8
1939 жылға дейін Ленинград балабақшасы санауға Л.В. Глаголеваның
әдістемесіне негізделіп, таныстырған. Оның сандарды санау және бейнелеу
арқылы үйретуге сүйенуді ұсынды. Сондай-ақ әдістерді бірнеше түрлерін
ұсынған:
-
тәжірибелік әдіс;
-
иллюстрациялық;
-
зерттеушілік;
-
көрнекілік;
-
ойын әдістері.
Үшінші кезең – ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастау алды.
Мектепке
дейінгі қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың ғылыми
дидактикалық негізделген жүйесі құрылды. Оның мазмұнын анықтау,
балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен тәсілдері,
дидактикалық
материалдар жинақтала бастады. Балаларды оқыту үрдісінде А.М. Леушина сан
және санау түсініктерін дамытудың теориясы мен әдістемесін ұсынды.
Төртінші кезең – ХХ ғасырдың 60-70 жылдары. Сан және санау
әрекеттерінің даму заңдылықтары зерттелініп, балаларды ерте жастан бастап
таныстыруды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан негіздей бастады. Ерте
жастан бастап балалардың қабылдау ерекшеліктерін
ескере отырып педагог-
психологтер оқыту материалдар, дамытушылық ойындар, әдістемелік құралдар
жазды. Бұл кезеңнің негізгі зерттеушілері: И.А. Френкель, Н.А. Менчинская,
Н.Н. Лежавы, А.М. Леушина, Н.Г. Бакст. Ал, ХХ ғасырдың 80 жылдары
ұарапайым математикалық үғымдарын қалыптастыру әдістемесінің түрлі
мәселелері зерттелінді. Келесі
зерттеушілерді атап айтсақ, Т.В. Тарунтаева,
В.В. Данилова, Г.А. Корнилова, Т.Д. Рихтерман еңбектерінде баяндалды.
Бесінші кезең – ХХ ғасырдың 80-90 жылдары. Білім беру жүйесіндегі
өзгерістерге сәйкес мектепке дейінгі қарапайым математикалық түсініктерді
қалыптастырудың біршама жаңашыл идеялары ұсынылды. 80 жылдардан
бастап әдістеменің мазмұнын жаңарту жолдарымен қатар,
жаңашыл әдістерді
қарастыру басталды. Қазақстандағы математиканы зерделеуші ретінде педагог
Енді алтыншы кезең ретінде ХХІ ғасырдың педагог-зерттеушілердің
қосып жатқан үлестерімен бөліскіміз келеді. Атап өтсек, Құрманалина Ш.[13],
Оспанов Т.Қ.[17], Абдрахамонов Қ., Ермекбаева А.[1], Баймұратқызы Б.[6],
Сансызбайқызы М., Қосанов Б.[14], Акпаева А.Б., Лебедева Л.А.[2], Балабаева
А.И. [7] және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: