Допты ойынға кіргізу қақпашының тактикалық міндетінің бірі болып
табылады. Допты ойынға кіргізуді жерден аяқпен немесе қолдан аяқпен соғу
арқылы жүргізуге болады.
Жаттығулар:
1. Қақпашы өз серігімен немесе алаңдағы
ойыншылардың біреуімен бір-
біріне 20м қашықтықта қарама-қарсы тұрады, серіктестері допты кезектесіп
қағып алады және оны артқа қарай бағыттайды.
Егер қақпашы алаңдағы
ойыншымен жаттықса, онда соңғысы допты кеудемен, жамбаспен, табанның
ішкі бөлігімен тоқтата алады және оны керек жерге жібереді. Екі ойыншы
аралығын біртіндеп ұлғайтып 40 м-ге дейін жеткізуге болады.
2. қақпашы қақпада тұрады, алаңдағы ойыншы (бірінші) 10-15м қашықтықта
қақпашы бағытына қарай соғады және сол сәтте-ақ оған жүгіреді. Допты
иеленген қақпашы,
жалған қозғалыстарды қолданады,
бірінші ойыншыдан
кетіп, допты қолынан аяқпен тебеді немесе
иықтан бір қолымен екінші
ойыншыға лақтырады. Доптың қақпашыда
екенін көрген екінші ойыншы
допты алудың ыңғайлы позициясын таңдау керек. Допты серіктесіне берер
кезде қақпашы оның допты оңай алуға болатынына көз жеткізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: