№ 40 Тақырып. Доппен жеке жаттығу. Алаңда қарсыластың көңілін
аулау, жеке алаңда өзіндік әрекет жасау. Бірнеше мүмкіндіктері бар
шешімдердің ең тиімдісін, рационалдысын таңдай білуі керек. Доппен ойнау
алаңының әртүрлі жерінде игере білу. Допқа денені бір-ақ рет тигізіп қана
ойнау. Допты лақтыруды ауытыру арқылы шабуыл флангін ауыстыру. Өзіне
сенімділікпен қарап ойынды өз мойынына алу.
Жаттығулар:
1. Ойыншы допты тоқтаусыз алға және артқа 5-10 м қашықтықта жүргізіп,
допты басқа біреуге теуіп, доптың артынан жүгіре отырып допты тартып алу
керек те допты тоқтаусыз жүргізіп отырып, тағыда басқа біреуге береді және
қайтадан допты қуалап алдыңғы жаттығуларды қайталап отырады.
2.Ойыншы допты өзінен тура шамамен 10 м қашықтыққа лақтырады да,
допқа ұмтылып, оны қуып жетіп 90 бұрышқа лақтырады. Онан соң тағыда
допқа ұмтылып, тағыда допты 90 бұрышқа лақтырады және т.т. Мұндай
жайдағы доп тотқтаусыз шарщы түрінде орын ауыстырып домалап отырады.
Сағат бағыты бойынша допты аяқтың ішкі табанымен айналдырады, ал сағат
бағдарына қарсы допты аяқтың оң аяқтың табанымен айналдырады. Берілген
жаттығуды аяқтың сыртқы табанымен орындауға болады.
3. Бұл жаттығуда алдыңғы жаттығудай орындалады, бірақ мұнда допты оң
және сол аяқпенде айналдырады.