6
-
бағдарламалық-нұсқау құжаттары;
-
алдыңғы қатарлы педагогтар тәжірибесі, отбасы және балабақшадағы
қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бойынша инновациялық
педагогикалық тәжірибелері[7,5].
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі дамып,
жаңа нәтижелерін көрсетіп келе жатыр.
Баланы тұлғалық жағынан жан-жақты қарастыратын, оқыту мен
тәрбиелеу үрдісін зерделейтін ғылымдармен тығыз байланыстарын көре
аламыз. Соның ішінде, мектепке дейінгі педагогикамен тығыз байланысты, бұл
пән мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие және оқыту үрдісін ұйымдастыру
формалары, әдіс-тәсілдерін, негізгі қағидалары
жөніндегі білімдермен
қамтамасыз етеді. Жеке әдістемелер мектеп жасына дейінгі балаларды
оқытудағы интеграцияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді: тіл дамыту және
оны оқыту әдістемесі, дене тәрбиесі теориясы және оны оқыту әдістемесі,
музыка және оны оқыту әдістемесі және т.б. баланың толыққанды
математикалық түсініктерді меңгеру үрдісі жүреді.
Математиканы оқыту баланың танымдық процестерінің ерекшеліктері
мен заңдылықтарын есепке ала отырып жүргізіледі, ол өз кезегінде психология
ғылымдарының зерттеу пәні болып табылады. Қабылдау, ойлау, сөйлеу тек
қана
қызмет етіп қоймай, сонымен бірге оқу үдісінде дами түседі.
Психология тұрғысынан заттарды қабылдау, кеңістікті және уақытты
бағдарлау,
санау
баланың
психологиялық
ерекшеліктерімен
және
заңдылықтарын, білім мен іскерлікті меңгерудегі балалардың жас
ерекшеліктерін анықтайды, сондай-ақ баланың математикалық дамуының жеке
бағытын сүйемелдеу жолдарын көрсетеді.
Оқыту үрдісін рационалды түрде ұйымдастыру балалалардың
анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асады.
Демек,
анатомия, физиология және балалар гигиенасы
пәнімен байланысын
айқын көре аламыз. Мектепке дейінгі жастағы балалардың физиологиялық
үдерістердің өту заңдылықтары балалардың әрбір жасына арналған оқыту
түрлерін, орнын және ұзақтығын анықтау үшін негіз болып табылады.
Қазіргі кезде информатикамен байланысты ерекше атап өту керек. Бүгін
мектеп жасына дейінгі балаларға арналған
информатика бойынша арнайы
бағдарламалар әзірленді. Балаларды математикаға үйрету үшін арнайы
компьютерлік орта ұйымдастырылып жатыр.
Әртүрлі ғылымдармен байланыс математикалық түсініктерді дамыту
әдістемесінің теориялық негізін құрайтынына көз жеткіздік.
Бұл пәнде болашақ тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбие
мен оқытудың үлгілік бағдарламасы сәйкес келетін мазмұнды меңгереді және
теориялық біліммен қаруланады. Атап айтсақ, қарапайым математиканың
тарихы, педагогикалық-психологиялық негізі, жиын, сан және санау ұғымдары,
заттың өлшемі, геометриялық пішін мен денелер, кеңістікте және уақытты
бағдарлау деген ұғымдарды кеңірек алдағы тарауларда қарастырамыз.