Бодун – Ел - Бұйрық
,
«Халық – Мемлекет
– Заң»
,- деп айқын көрініп тұр. Саяси тұрғыда
Ел
деңгейіне көтерілген тайпа
одағы – ру, арыс, тайпа бірлістіктерінен құрылды. Ру-тайпалық құрылым –
халық және әскери-әкімшілік құрылыс – Ел дәрежесінде бірін-бірі толықтырып
отырды. Қаған – мемлекетті ұстап, халықты басқарды. Ол жоғарғы сот, жоғарғы
абыз, әскери қолбасшы, генеалогиялық сатыда тайпаның үлкені ретінде
көсем
рөлін атқарып, жаулап алған халық пен мемлекеттерге алым-салық төлеттірді.
Қаған – саяси билікке ие бола тұра, тайпа аристократиясы - бектерге сүйенді.
Бек – қаны мен жаратылысы жағынан дәстүр негізінде ақсүйек тұқымына
жатты. Түрік елінде аристократияның элитасы болып Ашина руы есептелді.
Осы ерекше сословия тобынан Жоғарғы Империя Әулеті құрылды -
кеңесшілер, жоғарғы әскери басшылар, әскери-әкімшілік лауазымдағы
бастықтар. Халықтың негізгі бұқарасы «қара бодұн» деп аталса, тәуелді ең
төменгі жігі «тат» деп аталды. «Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас»
деген сөз түрік билеушілердің бәрінде де осындай тәуелді адамдардың
болғандығын дәлелдейді. Түркі қауымының құрылымы ғасырлар бойы
қалыптасып, көшпелі-әскери тұрмыс салтының мақсаттары мен міндеттеріне
бейімделді.
Ішкі қырқыс, әлеуметтік қайшылық және сыртқы саяси себептер Түркі
қағанатын ойсыратып жіберді. Ақырында 603 жылы өз ішінен «Шығыс Түрік
қағандығы» және «Батыс Түрік қағандығы» деп екіге бөлінді. Сол уақытта
Қытай - Суй әулеті (581-618) кезінде күшейіп, Шығыс қағанаты оларға тәуелді
болып қалады. Осы ұзақ дағдарыстан Құтлық - Эльтериш қаған уақытында азат
болып, Білге қаған және Күлтегін кезінде Шығыс қағанаты бекіді.
Батыс Түрік қағандығы құрылған кезде, ол «Он оқ бодұн» - «бес арыс
дулат», «бес тайпалы нүшиби» деген атауларымен ұйымдасып - Алтай тауынан
Қаратау тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Арал-Каспий теңізіне дейін
созылған кең алқапты алып жатты. Қағандықтың негізгі ордасы – қазіргі
Жоңғар ойпаты мен Жетісуда бекінді. Соғды, Бухара, Гиндукуша, Исфиджаб,
Чача жерлерінде қағанның адамдары үстем құрып отырды. Ұлы жібек жолы
бойындағы өркендеген саудасы бар Батыс қағанаты, зор кеңістікті игерудің
тиімді тәсілін қолданды. Мал шаруашылығы мен отырықшы егіншілік түрі қоса
жүретін бірегей жүйесі, қала мәдениеті бар дамыған мемлекет болды.
Шаруашылық мәселелерді шешу
саудаға
байланысты болғандықтан Ұлы Жібек
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
жолын бақылап, өркендеуіне қағанат игі ықпал жасап отырды. Сауданың
өркендеуіне байланысты ақша айналымы пайда болды, сауда мен қолөнердің
орталық қалалары гүлденді. Олар: Қүлан, Тараз, Мерке және т.б. Шу
алқабының өзінде 18 шақты дамыған қалалар болды. Қалаларда өндіріс
құралдарын жасайтын темір өңдеу кәсібі, қыш-құмыра өндірісі, тоқымашылық,
ағаш өнері, тері өңдеу, тағы да басқа кәсіптер өркендеді. Ұлы Жібек жолының
сауда керуендері осы қалаларда дамылдап, әртүрлі тауарларын сатып, өздерінің
көлігін малшылардан толықтап алып отырды, сонымен бірге, бұл қалалар ішкі
айырбас пен сыртқы сауданың тұрақты орталығына айналды.
Батыс Түрік Қағанатының этникалық құрамы: Ашина түріктері, үйсіндер,
қаңлылар, түргештер, ұйғырлар, қырғыздар, қарлықтар, оғыздар, қимақтар,
қыпшақтар, яғни көпшілігі шыққан тегі жағынан туыстас – қытай
жылнамаларынан келтіргендей Шаньюй (ғұндар) тегінен еді. Яғни, бұл үрдіс
этникалық тәртіптің немесе жалпытүріктік этникалық сана-сезімнің - түріктік
(ұлттық) идеологияның қалыптасуымен аяқталды. Біртұтас билік шеңберінде
мәдени-өркениеттік –
империялық стандарттар қалыптасты.
Батыс түрік пен Шығыс түрік қағандығының мемлекеттік басқару жүйесі
ұқсас болды. Жоғарғы билеушісі қаған, кейінгі лауазымдар: жабғы, тегін, шад,
еркін, тарқан, бек, бұйрық, шор, елтебер, тұтық деп аталды. Бұл лауазымдар
атадан балаға мұрагерлік жолымен ауысып отырды. Барлығы 28 дәрежелі
лауазым иелері болған ақсүйек тегіне жататын империялық билік институтын
құрды. Астанасы Суяб қаласы, ал жазғы резиденциясы Түркістан маңындағы
Мыңбұлақ болды.
Мемлекет ішінде өріс алған дағдарыс ыдыраушылықты асқындырды,
соның негізінде Таң патшалығының көмегімен Батыс Түрік қағанаты 630-634
жылдары Сырдариядан батысқа қарай созылған ортаазиялық иеліктерінен
айырылып қалды. Он алты жылға созылған тайпалар арасындағы соғыс пен
әулеттік қырқыстардың (640-657) аяғы, 657 жылы Жетісуға кең көлемде
бағытталған Таң патшалығының жорықтарымен аяқталды. Қағанат жеңіліс
тапты, енді қағандықты қытайдың тағайындаған адамы басқарды. 704 жылы
Батыс Түрік қағанаты құлады. Оның соңғы қағанын түркештер өлтірді. Енді
батыс түрік қағандығының орнына Түркеш қағандығы құрылды.
2.
Түргештердің көсемі Үш Елик 699 жылы Батыс Түрік қағанатындағы
қытай императорының тағайындаған басшысын жойып, өз билігін орнатты.
Түркештер - Іле мен Шу өзені аралығын, Іле Алатауынан Балқаш көлінің
оңтүстігіне дейінгі өңірін мекендеді. Шығые пен Батыс арасындағы сауда-
керуен жолының осы Жетісу өңірін басып өтетін басты бөлігі түркештердің
бақылауында болды. Бұл жағдай олардың әскери-саяси және шаруашылық
қуатын арттыра түсті. Сонымен қатар, отырықшы егіншілік ошағы, біршама
көркейген қалалары бар бай өлке еді. Түргеш әулетінің негізін салушы, 699-
706 жылдары билік құрған - Үш Елик Қаған еді, олардың ордасы Шу
бойындағы Суяб қаласында болды, кейін Тараз қаласына көшірілді.
Түргештер екі тайпалық жікке бөлінді: Іле өзені жағалауын мекендегендері –
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
қара түргештер, Шу бойындағылары – сары түргештер. Жетісуда үстемдігін
орнатам деушілердің бірі – Қытай мен Араб Халифатына қарсы Түргеш
қағанаты қажырлы күрес жүргізді. Үш Елик Қаған және оның ұлы Сақал
Қаған кезінде (706-711) Түргеш Қағанаты Мәуреннахрдағы араб
шапқыншылығына тойтарыс бере білді. Әсіресе, араб басқыншыларына
қарсы нәтижелі күрес Сұлу Қаған кезінде (715-738) жүргізіледі. Ол сыртқы
саясаттағы дипломатиялық құралын шебер қолдана білді, Шығыс қағанат пен
Тибет патшаның Бикеш қыздарына үйленді, Қытайдың құлқындарын
жұдырығында ұстай білді. Бірақ қауіп Араб Халифатынан төніп тұрды,
Сұлуды өз жағына тартпақшы болған ниеттері жүзеге аспағандықтан, оған
Абу Музахим (бодающий) деген атау тақты.
VІІІ ғасырдың ортасында Жетісу алқабы үшін Қытай мен Арабтардың
мүдделері қақтығысып, соның салдарынан Тараз қаласының маңындағы
Талас бойында 751 жылғы шілде айында Талас шайқасы болды. Хорасандағы
аббасид халифы Абу Муслим жіберген араб әскері Гао Сянь Чжи басқарған
қытай әскеріне тойтарыс бере алды. Қытайлықтарды жеңуде шешуші шайқас
қарлықтардың ерлігіне байланысты болды. Бұл шайқас үлкен маңызға ие
болды: біріншіден, қытайлықтар Қазақстан жеріне ендігі жерде ішкі ісіне
араласпақ түгіл, қолдарын ұзақ уақытқа дейін сұға алмады; екіншіден,
Қазақстанда Ислам мәдениетінің ықпалымен өзара байланыс дәуірі басталды.
Осы кезде Алтай тауын мекен еткен қарлұқтар күшейе түсті. Олар
түркеш қағандығын жеңіп, өзіне бағындырды. 756 жылы Түркеш қағандығы
құлады да, өкімет билігі қарлұқтардың қолына көшті. Түргеш Қағанатының
құлауы Ашын әулетінің жойылуына әкеледі. Батыс Түрік Қағанатының
орнында түркі тілдес халықтардың бірнеше мемлекеті пайда болады:
Солтүстік Тянь-Шань мен Жетісуда - Қарлықтар мемлекеті (756-940);
Сырдарияның төменгі сағасында, Арал жағалауында – Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ
ғғ. басы); Ертіс бойы мен қазіргі Солтүстік және Орталық Қазақстан
далаларында – Қимақтар (кейінірек қыпшақтар) мемлекеті (ІХ ғ.-ХІ ғ. басы);
Қарахан әулетінің мемлекеті (942-1210); Қыпшақтар Хандығы (ХІ ғ. басы-
1219); Еділдің төменгі сағасы мен Солтүстік Кавказда – Хазарлар мемлекеті;
Орталық және Солтүстік-Шығыс Азияда сондай түркі тілдес, туыстас
тайпалардың мемлекеттері пайда болды: Ұйғыр Қағанаты (745-840) және
Қырғыз Қағанаты (840-1124).
Қарлұқ туралы алғашқы деректер V ғ. жатады, ол кезде олар «бұлақ»
деген атпен мәлім болыпты. Ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштері
«үш қарлұқ» (қарлұқтардың үш тайпасы) атын Алтай тауы мен Балқаш
көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс тепкен көшпелі тайпалардың қуатты
одағына да таратқан. Ерте орта ғасырды зерттеген ғалымдар бұл атауға ірі-ірі
үш тайпаны біріктіреді: бұлақ, шігіл және ташлық .
742 ж. Шығыс Түрік Қағанаты құлап, билік үш тайпаның: қарлұқтардың,
үйғырлар мен басмылдардың одағына көшеді. Алайда 744 ж. тайпалар
арасындағы қақтығыс ұйғырлардың жеңісімен аяқталады. Орталық Азияда
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
жаңа мемлекет - үйғыр қағанаты (744-840) пайда болады. Өзінің одақтасы
ұйғырлармен бәсекеге түскен қарлұқтар жеңіліске ұшырап, Жетісу жеріне
қарай ығысуға мәжбүр болды. Жетісуға келген қарлұқтарға Түргеш
қағандығы тойтарыс бере алмады. Сөйтіп, 756 жылы түргеш қағандығының
орнында Қарлұқ Қағандығы құрылды. Көсемдері - Елтебер, билеушілері -
Жабғы, ал 840 жылдан бастап - Қаған лауазымын алды. Қарлық мемлекетінің
негізгі аумағына шығыста Жоңғар Алатауынан, батыста Сырдарияға дейін,
солтүстікте Балқаш көлінен, оңтүстікте Ыстықкөлге дейінгі жерлер қарады.
Қарлұқ конфедерациясына халықтар этникалық жағынан бір тектес
болмады, олардың ішінде түрік тілді тайпалар мен иран тілді-соғдылар, Таяу
Шығыс пен Орталық Азия елдерінен ауған келімсектер бартұғын. Ықпалы
бар аймақтарда, тұрғындарды түріктендіру үрдісі қызу жүріп жатты. 840 ж.
Енисей қырғыздары үйғыр қағанатын жойып, ұйғырлар Түрфан мен
Ганьчжоу аймағына еріксіз көшуге мәжбүр болады. Бұл оқиғаны қарлұқ
жабғысы Білге Күл Қадыр-хан шебер пайдаланып, ел билеуге жаңадан қаған
атын алады.
Қарахан мемлекетінің (942-1210)
негізін салушы – қарлықтар
бірлестігіне кіретін шігіл тайпасынан шыққан Сатық Бегре хан (915-955).
Ортағасырлық авторлар қарахандардың әуелгі аумағы Орталық Тань-
Шаньнің оңтүстік-шығысы мен Қашғардың солтүстік бөлігі деп санайды.
Кейіннен, Сатық пен оның ұлы Мұсаның (Байташ) кезінде бұл хандыққа
Орталық Тань-Шань, Жетісу, Ферғана, Мәуреннахр қосылады, иеліктің
батыс шекарасы Әмудария өзені мен Арал теңізіне, солтүстігі Балқаш көліне,
шығысы Алакөл мен Тарбағатай тауларына дейін созылады. Ордасы Шу
жазығында болса, астанасы Баласағұн қаласы болды. Қарахан мемлекеті
1041-1042 жылдары тәуелсіз екі мемлекетке бөлінгеннен кейін Батыс
Қағанаттың астанасы Үзкент, кейін Самарқан қаласы болса, ал Шығыс
Қағанаттікі Баласағұн, кейіннен Қашқар қаласы болды. Сөйтіп, Мәуреннахр
батыс қарахандардың иелігіне, Шығыс Түркістан мен Жетісу шығыс
қарахандардың иелігіне қарады.
ХІІ ғасырдың бірінші жартысы бір кездегі қуатты империяның
тарихында
аумалы-төкпелі
жылдарға
айналады.
Орталық-азиялық
тайпалардың: қидандардың, наймандардың және керейттердің жаңа легінің
шабуылы, селжүктер әулетімен болған аяусыз күрес, өзара қырқыстардың
көбеюі Қарахандар мемлекетінің күйреуіне әкеп соқтырады.
Қарахан әулетіне байланысты болған маңызды оқиғаның бірі – Сатық
Бегре хан 955 жылы (мұсылман аты - Әбд-әл-Керим) мұсылман дінін
қабылдап, Ислам мемлекеттік дінге айналуымен атап өтеді. Енді, елді
исламдандыру көне түрік руникалық жазуын тықсырып, араб әрпіне
негізделген жаңа түрік жазуының түзілуіне жеткізеді. Сөйтіп, түркілер Ислам
әлемінің мәдени кешеніне енеді.
Қарахан әулетіндегі мемлекеттік құрылымның бір өзгешілігі - әскери
басқару әкімшілік басқарудан бөлінуі еді. Жер иеленуде – Икта институтын
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
енгізді. Иктаның бірнеше түрі болды. Атап айтқанда, икта үлгісіндегі жер
сыйлықтары ірі, орташа және ұсақ жер сыйлықтарына бөлінді. Әскери икта
да көп тарады. Икта алған әскер басшылары оны өздеріне бағынышты
жауынгерлерімен бөліске салды. Үлес мөлшері адамдардың қызметіне,
әскери дәрежесіне және сіңірген еңбегіне байланысты болды. Иктаны екінші
біреуге беру арнайы қағазбен (грамота) расталды. Иктамен қатар жер
иеленудің басқа түрлері де болды. Қарахан билеушілері казынаға түсетін
салық көзі — үлкен жер бөліктерін иеленді. Мұндай ірі аювр бөліктері
жаудан тартып алынған жерлерден кірді. Мұсылман дінбасыларының
қарамағында да ірі жер бөліктері болды. Ол жерден мемлекет пайдасына
салық алынбады. Жалпы икталық жүйе әлеуметтік жіктелудің күшеюіне,
дамыған қатынастардың мемлекеттік деңгейін бейнелеп берді. Бұл кезеңде
мемлекет құрамындағы халықтарды біріктіруші «түрік» термині бұрынғы
жалпылықтан этникалық тұрғыдағы тар мағынаға ие бола бастайды. Қазіргі
Қазақстан аумағы мен Орта Азия арасында тығыз территориялық-
шаруашылық байланыстары орныға бастайды.
Қидандар туралы алғашқы дерек V ғ. жатады, олар ол кезде Қиыр
Шығыстағы Уссури алқабында мекен еткен. Ол X ғ. күшті одақ құрып,
қытайдың солтүстікке қарай көптеген жерлерін бағындырып, Ляо
патшалығын (907-1125) құрды. Сол кезде олардың жерлері Қашғардан
қытайдың Ұлы қамалына дейін созылып жатты. Осы әулет қытайға өз атауын
берді (қытай – киданның жерлері деген ойды белгілейді). Амурдан келген
Чжурчжень тайпалары Сунь патшалығымен одақтасып, кидандармен
соғысады. Бұл соғыс Ляо мемлекетінің іргесін шайқалтып, кидандардың
батысқа қарай жылжуын мәжбүр етеді. Соның салдарынан қидандардың
көсемі Елюй Даши Еміл өзенінің бойына жетіп, аттас қала салып, 1225 ж.
бастап үстемдік ықпалын кеңейтетін дәуірін бастайды. Қарахан әулетіндегі
тайпалар арасындағы тартыс қидандардың күшеюіне жол ашады. Замандас
деректердің келтіруі бойынша: «Түркістан патшалары» қара қытайлардың
(қидандардың атауы) көмегімен бірін-бірі «бағындыру және талқандау»
әрекеттерін жүргізді, ал бұл жағдай қидандардың күшеюіне және кеңеюіне
жол ашты,- деп, шынайы оқиғаларды баяндап берді. Аталған себептер Ляо
әулетінің ханзадасы Елюй Дашиға өз үстемдігін Шығыс Түркістаннан
Амударияға дейін орнату қиынға түспеді. Ол Гурхан лауазымын алды. 1141
жылы орта азия жерлерін қосып алды. Сөйтіп, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан,
Мәуреннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына енеді.
Бір ерекшелігі, Қидандар өзіне бағынған аймақтардың билеушілерін
құлатпай, вассал (кіріптар) ретінде алым-салық төлеуді ғана мәжбүр етті.
Мемлекетте басталатын түбегейлі өзгерістер Қидандардың соңғы Гурханы
Чжилугу билік құрған кезге байланысты. Шыңғысханнан жеңілген
наймандардың көсемі Күшлік хан 1208 жылы Жетісуға келіп, қоныстана
бастайды. Ақырында Қидандардың дәуірі наймандардың заманымен
алмасады.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Достарыңызбен бөлісу: |