теоретикалық негізін жасақтау. Философия кӛптеген ғасырлар бойы дами келе
жоғарғы мәдени құндылықтардың жинағына айналды. Сонымен қатар
философиялық мәдениетте адамның жалпы мәдениетін, оның тұлғалығын,
әлемге, қоғамға және басқа адамдарға деген қатынасын сипаттайды
(Кононенко
Б.И., Културология в терминах, понятиях, именах. Справочное учебное пособие: М.: «Щит-
М», 1999. – 225 б.)
.
Философиялық мәдениет
– бұл ойлау мәдениетінің де кӛрсеткіші болып
табылады.
Ойлау мәдениеті
– ӛзіндік дамуға бағытталған жеке дара ойлау
мүмкіндігі және индивид ойында қалыптасқан формалар мен канондардан шыға
алу қабілеті. Танымдық процестерде ойлау мәдениеті интеллектуалды
жетілудің жоғарғы дәрежесі бола алады.
«Ойлау мәдениеті»
деп аталатын
жалпы философиялық категория «даналық» категориясына сәйкес келеді.
Ойлау мәдениетінің жоғарғы кӛрсеткіші болып табылатын
сӛйлеу мәдениеті
тілдік құралды түрлі жағдайларда қолдана білу және жеке дара сӛйлеудің
белгілі бір тілге сәйкестігімен анықталады. Лингвистердің есептеуінше
сӛйлеу
мәдениеті
дегеніміз айтылған сӛздің анықтығы, нақтылығы, дұрыстығы және
тазалығы, ондағы диалект, ӛте қарапайым сӛздер, белгілі бір кәсіптік терминдер
мен басқа тілдік және жаргон сӛздердің орынсыз қолданылуынан аулақ болу.
Сонымен бірге мәдениетті сӛйлеуге шешендік, логикалық құрылымдық, тіл
байлығы, сӛздік қор, грамматикалық конструкциялардың әртүрлілігі мен
кӛркемдік айшықтық тән.
Сӛйлеу
- ойды толығымен жеткізетін қатынас құралы,
кәсіби қару.
Философиялық мәдениет
құрылымындағы қатынас мәдениеті негізінде
адамның адамға деген гумандық кӛзқарасы жатыр. Танымал педагог, академик
В.А. Сухомлинский: « ... біздің ӛміріміздің мағынасы – адамдар қатынасының
бақыты. Бақыт адамдардан алыстау емес, біздің ең жоғарғы қажеттілігіміз ...
адамға деген қажеттілік болсын» - деп жазды. Қатынас мәдениетінің
философиялық мәні ізгіліктің алтын ережесінде екені хаһ. Оның атрибуттарына
тоқтала кетсек: ізеттік, құрмет, әдептілік, ескертпелік, міндеттілік және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: