Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
бастады. Алтай аймағында сатылап құрылған орда құрылымы VІ ғасырда
түрік
атауымен тарих сахнасына шықты. Қытайлықтар туцзю, тюркут, соғдылар –
турк, туркут, византиялықтар, арабтар, ирандықтар – түріктер деп атаса, орыс
деректерінде половец пен печенегтермен қоса торк атауын да кездестіреміз.
Түрік қағанатының алғашқы кезеңіне байланысты ескерткішті археологтар
1968
жылы
қазіргі
Монғолия
территориясында
тапқан
болатын.
Шапқыншылықтан аман қалған бала мен бөрінің бейнесі осы
ескерткіш
құлпытасында
бейнеленген. Генеалогиялық аңызға сәйкес түркі тектес елдің
бабасы он жастағы ұл баланы – қасқырдың анасы асырап алыпты. Одан туған
он бала Алтайдағы тайпалардың басын қосқан, Алаша дәстүрін жандандырған
– Түрік-Ашина әулеті түрік әлемінде ұйтқы болды.
Тарихи сабақтастық
мұрындық болған түркілердің өміріндегі негізгі компоненттері ерте дәуірде
қалыптасқан еді. Орталық Азияның түркі тілдес, сонымен қатар енисей
қырғыздары, қыпшақ тобы, теле немесе оғыздар –
Ашина ұрпақтары болып
табылады.
Түрік қағанатының құрылу уақыты VІ ғ. бастау алса да, онда түріктік
мәдени компоненттердің бірігуімен қатар, олардың дербестікке деген нышаны
да қатарласып жатты. Осы жайттар небәрі жеті ғасырда түркі тектес елдің он
шақты мемлекет құрғанын білеміз: Көк Түркілер қағанаты, Шығыс Түрік, Батыс
Түрік, Түркеш, Қарлық, Ұйғыр, Хазар, Оғыз, Қыпшақ, Қарахан, Қимақ, Найман
және тағы басқа.
Ерте түрік мемлекеті – Түрік Қағанаты (551-603) 551 жылы Бумын
басшылығымен пайда болды, тайпа көсеміне Қаған лауазымы тағылды. Оның
мұрагерлері Қара-қаған (552-553), Мұқан-қаған (553-572), Таспара-қаған (572-
581) билік құрды. Тарихи деректер: «Қытай мемлекеті
алым-салық төлеуге
мәжбүр болды; іргелес қоныстанған – Парсы, Византия елдері саяси-
экономикалық қатынас орнатты», - дейді. Махмұт Қашғари: «түріктердің
күнбатыста Ұрым (Рим), күншығыста Қытайға дейінгі байтақ, сегіз мың фарсах
шамасындағы жерді иемденгенін», - жазып кеткен болатын.
Сонымен, түрік елі бір әулет билігіне топтасты. Күрделі дамыған
империялық басқарудың саяси құрылымын жаратты. Шаруашылығы әр
типті халықтар мен елдерді өзіне бағынышты және мұқтаж етті.
Мұқтаждық - әулетке тікелей бағыну немесе алым-салық төлеумен реттелді.
Көшпенділердің құрған мемлекеті империя (қағанат) түріне айналды. Осы
тұрғыда Түркі қағанаты ғұндар дәстүрін жалғастырып, еуразиялық империя
құрылымын жасады.
Ежелгі түріктер
ерекше
өркениет
ошағын құрды. Біртұтас билік
шеңберінде болмыстың жаңа серпінді формалары көрініс тапты, оның жаңа
коммуникативтік құралдары ретінде – урбанизация үрдістері
жанданды,
қалаларды салды, дүниетанымда - фәлсафалық талпыныстарымен әлемдік
«Тәңір» дінін жаратты, мәдениеттің қажетті межесі деп - Ұлы Дала болмысына
тән
Достарыңызбен бөлісу: