Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет10/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#91517
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз (1)

егемендік кезеңі
(1991 
ж. бастап) – шынайы бетбұрыс дәуірі басталды.
Қазақстан тарихы к
өшпелі өркениет 
эволюция үрдісінде ерекше вариант 
қана емес, сонымен қатар, адамзат тарихында 
мәнді
және 
ажыратылмайтын 
фактор
деп қарастырған жөн.
Көшпелі өркениеттің мәнін айқындайтын ерекше белгілер: 
Ол неолиттік дәуір мен индустриалды қоғам аралығында орын алып
өзіне сәйкес құбылысын жаратқан мәдениет. 
- «Ажыратылмайтын біртұтастық» идеясы дүниетанымдық көзқараста 
негізгі рөл атқарды, ол – сакралдық
 сана-сезімі

- Адам категориялары: сапа, өлшем, кеңістік және уақыт ұғымдарымен 
айқындалды. 
- Рухани өмірдегі Тәңірлік ұстаным Дүние және Адам сипатын 
түсіндірді: имандылық, тылсым дүниені меңгеру, ырық және білімге 
ынталылық. 
- Қоғамдық-саяси ұйымдасу жүйесі дамыған ру-тайпалық және әскери-
әкімшілік қатынас симбиозын құрған тұрақты әлеуметтік-саяси қалып 
жүйесін құрды. Соған сәйкес іріктелген ерекше топ – «ақсүйек» әулеті 
негізделді. 
- Айырбас сауданы, сауда - ішкі және сыртқы, әсіресе халықаралық 
сауданы (Ұлы Жібек жолы) жаратты. 
- Таста қашалған жазудан бастап, қағазда көмкерілген өзіндік алфавиттік 
жазба туындысы - ұлы істердің бірі болды. 
- Айқындаушы түрде ерекше орын алатын туындылардың бірі – ауыз 
өнері, әсіресе «Шежіре». Ол тарихи деректерден өзге, генеалогиялық және 
этногенетикалық мәліметтерді бейнеледі. Жырау поэзиясы - рационалдық 
құбылыс, далалық интеллектуализм, өзінше көшпелі өркениеттік театры. 
2. 
Кез-келген өмір сияқты, адамның тіршілік етуінің өзі де уақытта
өтеді. Мысалы: балалық-ересектік-жасөспірімдік-кәмелеттік-қарттық-өлім – 
осы фазалардың барлығының өзінің уақыттық өлшемдері бар. Уақыт -
барлық тіршілік ету, өзгеру және даму процестері сипаттамаларының 
құрама бөлігі, бірақ онымен сәйкес келмейді. Уақыт ештеңе өндірмейді,
бірақ барлық қатынастар уақыт аралығында болады. Тарихи уақыт
салыстырмалы. Ол баяу немесе қарқынды болуы мүмкін. Өйткені уақыт
болмыс түрі сияқты, тіршіліктің ұзақтығын және кез-келген жүйелерде 
күйлердің ауысу тізбектілігін білдіреді. Сондықтан бір күні басталып 
туындағаны мен бір күні аяқталатыны сияқты, сол немесе өзге тарихи 
құбылыстың 
уақыттық қасиеттерін
анықтау үшін, тарихи ғылым кезеңге 
бөлу мәселесіне жүгінеді. Оның сипаттамасында тарихи процестің бір 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
бағыттылығын ғана емес, сонымен бірге, тұтас алғанда тарих барысының ірі 
жалпылануын байқауға болады. 
Отандық ғылымда Қазақстан тарихын кезеңге бөлу ылғи да өзекті
мәселелердің бірі, оның шешілуі сол сәтте болған ғылыми жетістіктерге 
байланысты болды. Кезеңдестіру тарихи процесті реттеуге, жүйелендіруге 
ұмтылды. Оның шешіміне қоғамның қаңқасын салу; тұтас тұжырымдама 
құру; тарихтың барысын жалпылап қорыту; тарихи процестің ерекше 
критерилерін айқындау байланысты болды. Тарихи ғылым дамуының қазіргі 
замандағы деңгейі Қазақстанның жалпы тарихын кезеңге бөлуді анықтауды 
ғана емес, сонымен бірге, амалды (тәсілді) таңдауды, кезеңге бөлу туралы 
зерттелетін мәселені әзірлеуге бастама салуды талап етеді.
3. 
Отандық тарихтың көптеген өте маңызды проблемаларын табысты
зерттеу деректану жағдайына тікелей байланысты болады: археологиялық,
этнографиялық, антропология, лингвистика деректері, ауызша (фольклор) 
және жазбаша деректер. Сонымен бірге, пәнаралас деректерінің жиынтығын 
жұмылдыру кешенді амалдардың бірі болып табылады.
Тарихи деректердің негізгі міндеті – тарихи деректердің пайда болу 
заңдылықтарын және олардың шындыққа қатынасын зерттеу. Деректану 
тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда болды. Алғашқы жазба деректер 
тек нақты тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде пайдаланып, 
зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа 
деректердің біртіндеп енуіне байланысты бір тарихи оқиғаның, құбылыстың 
не процестің әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде 
бейнелейтіні көріне бастады. Сондықтан, ол деректерді зерттеу, бір-бірімен 
салыстыру, сол арқылы шындықты іздеу қажеттілігі пайда болды. Ұзақ 
жылдағы зерттеу тәжірибесі барысында қолданылған әр түрлі тәсілдер 
негізінде деректерді зерттеу әдістемесі қалыптасты.
Ежелгі кезеңдегі Қазақстан тарихын (тас дәуірі) зерделеуде жазба
ескерткіштердің жоқтығынан жалғыз және басты дерек - археология және
антропология деректері болып табылады.
Алғашқы жазба дректеріне «Авестада» - зороастрий қасиетті кітаптар 
жинағында кездеседі. Бұл кітапта арийлер, турлар, сақтар, аргипейлер, 
исседондар, аримаспалар туралы мәлімет береді. Келесі жазба деректеріне 
«Гилгамеш туралы жыр» (б.д.д. XXIV ғасыр), Бехистун жазбасында (б.д. д. 
552-486 жж.), антикалық тарихшылардың Геродоттың, Страбонның, 
Птоломейдің еңбектерінде, Қытай тарихшылары Чжань Цянь (б.д.д. II 
ғасыр), Сыма Цянь (б.д. д. 145-86 жж.), Бань Гу (б.д. I ғасыр). 
Ежелгі мәтінге Ыстық қорғанынан табылған «Күміс тостаған» жатады. 
Онда 26 таңбадан тұратын жазу бар. Бір ғалымдардың пікірі бойынша жазу 
түркі жазуының руно алфавитімен орындалған, басқалары «белгісіз» хат 
пікірін ұстанады. 
Сақ дастандарына: «Алып Ер Тоңға» немесе Фирдоуси нұсқасы 
бойынша «Афрасиаб» деп атайды және «Шу» дастаны жатады; Ғұндарға -


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
«Оғыз-қаған», «Аттила», «Көк бөрі» және «Ергенекөн», Түрік Қағанаты 
дәуірінде - «Күлтегін», «Тоныкөк» және «Белгі қаған» сияқты туындылар 
жарық көрді. 
Скандинавия және Оңтүстік Германия әдебиеттерінің ескерткіштерінен 
де маңызды нақтылы мәліметтер жинауға болады, онда («Нибелунгтар 
туралы әннен») басты кейіпкер ғұндардың көшбасшысы Аттиланың (Еділ, 
Атли, Этцель) өмір баяны суреттелген. Аттила бейнесіне XVIII ғ. француз 
драматургы Пьер Корнель «Ғұндар патшасы Аттила», XVIII-XIX ғғ. неміс
драматургы Вернер Цахарияс «Аттила», XIX ғ. ағылшын ақыны Герберт 
«Аттила және оның ұрпақтары», итальяндық сазгер Джузеппе Верди 
«Аттила» операсын жазған, ал француз суретшісі Делакруа бір аттас 
картина салған.
Орта ғасыр кезеңінің Отандық тарихы бойынша маңызды нақтылы
деректер араб, парсы және еуропалық жазушы-географтардың,
саяхатшылар мен тарихшылардың: Ибн әл Факихтің (X ғ. басы), Ибн 
Батуттың (XIV ғ.), Ибн Хордадбектің (820-912), Тамин Ибн Бахтың (IX ғ.), 
Қазақстанға XIII ғ. келген Плано Карпинидің, Гильома Рубруктың, Марко 
Полоның еңбектерінде келтірілген. 
VI-ХІV ғғ. Түрік деректерінің стилі бойынша әр түрлі: эпитафия-
жазбалар, тарихи-көркем, шаруашылық-тұрмыстық, діни және заңды 
мәтіндер. «Бітік», «Кодекс», «Диван», «Күлтегін» сөздері қолжазбаны 
білдірді. Олардың құнды жазба әдебиетіне ХІІІ ғ. жазылған, «Куманикус 
кодексі» (Қыпшақтардың құт ісі) сөздігі, оғыз-қыпшақ үстеуінде латын 
алфавитімен жазылған, онда қыпшақтың күнтізбелік және фольклорлық
материалдары, латын-парсы-қыпшақ және қыпшақ-неміс-латын сөздіктері 
бар. 
Х-ХІІ ғасырлар түркі мәдениетінің гүлдену уақыты, оның «Алтын
ғасыры» болып табылады. Тура осы кезеңде (авторлары араб, парсы және 
түркі тілдерін пайдаланған) энциклопедист-ғалымдар Әл-Фарабидің, Әбу 
Райхан Бирунидің, Авиценнаның, Омар Хайямның, Жүсіп Баласағұнның,
Қожа Ахмет Яссауидің, Махмұд Қашқаридің өлмес шығармалары жазылды.
Қазақтың тарихшыларына Мұхаммед Қайдар Дулатиді (1500-1551) 
«Тарих және Рашиди», Ибн Рузбиханды (XVI ғ. басы) «Бұқарлық қонақтың 
жазбалары», Өтеміс Қажының (XVI ғ. бірінші жартысы) «Шыңғыс наме», 
XVI ғ. белгісіз автордың «Шейбани наме», Әбілғазы ханның «Түріктердің 
шежіре бұтағы» (XVII ғ. бірінші жартысы), Қадырғалы Жалайырдың (XVII 
ғ. басы) «Жылнамалар жинағы» жатқызамыз.
Қазақстан тарихын зерделеуге орыс ғалымдары: Н.Я. Бичурин (1777-
1853) «Ежелгі уақытта Орта Азияда мекендеген халықтар туралы
мәліметтер жинағы», А.И. Левшин (1799-1879) «Қырғыз-қазақ немесе 
қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамалары», В.З.
Вельяминов-Зернов 
(1830-1904) 
«Қырғыз-қайсақтар 
туралы 
тарихи 
мәліметтер», В.В. Бартольд (1869-1930) «Жетісу тарихының очерктері»,


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
«Түркістан тарихы», сондай-ақ, бүгінгі күні де өздерінің маңыздылығын 
жоғалтпаған, В.Н. Татищев, Г.Ф. Миллер, П.И. Рычков, Т.Ю. Клапрот, 
В.В. Радлов, Ф.Э. Фишер, К. Риттер, Н.А. Аристов және А.Н. Харузин үлес 
қосты.
Отандық тарихтың мұрасына: Ш. Уәлиханов (1835-1865) «Абылай», 
«Қырғыз шежіресі», «Алтышар жағдайы туралы», «Даладағы мұсылмандық 
туралы»; Ә. Бөкейханов (1866-1937) «Қазіргі мемлекеттердегі ұлттық
қозғалыс түрлері», «Кенесары Қасымов сұлтанның тарихқа арналған
материалдары» және т.б.; Ш. Құдайбердиевтің (1858-1931) «Шежіре»;
М. Тынышпаев (1879-1937) «Қырғыз-қазақ халқының тарихына арналған 
материалдар» бай ғылыми мұра енгізді.
Қазіргі замандағы әлемдік тарихнаманы да Қазақстан тарихы 
қызықтырады. Осы мәселе бойынша зерттеулер нәтижелері зерделеу 
орталықтары Францияда, Германияда, АҚШ-та, Англияда, Түркияда,
Финляндияда және көптеген басқа шетелдерде бар. 
Тарихи деректанудың жалпы тарих ғылымындағы алатын орнын 
анықтау үшін оның қосымша тарихи пәндер мен басқа да тарихи 
зерттеулердің арақатынасына зер салу керек. Тарихи деректерді зерттеумен 
көптеген қосалқы пәндердің айналысатыны белгілі. Олардың жалпы саны 30-
дан асады: 
-
эпиграфика – тастағы, металдағы, сүйектердегі, ағаштардағы 
жазбалар; 
-
нумизматика – теңгелердегі жазулар; 
-
сфрагистика – мөрелердегі жазулар; 
-
геральдика – ел таңбаларындағы жазулар; 
-
полиграфия – жазу материалдары мен құралдарын, жазу 
ерекшеліктерін зерттеу; 
-
папирология – папирустардағы жазуларды зерттеу; 
-
текстология - әдеби ескерткіштердегі текстер тарихын зерттеу; 
-
дипломатика – заң актілерін зерттеу; 
-
хронология – тарихи оқиғалардың дәл уақытын анықтау; 
-
метрология - өлшем жүйесін тарихи дамуында зерттеу; 
-
тарихи география - өткеннің географиялық тарихын зерттеу; 
-
генеалогия – адамзаттың, жеке адамдардың шығу тегін зерттеу, т.б. 
Сонымен, қазіргі деректануда екі проблемалар кешені қаралады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет