Білім және ғылым министрлігі алматы энергетика және байланыс институты Г. Х. Хожин электр станциялардың жабдықтарын пайдалану, монтаждау және реттеу оқу қҧралы Алматы 2005



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#92155
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
3 ХОЖИН ОҚУ ҚҰРАЛЫ монтаждау

Радиаторды монтаждау.
Радиаторды монтаждау оның қысымын тексеру, 
жуу және оның трансформатор қабына орналастыру болып табылады. 


Қысымды тексеру, трансформатор трубаларында ақаудың барлығын тексеру 
ҥшін керек болады. Қысым, трубадағы май бағанасы арқылы жасалады, май 
трубасы радиатордың бір бӛлігіне бекітіледі (2.3а-сурет). 
Май бағанасының биіктігін трансформатордың орнатылған радиаторының 
тӛменгі нҥктесінен май кеңейткіштің жоғарғы нҥктесіне дейін, содан кейін ол 
биіктікке 0,5м қосылады. Радиаторды тексеру кезінде анықталған ақауларын 
электр және газ темір пісіргіштер арқылы жӛнге келтіреді. 
Радиатор, 2.3б-суретінде кӛрсетілгендей қҧрғақ таза трансформатор майымен 
жуылады. Радиатордың сыртқы ортамен байланысы, оның ішінде қалыптан 
жоғары қысым болмауы ҥшін қажет. 
Радиаторды орнату алдында, алдын ала трансформатор бактарының 
крандарының жабықтығы тексеріледі. Одан кейін, труба тесіктерін жауып 
тҧрған радиаторларды қосатын тығындар алынады және оның май жҥретін 
бӛліктері мҧқият тазаланады. Одан әрі қарай радиаторды скобаға іліп, оның 
жоғарғы бӛлігін болттармен ӛзіне сәйкес келетін кранның бӛлігіне қосады. 
Бӛліктердің арасына қалыңдығы 10мм, майға тӛзімді рәзіңке салынады, оның 
тесігі кранның саңылауынан біршама ҥлкен болуы керек. Радиатордың тӛменгі 
бӛліктері де осылай жалғанады, содан кейін жоғарғы және тӛменгі бӛліктерді 
қосқан болттар бҧралып тартылады. 
Егер 
трансформатор радиаторлық крансыз жасалынса онда оның 
қақпағындағы тығын алынады да, ондағы май жоғарғы радиатор бӛлігінің 
деңгейіне дейін ағызылады, содан кейін оған радиаторды жалғастырады. 
Осыдан кейін майды тӛменгі радиатор фланцының деңгейіне дейін ағызады 
және радиаторларды бір жолата орнатады. Бҧдан кейін трансформаторларға, 
дереу жоғарғы жармаға (ярмаға) дейін май қҧйылады. 


а)
б)
1-насос, 2-фильтрпрес.
2.3-сурет. Радиаторды май бағанасының қысымымен сынау сҧлбасы (а), 
радиаторды маймен жуу (б) 
Кірістерді (вводы) орнату
. Қораптардан алынған кірістер алдымен 
оралған заттардан босатылып, кірден тазартылады, алдымен бензинге 
салынған шҥперекпен, содан кейін трансформатор майын сіңірген 
шҥберекпен сҥртіледі. Кірістерді сырттай тексеру кезінде, онда майдың 
жеткілікті екеніне кӛз жеткізіледі, және де фарфоры мен шынысының 
бҥтіндігі тексеріледі. Егер де кірістен 10 % мӛлшеріндей май ағып кеткен 
болса, орнату жҧмыстарына дейін оның орны толтырылады, 110 кВ-тық 
кірісте 60 литр май болуы керек. Майды жоғарғы қақпақта орнатылған 
тесіктен қҧяды, оның деңгейі май кӛрсеткіштің ортасынан 20-30 мм-дей 
мӛлшерден асып тҧруы қажет.
Егерде май 10 % -дай жетпейтін болса, онда трансформатор шығарушы 
зауыт ескертілуі қажет.
Ауа шығару қақпағы 


2.4-сурет. Ауыспалы фланецті адапторлар
Кірістерді орнату алдында, трансформатордағы майдың деңгейі жоғарғы 
жарма 
ӛзекшесіне 
теріс 
таңбамен 
100 
мм-ге 
тҥсірілуі 
керек 
(жарманың оқшауламасы жалаңаштанбас ҥшін), сол ҥшін радиатор крандары 
ашылып, радиаторлар майымен толтырылады, егер де бҧдан кейін 
трансформатордағы май деңгейі тӛмендесе, оны ыдысқа ағызып алу керек.
Кірістерді орнату алдында бір-бірлеп тасымалдау кезінде бекітілген 
тҧғыны алынады, жаңадан майға тӛзімді рәзіңке прокладкалар тӛселінеді, 
ал оған пісірілген ауыспалы фланцты адапторы қойылады. Фланцтар 
трансформатор қақпағына шырайнала бір тегіс тартылады. Болттарды тарту 
рәзіңке прокладка екі есе жҧқарғанша жҥргізіледі. Рәзіңке прокладкалар 
ауыспалы фланцтың жоғарғы жақтарына да орнатылады.
Одан кейін газ релесі қҧрастырылады. Қалпақ пен кеңейткішті қосатын 
трубкадан буын алынады, оның орнына глифталды немесе бакалитті лак 
жағылған клингерлік прокладкадағы реле орнатылады. Бҧл жерде реленің 
қарау әйнегінің дҧрыс тҧруы қадағалануы қажет. Одан әрі қарай 
қалтқылар жҥйелері қҧрастырылады. Ол стрелканың бағыты майдың 
кеңейткішке қарай қозғалуын кӛрсетіп тҧратындай болуы қажет. Алдын-ала 
қалтқылардың астындағы тасымалдау кезінде бҥлінбеу ҥшін қойылған 
жҧмсақ қағаздар алынып тасталынады. Релені қҧрастыру кезінде, релені 
тығыздаушы қосылыстары бӛлшектеуге жатпайтынын еске алу керек, оның 
май ӛткізбейтіндігі завод жағдайында тексеріледі.
Трансформатор қақпағының астынан газдардың газ релесіне жақсы ӛтіп 
тҧруы ҥшін трансформатор, май ӛткізгіш қосылысы жағынан 10 мм 
мӛлшерінде кӛтеріліп тҧруы керек, ал май ӛткізгіш ӛз жағынан 2%-дай 
кӛлбеу болуы керек.
Май ӛткізгіште бҧрылатын буын немесе қарсы кӛлбеу болмауы керек. Бҧл 
газ ӛтетін жерлерде газ кӛпіршіктерінің жиналмауы ҥшін қажет.
Кеңейткішті орнату кезінде майдың тӛменгі деңгейі оған орнатылған май 
ӛлшегіш әйнек кӛрсеткеніндей газ релесінің жоғарғы кранынан биіктеу 
болғанын қарастыру керек, сондан кейін газ релесін орнатып, май ӛткізгішті 
бекітеді, кеңейткішті бір жолата қамыттармен қысып бекітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет