бес заңға
негіздейді.
1 заң.
Ешқандай терең филологиялық ізденісті тудырмайтын, шығу
тектерінің тікелей қатынасы сезіліп тұруы үшін барынша ӛзара жақын, жеке
тілі немесе тілдер тобымен сипатталатын кез-келген тайпа немесе халық
қауымдастығы, егер ол ӛзінің рухани жатырынан тарихи дамуға қабілетті және
балалық шақ уақытынан ӛткен болса, онда ӛзіндік мәдени-тарихи тип құрады.
2 заң.
Ӛркениеттілік ӛзіндік мәдени-тарихи типке тән және халық ӛзіне
тиесілі саяси тәуелсіздікті пайдалану үшін пайда болуға және дамуға қабілетті.
3 заң.
Бір мәдени-тарихи типтің ӛркениеттік бастауы басқа типті халыққа
берілмейді. Әрбір тип ӛзі тіршілік кешіп отырған немесе қазіргі заманғы
ӛркениеттің, яғни бӛгденің әсерін азды-кӛпті ала отырып, ӛзі үшін ӛзіне
жасайды.
4 заң.
Ӛркениет әрбір мәдени-тарихи типке тән, олай болса ол тек әрдайым
толығып отыруға, әртүрлілікке және байлыққа қол жеткізеді. Әртүрлі
энографиялық элементтер және оны құрайтындар тәуелсіздікті пайдалана
отырып, федерация немесе мемлекеттің саяси жүйесін құрмаса бір саяси
тұтастықта бола алмайды.
5 заң.
Мәдени-тарихи типтердің даму жолы, ӛсу кезеңінің ұзақтығы
белгісіз, бірақ гүлдену және жеміс беру сәтінде салыстырмалы қысқа, олар
ӛмірлік күшін соңғы рет ӛсім бергенде жоқ етіп жіберетін кӛпжылдық
бірұрықтық ӛсімдікке жақын.
Орыс тарихшысы Ю.В. Яковец пікірінше тарихи цикл идеясы жаңа емес.
Біздің дәуіріміз басталғанға дейінгі рим тарихшысы Полибийдің 40 томдық
«жалпы тарихы» және қытай тарихшысы Сыма Цяньнің «тарихи жазбалары»
қоғам тарихын айналым, циклдік қозғалыс ретінде қарастырды. Үлкен тарихи
циклдер идеясын біздің дәуіріміздің басында араб тарихшысы
аль-Бируни
ұсынды; бірнеше ғасырдан соң осы идеяны Тунистен шыққан
Ибн Халдун
жалғастырды. Қайта ӛрлеу кезіңінде тарихи процестегі цикл идеясын француз
тарихшысы
Дж. Вико
қарастырды, ал неміс философы әрі тарихшысы
Иоганн
Гердер
ХVІІІ аяғында жазылған «Адамзат тарихының философиясына деген
ойлар» еңбегінде тарихтың генетикалық бастамасы мен ғарыштық масштабтағы
дәуірлер арасындағы кезеңдік ауытқуларды айрықша зерттеді. ХІХ ғасырдың
екінші жартысында К. Маркс пен Ф. Энгельс тарихи прогрестің түпкі негізі
іспеттес қоғамдық-экономикалық формациялардың кезеңдік ауысу идеясының
негізін қалады. Локалды ӛркениеттің
мәдени-тарихи типі
туралы идеяны 1869
жылдың ӛзінде-ақ орыс тарихшысы Н.Я. Данилевский ұсынған болатын; бұл
идея дами түсіп, 1918 жылы О. Шпенглердің
«Еуропаның батуы»
атты
кітабында жарияланды.
Неміс философы және мәдениет тарихшысы О. Шпенглер
«Еуропаның
батуы»
(1921-1923) атты кітабында тарихты мәдениеттер ауысымы ретінде
қарастырады. Онда әрбір мәдениет құдды
«ағаза»
сынды ішкі бірлікпен
бітіскен және ӛзі сияқты басқа «ағзадан» жекеленген. Шпенглер мәдениеттегі
жалпыадамзаттық сабақтастықты терістейді. Ол адамзат тарихындағы
8
мәдениетті
атап кӛрсетеді: египеттік, үнділік, вавилондық, қытайлық, грек-
римдік, византиялық-исламдық, батысеуропалық және орталық америкадағы
майя мәдениеті. Ғалым есебінше орыс-сібір мәдениеті жаңа, келешек санатына
кіреді
(Шпенглер О. Закат Европы. Очерки морфологии мировой истории. Т.1: Образ и
действительность. - ВО.: Наука Новосибирск, 1993. - 389 с.).
Ағылшын тарихшысы және әлеуметтанушысы А.Дж.Тойнби ӛзінің 12
томдық
«Тарихты зерттеу»
(1934-1961) еңбегінде адамзат дамуын
«ӛркениеттер» айналымы рухында мазмұндауға ұмтылып, бұл терминді
«мәдениеттің» синонимі ретінде қарастырды. Алғашқыда Тойнби тарихты
паралелді және жалғасымды дамушы, бір-бірімен генетикалық тұрғыда аз
байланыста және кӛтерілуден құлдырауға, сӛнуден ӛшуге дейінгі кезеңдерді
бірдей ӛтетін «ӛркениеттер» жиынтығы ретінде қарастырды. Кейінірек барлық
танылған мәдениеттер әлемдік діндермен (христиандық, исламдық, будистік
және т.б.) сусынданған деген қорытындыға келіп, бір адамзат «тарих
бәйтерегінің» бұтағы іспеттес деген ой айтады. Олардың барлығы бірлікке
ұмтылады, себебі олардың әрқайсысы оның бір бӛлігі болып есептеледі.
Дүниежүзілік тарихи даму қозғалыс түрінде локалды мәдени жалпылықтан
бірыңғай жалпыадамзаттық мәдениетке қарай жылжып отырады.
8
«ӛркениетті»
айқындаған О.Шпенглерге қарағанда А.Тойнби оларды 20-30-ға
дейін санап, ең соңында
13
санына тоқтады. Тарихтың қозғаушы күшін
құдіретті
«басқарудан»
бӛлек,
жекелеген
жарқын
тұлғалар
мен
«шығармашылық азшылық» құрайды деп есептейді ғалым. Олар аталмыш
мәдениеттер тастаған ішікі әлеммен рухани қажеттілік
«шақыруына»
жауап
береді, нәтижесінде
«жауап»
келіп түскен сол немесе басқа қоғам дамуы
қамтамасыз етіледі. Аталынған «шығармашылық азшылық» ӛзінің мистикалық
«ӛмірлік парызын» қарапайым ӛмірге айналдыруға қабілетсіз және тарих
«шақыруына» жауап бере алмаған жағдайда ол ӛз билігін беделімен емес, қару
күшімен кӛрсететін «мемлекеттік элитаға» айналады. Жатсынған, шеттетілген
бұқара халық «ішкі пролетариатқа» айналып ақыр соңында аталмыш ӛркениетті
бүлдіреді, әрине егер ол оған дейін табиғи апаттардан ӛздігінен құрып кетпесе.
Ӛзінің жұмыстарында нәсілдік пен «еуропаорталықтықты» объективті түрде
теріске шығарған Тойнби ұлт-азаттық қозғалыстарға жанашырлықпен қарап
барлық халықтар арасындағы ӛзіндік түсіністікпен ынтымақтастықты жақтады
(Тойнби А. Постижение истории. - М.: Прогресс, 1990. - 150 с.).
Мәдени-тарихи мектеп
19 ғ. орта шенінде пайда болған Еуропадағы
интеллектуалды дәстүр. Мектептің негізін қалаушы және басты теоретигі -
француз ғалымы И. Тэн. Оның ізбасарлары Германияда - Г. Геттнер, В. Шерер;
Данияда - Г. Брандес; Итальяда – Де-Санктис, Ресейде – А.Н. Пыпин, Н.С.
Тихонравов және басқалар. Мәдени-тарихи концепция бағыты негізінде
Конттың философиялық позитивизмімен Сент-Бева әдеби сынындағы
«биографиялық тәсіл», неміс ағартушыларымен романтиктерінің кешеуленген
культурологиялық концепциясы және Ф. Гизо, О. Тьерридің француздық
романтикалық историографиясының жекелеген ой-пікірлері топтастырылған.
И. Тэннің теоретикалық зерттеулерінде екпін айғақтар арасындағы қалыптасқан
заңдылықты байланыстарға түседі. Тэн бойынша ӛнер шығармашылығына тән
ерекшеліктер былай түсіндіріледі: «нәсіл» - туа біткен ұлттық темперамент;
«орта» - әлеуметтік жағдайлардағы климаттық және табиғи шарттар; «сәт» -
дәстүрлердің ықпал етуі. Осылайша түсіндірілген айғақ кӛптүрлі жан-жақты
факторлар ауқымында адасып сіңіп кетті.
Осы мектептің ірі теоретиктері мен практиктері Пыпин, Тихонравов,
Шахов, ағайынды Веселовскийлер этнографиялық ескерткіштер, халық
шығармашылығы, ескі әдебиеттерге аса қызығушылық танытты. Олар дамудың
ӛзіндік әдеби заңдылығын шеттетіп, ӛнер шығармашылығын мәдени-тарихи
дәуірдің белгілі бір ескерткіші ретінде түсінді. Нәтижесінде әдеби жанрлар,
бағыттар, поэтикалық әдістер мен формаларға деген қызығушылық тӛмендеді.
Мәдени-тарихи мектептің Н.И. Стороженко, Н.П. Дашкевич сынды жекелеген
ӛкілдері бұл ілімнің тарлығын түсініп, одан шығар жол ұсынды. Осылайша
мәдени-тарихи мектеп
орыс ұлттық әдебиетінің тарихы, салыстырмалы-тарихи
әдебиеттанудың принциптерін дайындауда үлкен еңбек сіңірді. Мектеп әдеби
даму заңдылығын, оның жалғасымды сиаптын орнатты, мәтіндік қорытынды
тәжірибесін жинады. ХХ ғасырда
мәдени-тарихи мектеп
бағыт ретінде тарап
кеткенімен, оның концепцияларының іздерін кӛптеген ғалымдар еңбектерінен
кездестіруге болады. Тіпті 60 жылдарға дейін шетелдік (В. Паррингтон – АҚШ,
М.Пидаль – Испания, «университеттік сын» - Франция) және ресейлік (П.Н.
Сакулин, Н.К. Писканов) ғалымдар жұмыстарынан кӛрніс тапты.
Этнографиядағы
мәдени-тарихи мектеп
ХХ ғасырдың басында мәдени
бағыт ретінде пайда болып, мәдениеттің қайта туылуы бір жерде бірнеше рет
болады деген ойды мақұлдады. Оның әртүрлі халықтарда болуы ең бастапқы
орталықтың таратылуынан деп түсіндірген бағыт, оны ғылыми тілде мәдени
миграционизм, диффузионизм деп те атайды.
Мәдени диффузия
дегеніміз –
белгілі бір тарихи мәдениеттің қасиеттері мен ерекшеліктерінің басқа
мәдениеттерге таратылуы. Материалды және рухани мәдениет элементтерінің
сол немесе басқа территорияда белгілі бір тұстарының сәйкес келуі «мәдени
шеңбердің» жасақталуына алып келеді. Нәтижесінде мәдениет тарихы
тұйықталған циклдік бірнеше «мәдени шеңберлердің» жапсырмалануы мен
ауысуын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |