теоретикалық негіздемелер арқылы ӛтеді. Оның морфологиялық және
құрылымдық (статикалық); процессуалды (динамикалық); генетикалық,
салыстарамалы-тарихи процедуралары арқылы ажыратуға болады.
Мәдениет – қоғамдық экономикалық
формациялардың алмасуына
байланысты дамитын тарихи құбылыс. Мәдениет түрлерінің ӛте кӛптігі және
олардың әрқайсысының жекедаралығы әлеуметтік концепция болып табылатын
«мәдени-тарихи типтер»
теориясының негізін қалады.
«Мәдени-тарихи
типтер»
теориясы сызықтық-еуропоорталықтық тарих концепциясы мен
тарихи процестердің эволюционистік түсіндірмесіне қарсы тезис ретінде
қалыптасты. Бұл теорияның негізін қалаушы -
Н.Я. Данилевский.
Оның ары
қарайғы дамуы О. Шпенглер, А. Тойнби, П. Сорокин еңбектерінде ӛз жалғасын
тапты. Осы
«мәдени-тарихи типтер»
теориясының
жақтаушылары Кант,
Гегель және Гумбольдтен бастау алған қоғамдық-тарихи мектепке
шоғырланды.
Жаратылыстанушы, философ, әлеуметтанушы Николай Яковлевич
Данилевский
«Ресей және Еуропа»
(1869) атты ерекше еңбегінде О.Шпенглер
мен А.Тойнбиден бұрын бір-бірімен және қоршаған ортамен үнемі үзіліссіз
күресте болатын тірі ағзаларға ұқсас
«мәдени-тарихи типтердің»
тіршілік
ететіндігі туралы идеяны негіздеген болатын. Олар да биологиялық түрлер
сынды табиғи алдын-ала
анықталған пайда болу, гүлдену, қартаю және ӛлім
стадияларынан ӛтеді. Н.Я. Данилевский оның тарихи түрде ӛзіндік пайда
болуын 4 топқа бӛледі:
діни, мәдени, саяси
және
әлеуметтік-экономикалық
.
Оның есептеуінше тарих жүрісі мемлекеттілік арқылы «этнографиялық»
күйден ӛркениеттік деңгейге дейінгі жолда бірін-бірі ығыстырып отыратын
«мәдени-тарихи типтер»
ауысуымен айқындалады. Ғалым біріңғай әлемдік
мәдениет тіршілігін теріске шығарды. Оның
пікірінше, адамзат тарихы ӛзіндік
жеке дара мәдени-тарихи типтерден құралады және даму сатысы барлық әлемге
бірегей, жаппай жүруі тиіс, ал батыс Еуропа тарихи ерекшеліктерінің бар
әлемге еш қақысыз кӛшірілуі дұрыс емес. Мәселен, славяндық мәдени-тарихи
типті дамыту және сақтау Ресейдің тарихи міндеті. Батыс Еуропа,
Ресей мен
славяндыққа кері кӛзқараста, сондықтанда славян халықтары ӛздерін жоюға
ұмтылған батысқа қарсы күреске дайын болып, мықтап бекінуі тиіс, ол үшін
славяндардың басын біріктіру қажет. Н.Я. Данилевскийдің
мұндай қызықты
ойы мәдени-тарихи типтер концепциясын жасаушы кӛптеген ғалымдардың
назарына ілігіп, біршама талқылау-тартысқа түсті. Кітап автор қайтыс болғанан
кейін де оның досы Н. Страховтың қадағалауымен бірнеше рет қайта басылып
шықты. Ӛз ойын қорытындылай келе, Н.Я. Данилевский тарихи дамудың
бірнеше
жалпы тұжырымдарын
Достарыңызбен бөлісу: