Жабдықтар мен материалдар.
Ашытқылар өсінділері. Пфейффер фуксинімен боялған
актиномицеттердің препараттары. Микробиологиялық ілмектер. Пфейффер фуксинінің, метилен көгі және
т.б. бояғыштардың ерітінділері. Люголь ерітіндісі, физиологиялық ерітінді. Зат және жамылғы шынылары.
Пинцеттер. Спирт шамдары. Микроскоптар. Кестелер.
Актиномицеттер (сәулелі саңырауқұлақтар) –
бір жасушалы, грам оң микроорганизм. Олардың
бойында бактериялар мен қарапайым саңырауқұлақтардың қасиеттері бар. Актиномицеттердің мицеттердің
бұл қасиеті оларды саңырауқұлақтарға жақындатады. Гифтердің жуандығы бактериялардың жуандығындай,
сондықтан оларды бактериялар сияқты микроскоптың иммерсионды жүйесі арқылы зерттейді. Олардың
мийелийлер, сонан соң олардың колониялары барқыт тәрізді үлпілдек болады. Актиномицеттердің
колониялары тығыз консстенциялы болып, қоректік ортамен берік байланысады, сондықтан препарат
дайындау үшін оларды субстратпен бірге алып шығады.
Актиномицеттер пигмент түзіп, әр түрлі (қызғылт, қызыл, қоңыр, қара және т.б.) түстерге боялады.
Актиномицеттердің түрлерін үлпілдек мицелийлерінің құрылысы арқылы анықтайды. Мицелийден
споралары бар спора сақтаушылар таралады (жеміс беру органы). Актиномицеттер аэробтар, ет пептонды
агарда (ЕПА(, 30-35
0
С-та жақсы өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |