтарға экспорттауға мүмкіндік берді.
Шаруашылықтың дамуы артық өнім мен айырбастың кеңеюіне және 
осылайша байлықтың көбеюіне ықпал етті. Бұл қоғамның әлеуметтік 
құрылымынан көрініс тапты. Қоғамда ерлер басым маңызға ие болды. 
Патриархалдық отбасы үлкен рөл атқара бастады. Қалыптасып жатқан 
мүліктік теңсіздіктің күшеюі, тайпа ақсүйектерінің ішінен көсемдердің 
бөлініп шығу үрдістері, этномәдени бірлестіктердің қалыптасуына ұйтқы 
болды. Әскери және шаруашылық қажеттілігі бойынша күрделі тайпалық 
одақтар қалыптасты. 
Сонымен, б.д.д. II мыңжылдықтың басында Қазақстан территориясында 
мал шаруашылығын, егіншілікті және жоғары дамыған металлургияны 
біріктірген өзіндік кешенді шаруашылық қалыптасты. Мәдени кешеннің 
негізгі көріністері еңбек құралдары мен қару-жарақтардың сапасының күрт 
жақсаруы, қола өндірісін игеру, ат әбзелдері мен жеңіл соғыс арбаларының 
пайда болуы болды. Этникалық тұрғыдан, нәсілдің андрондық компоненті 
Қазақстанның тарихында нәсілдік-гендік үрдісінде аса маңызды негіз болды. 
Қола дәуірі мал өндірісінің шаруашылық ретіндегі даму кезеңі болып 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
табылды. Кетпенді егіншілік дамып, онда жаңа еңбек құралдары қолданыла 
бастады. Б.д.д. II мыңжылдықтың орта шенінде Орталық Азияның далалық 
бөлігінде бақташы тайпалар бөлініп шықты. Б.д.д. ІІ мыңжылдықтың аяғы 
мен І мыңжылдықтың басында (кейінгі қола дәуір кезеңі) Қазақстанның 
далалық аудандарының көпшілік халқы шаруашылықтың жаңа түрі – 
көшпелі мал шаруашылығына ауысты. Тайпаның негізгі көпшілік 
бұқарасынан малшылардың бөліктеніп шығуы – қоғамдық еңбектің алғашқы 
ірі бөлінісі болды. Бойлық бойынша көшуге қалыптасу, өзін-өзі бағып, өз 
аяғымен жүретін төрт түлікті аз күш жұмсап, мол өнім беретін шаруашылық 
көзіне айналдыра білу, түптеп келгенде, салт атты көшпелілердің төлтума 
таным-түсінігі мен мәдениетінің қалыптасуына, уақыт пен кеңістік туралы 
дүниетанымының кеңеюіне, сөйтіп этномәдени болмысының даралауына 
себепші болды. Көшпелілер сол кездегі өзінің отырықшы замандастарына 
қарағанда әлеуметтік-мәдени деңгейі жөнінен әлдеқайда биік, әлдеқайда 
қуатты болды. 
3.
Б.д.д. І мыңжылдықта Қазақстан аумағындағы андроновтықтардың 
ізбасарлары сақтар болды. Ұлы дала тұрғындарының тіршілік тәжірибесі 
көшпелі өмір салттан ғана бақыт табуға болатынына көз жеткізді, далалық 
шаруашылық-мәдени типін саралап, дара болмысын қалыптастыруға себепші 
болды. Сөйтіп, мал өндірісі негізгі шаруашылық түріне айналды. Адам еңбегі 
анағұрлым өнімді болып, кең-байтақ жайылым жерлерді пайдаланып, 
қосымша өнім өндіруге, оны сақтап иемденуге мүмкіндік берді. Мал мен мал 
шаруашылық өнімдері айырбастық құнға ие болды. Мал шаруашылығының 
негізгі 3 түрі: көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық қалыптасты. 
Мыс, қалайы, қорғасын, алтынмен қатар темір өндіріле бастады. Одан ер-
тұрман әбзелдері (үзеңгі, ауыздық), қару-жарақ, тұрмыстық бұйымдардың 
жаңа түрлері жасалды. Көшпелі тұрмыс жаңа баспана түрін – киіз үйді ойлап 
табуға әкелді, арба, күйме қолданылды. Қола дәуірінде алғашқы рулық 
қатынастың ыдырауы жалғасып, ертедегі таптық қатынас қалыптаса бастады. 
Қауымдық меншікпен қатар ішінара малға және жерге деген отбасылық 
меншік нығайды. Ру қауымға орын беріп, рулық институттар өз формасын 
сақтай отырып, ертедегі қауымдық қатынастарға бейімделді. Ерте темір 
ғасыры дәуірінде (б.д.д. І мыңжылдық) тайпалық одақ негізінде мемлекеттік 
бірлестіктер қалыптасты. 
Енді тайпалардың қоныстануы туралы жазба дерек мәліметтерге келсек 
біздің дәуірімізге дейінгі VIII – III ғасырларда Қазақстан даласында сақтар 
мен савроматтар үстемдік құрды. Олардың айрықша қару-жарақтары мен ат-
әбзелдері, киім-кешектері және өнерде «Аң стилі» деп аталатын өзіндік 
ерекше қолтаңба-мәнерлері болды. Қазақстанның бұл ерте дәуір тарихы - 
антикалық авторлар еңбектері мен ежелгі Иран патшалары қалдырған 
жазбаларында жақсы сипатталған. Әсіресе, Қазақстан жерінде мекендеген 
ежелгі көшпенділер туралы жазбаша деректі - Заратуштра пайғамбардан 
қалған қасиетті «Авеста» кітабында шынайы мазмұндама көрініс табады. Ол 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
- жалғыз құдайға сенім келтіретін әлемдегі алғашқы дін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет