6-бөлім. Мектеп жасына дейінгі балаларды кеңістік және уақыт
ұғымдарымен таныстыру әдістемесі........................................................66
6.1 «Кеңістік» және «уақыт» ұғымдарының мазмұны...........................................66
6.2 Жасерекшелік топтарында кеңістік ұғымдарымен таныстыру әдістемесі....68
3
6.3 Жасерекшелік топтарында уақыт ұғымдарымен таныстыру әдістемесі........69
7-бөлім. Мектепке дейінгі ұйымдарда қарапайым математикалық
ұғымдарды қалыптастыру оқу әрекетін жоспарлау ............................74
7.1 Жоспарлау түрлері...............................................................................................74
7.2 Математикалық даму үрдісін ұйымдастыру формалары.................................75
7.3 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу-әрекеті.............77
7.4 Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың мектеп жасына дейінгі
балаларға әсері немесе бала мен техника.....................................................83
4
Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы жолдауында мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту саласынның сапасын көтеру туралы сөз қозған, яғни білім
беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті
дамытуға және командада жұмыс істей білуге
басты назар
аударылуда. Олай
болса, мектепке дейінгі кезеңнен бастап сапалы да, саналы білім берілу тиіс
[16].
Масару Ибуканың “Үш жастан кейін кеш” (после трех поздно) кітабында,
мектеп жасына дейінгі баланың ерте жастағы дамуы туралы зерделеген
болатын [12]. Яғни, зерттеу нәтижелері бойынша барлық адам баласы дүниеге
келгенде бірдей мүмкіндікпен келеді және де оқу және тәрбие, орта баланың
дүниеге деген көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді деген ойда.
Сәбилік кезең -өте сезімтал кезең болып келеді, осы жас аралығындағы
балалардың танымдық, психо-физиологиялық ерекшеліктерін уақытылы
дамыту арқылы өмірге деген көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасай
аламыз. Ал одан кейінгі, мектепке дейінгі кезеңде- ерте балалық шақта
жинақтаған білімдерін тереңдетуге көмек бере аламыз. Демек, болашақта
балалардың кім болатыны және қандай білімге толы болуы осы жас кезеңдеріне
тәуелді. Сол себепті, мектепке дейінгі ұйымдарда және отбасында сапалы білім
берілуі тиіс.
Ол үшін, біз өз тарапымыздан студенттерді, болашақ тәрбиешілерді
даярлауда әдістемелік пәндер ерекшеліктерін, мектеп жасына дейінгі
балалардың психо-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, «Қарапайым
математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі» бойынша оқу-әдістемелік
құрал дайындалды. Бұл оқу-әдістемелік құралда болашақ тәрбиешілер
қарапайым математика оқу әрекетін ұйымдастыруда ескерілу тиіс жағдаяттар
ғана емес, сонымен қатар, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
әдістемесінің теориялық-әдіснамалық негізі қарастырылған.
Оқу-әдістемелік құрал мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
стандартына және де үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтитын
бөлімдерден тұрады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың пайдасы және зияны,
оларды қолдану тиімділігі қарастырылған. Сонымен қатар, қосымша әлем
мүмкіндіктері қолданылған (арнайы бағдарламаны көшіру).
Оқу-әдістемелік құрал болашақ мамандарды кәсіби жетілуіне, сондай-ақ
тәрбиеші мамандығының жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді деген
ойдамыз.
|