Дениет философиясы


А) Мәдениет философиясы теоретикалық пән ретінде



Pdf көрінісі
бет5/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
nuradin-madeniet

А)
Мәдениет философиясы теоретикалық пән ретінде 
Мәдениет философиясы, культурфилософия
(немісше «kulturphilosophie» - 
ХІХ ғасырдың орта шенінде болмыс, әлем және ондағы адам сынды 
философиялық мәселелерінің шектеулі әрі қажетті құрамдас бӛлігі ретінде 
мәдениет дамуының мазмұны мен ықпалды даму мүмкіндігін, мәні мен 
мағынасын зерттейтін философия бӛлімі болып қалыптасты. 
Мәдениет 
философиясы
 
– мәдениетті болмыс, сана, қоғам, тұлға және т.б. философиялық 
проблемалар контекстінде қарастыратын философиядағы ӛзіндік бағыт. 
Мәдениет философиясы
- мәдениетті адамның іргелі түпкі сипаты, оның 
анықтамаларының бірі ретінде түсінеді. 
«Мәдениет философиясы»
терминін 
алғаш рет ХІХ ғасырдың басында адамзаттың мәдени шығармашылығын 
белгілеу үшін 
А. Мюллер
енгізді. Әйтседе мәдениет философиясының 
проблематикалары сонау ертегректік софистер кезінен мақұлданған болатын. 
«Мәдениет философиясы» мәселесін ғылыми айналысқа енгізген 12 томдық 
«Мәдениет философиясы» (1923-29), «Мәдениет және этика» (1960) 
еңбектерінің авторы, теолог, дәрігер, музыкант, қоғам қайраткері, неміс-француз 
ойшыл-гуманисті 

Альберт Швейцер
(1875-1965) мәдениет философиясының 
теоретигі болып саналады. Философия ғылымдарының докторы, теология 
докторы, медицина докторы, әлемдік Нобель сыйлығының және Франкфурттік 
Гете сыйлығының лауреаты Швейцер ӛзінің философиялық ұстанымының 
негізіне әлем туралы ілімді емес, нақ ӛмірдің ӛзін қойды да дәл осы принципін 


ӛркениеттің кері ықпалдарына қарсы «сүзгіш» ретінде қарастырып, одан 
адамзаттың моралды жетілуінің жетістігін кӛрді. Швейцердің адамзат 
болашағына деген оптимистикалық кӛзқарасы діни нақышта болды. Оның 
дүниегекӛзқарасы 
әртүрлі 
философиялық 
концепцияларды 
біріктіріп 
қарастырғандықтан, бірқалыпты жүйеде болған жоқ. Швейцер мәдениет 
философиясында мәдениеттің бірлігі мәселесі ерекше орынға ие. Оның ойынша 
еуропалық мәдениет шығыс мәдениетінің құндылықтарын теріске шығарып 
немесе шеттетемін деп кӛп нәрседен айрылып қалды. 
«Үнді ойшылдарының 
дүниегекӛзқарастары» 
атты еңбегінде Швейцер ӛзара түсіністік пен ӛзара етене 
араласудың соншалықты қиындығына қарамастан Батыс пен Шығыс 
мәдениеттері бір-бірімен үйлескен және тек ӛзара әрекетке барғанда ғана бірі 
екіншісін толықтыра алады деп атап кӛрсетті. Қазіргі заманғы жалпы 
планетарлық ақпараттық кеңістік жағдайындағы ұлттық және аймақтық 
мәдениеттердің ӛзара толығуымен ӛзара ықпалын Швейцер әлемдік 
жалпыадамзаттық мәдениеттер бірлігіне апаратын шынайы жол деп 
қарастырды.
ХІХ ғ. басындағы 
мәдениет философиясы
XVIII ғ. соңындағы 
революциялық оқиға байланысты бейбітшілікке бағытталған ағартушылардың 
белгілі әрекеті болды. Ағартушылар сенген ақылдың патшалық ету кезеңі бола 
қоймады. Мәдениетке бағытталған кӛзқарастардың орталығында тұрған 
рационалды индивид сынақтан сүрінді. Ол әдеттер мен наным-сенімдерге 
таңылған қырсық әрі құбылмалы болып шықты, оған Мен де Биран 
философиясындағы 
«Мен»
теориясы дәлел бола алады. Бір ғана ұрпақ кӛз 
алдында ӛзгерген қоғам оның ӛміріндегі абсолюттік уақыттан тыс заңдардың 
спекулятивті жағдайына күмән туғызды, ал жаратылысты ғылымдар дамуы 
болса, жағымды ілімдерге сүйенген адам мен қоғам туралы айғақтар алу 
міндетін алға тартты. Мәдениет философиясының ары қарайғы қалыптасуы 
үшін институттардан тыс адамның жеке еркіне және ӛзінің ішкі заңдарына 
тәуелсіз органикалық бүтіндікті сипаттайтын қоғамдағы ӛзгерістер маңызды 
болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет