Петри шынысына құйылады. Шыныларға 40-45
0
С-қа дейін суытылған ет-пептонды агарды құяды да,
айналмалы қозғалыспен біркелкі таратады. Қоректік орта тығыздалған соң, термостатқа 35-37
0
С қойылады.
2-3 тәуліктен соң өсіп шыққан микроб колонияларының саны анықталады. Қоректік орта арқылы өткізілген
ауаның көлемін еске ала отыра, ауаның 1 м
3
көлеміндегі микробтардың саны айқындалады. Микробтардың
ауадағы санын анықтау үшін сусылмалы заттар да, қант ұнтағы т.б. қолданылады. Олармен стерильденген
шыны түтіктер
толтырылып, ауаның белгілі бір көлемі шыны түтіктер
арқылы өткізілгеннен соң, қант
ұнтағы стерильді судың 5 мл-де ерітіледі де, 1 мл-і ЕПА бар Петри шынысына себіледі. Ауаның 1 м
3
мөлшеріндегі микробтар саны зерттеуге алынған ауаның көлемін сусылмалы ұнтақтың ерітілу дәрежесін
және себуге алынған ерітіндінің көлемін ескеру арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: