Ҽдебиеттер:
1.
Ҽлбеков Т. Тарихи аңыздар: жад мҧрағаты, кҿшпелі деректер, ауызша тарих // Керуен. – 2016. – №5.
2.
Қажығали Мҧханбетқалиҧлы. Тар кезең. Тарихи роман. Алматы,«Мереке» баспасы. 2012.
3.
Орда Г.Тар кезең тағылымы (Қ.Мҧханбетқалиҧлының «Тар кезең» романы туралы) // Егемен Қазақстан. – 3
қыркҥйек, 2014.
4.
Елеукенов Ш. Қазіргі қазақ романындағы тарихи шындық пен кҿркемдік шешім // Жҧлдыз. – 2016. –
№8.
ҼОЖ 726.822(574.54)
ҦЛТТЫҚ МІНЕЗДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ БАТЫРЛАР ЖЫРЫНЫҢ РҾЛІ МЕН ОРНЫ
Алтаева Зауре
Педагогика ғылымдарының магистрі, Қызылорда қаласы
Қ. Мҧхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен ҽдебиеті пҽні мҧғалімі
Егемен елдің негізгі мақсаты мен міндеті ел тҽуелсіздігі мен азаттығын сақтайтын, ҧлт дербестігін дамытатын
ҧрпақ тҽрбиелеумен астасады. Олай дейтін себебіміз мемлекеттің дамуы мен елдің ертеңі отаншыл, елжанды,
жемісті тҽрбие алған жастармен тығыз байланысты. Жаһандану заманындағы қоғамдық ҿзгерістер жастарды
жаңашыл, іскер азамат етіп қалыптастыруды талап етіп отыр.
Елбасы Н. Ҽ. Назарбаев «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» баяндамасында: «Жаңа тҧрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ҧлттық кодыңды сақтай
білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің қҧр жаңғырыққа айналуы оп- оңай. ...Жаңғыру атаулы бҧрынғыдай тарихи
тҽжірибе мен ҧлттық дҽстҥрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сҥрінбей ҿткен озық
дҽстҥрлерді табысты жаңғырудың алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ҧлттық-рухани
тамырынан нҽр ала алмаса, ол адасуға бастайды»,- дейді [1]. Демек, ҧлттық қҧндылықты сақтау ҽрі дамыту
жолында жастардың қалыс қалмайтыны анық.
Ҧлттық кодты сақтау адам бойындағы ҧлттық мінездің ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Ҧлттық мінез
дегеніміз не? Ол туралы ақпарат кҿздері не дейді? Жалпы бҧл бар нҽрсе ме? Адамдардың ҽр тҥрлі болатынын
біле тҧра, типтік мінездерді жинақтап тҧтас бір халыққа телу қаншалықты заңды?
Ҧғымның кҥрделілігі мен оған қатысты туындаған қарама-қайшылықтар терминологиялық ҽркелкілікке жол
беріп отыр. Бҧл барлық гуманитарлық ғылымға тҽн мҽселе. Н. Е. Ерофеевтің айтуынша, этникалық кҿрініс –
«ҿзге халықтың сҿзбен жасалған портреті не бейнесі». [2.168]
Н. А. Ерофеев «ҧлттық мінез» ҧғымының бірнеше анықтамасын береді. «Д.Б. Парыгиннің пікірінше, тҥрлі
ҽлеуметтік топтардың, таптардың, қоғамның, ҧлттың, халықтың психологиялық ерекшеліктерінің болуы еш
кҥмҽн келтірмейді».
Осы кҿзқарасты ҧстанатын Н. Жанділдиннің берген анықтамасында ҧлттық мінез дегеніміз - «нақты бір
экономикалық, мҽдени, табиғи жағдайда дамитын білгілі бір ҽлеуметтік-этникалық қауымға аз не кҿп
мҿлшерде тҽн болатын психологиялық мінез-қҧлықтар жиынтығы». Ҧлттық мінез немесе «ҧлттың
психологиялық қалпы» ҧғымын жоққа шығармайтын С.М. Арутюнян оған мынадай анықтама береді: «ҧлттың
тарихи дамуының ерекшелігімен, материалдық ҿмір ықпалымен қалыптасатын, оның мҽдениетінен кҿрінетін
ҧлттық ҽдеттер мен дҽстҥрлердің, ойлар мен ҽрекет тҥрлерінің, сезімдер мен эмоциялардың ҿзгеше ҧлттық
кҿрінісі». [2.150].
Кең тараған пікірге сҥйенсек, ҧлттық мінез дегеніміз - белгілі бір ҧлттың ҿзіне ғана тҽн, ҿзгеше мінез-
қҧлықтарының жиынтығы емес, жалпыдамзаттық мінез-қҧлықтардың ҿзгеше ҽмбебап жиынтығы [2.169].
В.Г.Костомаров 1998 жылғы наурызда ҿткен «Орыс тілінің Франциядағы апталығының» ашылуында
жасаған баяндамасында ҧлттық мҽдениет жайында жоғарыдағы жақын пікір айтады:« Ҧлттық мҽдениет бҧл
107
белгілі бір ҧлтқа тҽн ерекше мінез–қҧлық жиынтығы емес, ол- жалпыадамзаттық мінез-қҧлықтар мен
идеялардың айрықша жиынтығы» [2.170].
Ю.В.Бромлей де «ҧлттық мінез қырларының салыстырмалы тҥрде алғандағы ерекшеліктеріне, байқалатын
айырмашылықтарына тоқталады».
Н.А. Ерофеевтің «Туманный Альбион. Англия и англичане глазами русских» атты еңбегіндегі ҧлттық мінез
туралы талдаулардан ҥзінді келтірейік:
«Ҽр халықтың тҧрмыстық сана деңгейіндегі ҧлттық мінезі бар екені шҥбҽсіз. Ҽсіресе мҧндай ой ҿзге
этникалық ортаға тҥскенде туындайды. Сол қауым адамдарының кҿп тҧрғыдан ҿзіңізден ҿзгешеленетін,
мҽселен, ҿмір салты, тҧрмысы, кейде кескін-келбеті, іс-ҽрекеті сіздікінен мҥлде бҿлек екенін байқағаныңызда,
тҧжырымыңыз беки тҥседі. Еріксіз бҧл ерекшеліктер мен айырмашылықтардың туындауы кездейсоқтық па,
ҽлде олар ортақ, терең бір негізде бастау алып, осы халықтың айрықша болмысына, ҧлттық мінезіне келіп
қҧйыла ма деген сҧраққа жауап іздей бастаймыз. Бҽлкім сол халықтың мінезін тҥсіну арқылы бҥкіл
ерекшелігін, болмысын ҧғатын дҽрежеге жетерміз. Сондықтан ҧлттық мінезді сол халықтың бҥкіл ҿмірін,
болмысын, тіпті тарихын ашып беретін кілт деуге болады» [3.178].
Типтік қазақ адамының бейнесін ақын Қадыр Мырза Ҽлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға
таныстыру» шығармасынан кҿре аламыз ба? Назар салайық!
Жайлауында жҥрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет кҿріп тҧрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Сҽйгҥлікті қҧйрық-жалы таралған,
Сҥйетҧғын қазақ осы, қараңдар.
Қазақ осы кҥй шығарып, ҽн салып,
Кҿкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Қазақ осы айтатҧғын желге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы ағыл- тегіл, кҿл-кҿсір.
Қазақ осы дала дейтін, кҥн дейтін,
Қазақ осы «Ҿнер алды- тіл» дейтін.
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін.
Қазақ осы кҿргенінен танбайтын,
Той-думансыз оты тҥзу жанбайтын.
Қазақ осы алудай-ақ алатын,
Ал беруден алдына жан салмайтын.
Қазақ осы ашық-жарқын қабағы,
Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Байқа да тҧр, саған да ол кетерде,
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Қазақ осы қҧда бол деп қинайтын,
Қҧдаларын қҧдайындай сыйлайтын.
Қазақосы дҥние мен малыңды,
Оңды- солды шашу ҥшін жинайтын.
Қазақ осы – жайып жатқан қанатын,
Батыр халық, ақын халық- дҽл аты.
Қазақ осы ҿзімсінген адамға,
Насыбайға бола ҿкпелеп қалатын [5.10].
Ҧлттық мінез дегеніміз бар екенін дҽйектейтін қандай ғылыми дҽлелдер бар? Ҧлттық мінез туралы қандай
нақты мҽлімет кҿздері бар? Мҽліметтер кҿзін анықтайтын болсақ, белгілі бір халықтың ҧлттық мінезі дегенде
108
ойымызға алдымен сол халықпен байланыстыратын стреотиптер жиынтығы келеді. Ғалымдар белгілі бір
халыққа тҽн мінезді айқындайтын дереккҿз ретінде тҿмендегілерді кҿрсетіп отыр: халықаралық анекдоттар,
ҧлттық классикалық ҽдебиет, фольклор немесе халық ауыз ҽдебиеті, ҧлттық тіл жҥйесі.
Фольклор немесе халық ауыз ҽдебиеті халықтың ҧлттық мінезі сенімді ақпарат кҿзі саналады. Халық ауыз
ҽдебиетінде стереотип ретінде қалыптасқан кейіпкерлер ғана емес, ҧжымдық шығармашылыққа негіз болатын
сюжет, фактілердің ҿзі стереотипке айналған. Ҿйткені бҧл туындылар ҧрпақтан- ҧрпаққа ауызша таралып,
теңіз тҥбіне шҿккен ҧсақ жҧмыр тастар сияқты халық санасында ҽбден қатталған. Жоғарыда кҿрсетілген
дереккҿзге сҥйене отырып, ҧлттық мінездің ауыз ҽдебиетінің ҥлкен бір арнасы батырлар жыры арқылы
қалыптасу кҿрінісіне тоқталмақпыз. Халықтың ішкі жан-дҥниесі, ҧлттық мінез–қҧлқы туралы ақпарат алу
ҥшін фольклорлық шығармаларды, халықтың ауыз ҽдебиетін алуға болады. Ҿйткені фольклорлық
шығармалардың авторы халықтың ҿзі, ҧжымдық туынды саналады. Ҧлттық мінез-қҧлықты ашып кҿрсетуде
халық ауыз ҽдебиетінің бір арнасы батырлар жырының рҿлі қандай? Ең алдымен, жырлардың басты кейіпкері
ҿз замынының батыры, сымбатымен кҿз тартады, қазіргі заманғы тҥсінік бойынша, супермен, олар ҿз халқын
барлық жамандықтан, тҥрлі апаттардан қорғайды. Бҧл кейіпкерлер қандай да бір жоғары тылсым кҥшті
иеленеді, жоқ жерден оның тҧлпары, алмас қылышы жҽне қасиеттілігімен ерекшеленетін заты пайда болады.
Таңғажайып кҥшке ие батырлар халықтың арман – тілегінен туындаған. Халық ауыз ҽдебиетінде батырға тҽн
мінез-қҧлық қазақ қыздарына да тҽн болып келеді. Қ. Жарықбаев пен С. Қалиев қҧрастырған «Қазақтың
тҽлімдік ой-пікір антологиясы» кітабында: «Біз соғыс жылдарында ҧлт жауынгерлері арасында жҧмыс
жҥргізген ҥгітшілер, эпостық жырларды тҽрбиелік мҽні бар ҥгіт қҧралы есебінде пайдаланатынбыз.
Мҽселен, батырлық, ерлік туралы эпостық жырларды ҧлт жауынгерлерінің ана тілінде оқып бергенде
кҿздері оттай жайнайтын. Кҥндізгі ҧрыстарда шаршаған, кешкісін окоп ішінде отырған жауынгерлерге
батырлар жырынан бір ҥзінді оқып жібергенде, жырдың қатты ҽсер еткенін, одан тҥрлі кҥш-қуат алғандай
болғанын талай рет кҿргеніміз бар еді. Қырғыздарға «Манас», ҿзбектерге «Алпамыш», қазақтарға
«Қобыландыдан», тҥрікмендерге «Кҿроғлы» жырынан (ҽрқайсысына ҿз ана тілінде) оқып бергенінде
тыңдаушылардың бойы жадырап, жігер сезімі серпіліп кеткендей болды. Ҿткен кезде батырлар жыры бала
тҽрбиесі ҥшін мықты қҧрал болды делік. Оның мысалын «Қобыланды», «Қамбар» жайындағы ҽңгімелерден
кҿрдік. Бҧл жырлар халықтың ерлік, батырлық дҽстҥрін кейінгі ҧрпаққа ҽдемілеп ҽңгімелей отырып,
олардың санасына патриоттық сезімді, елдің ерлік, батырлық жҿніндегі ҧғым тҥсініктерін қҧя берген...»,- деп
батырлар жырының ҧлттық мінезді қалыптастырудағы ерекшелігін атап ҿтеді.[6.332].
Ел, халық санасымен жасалған «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын»,
«Кҿроғлы» сияқты батырлық жырларда елін сыртқы жаулардан қорғау, ел тҽуелсіздігін сақтау мҧраты басым.
Батырлар елін сҥйген, атамекенін, халқын, оның ар-намысын қорғау, елдігін сақтау ҥшін ата жауына қарсы
жанқиярлық ерлікке барған. Батырлық дастандардағы ерлердің ерлігіне осы қасиеттер негіз болған. Сондықтан
қазақтың батырлар жыры халық тарихының кҿркем ескерткішіне айналған. Халық эпостарының бҽріне ҿзек
болған патриоттық сезім, елі мен жерін жауға бермеу, ел қорғайтын ерді сҥю болып табылады. Жоғарыда
аталған батырлар жырының бас кейіпкерлері «Халық алдында батырдың, елім деген тҧлғалардың міндеті
қандай?» сҧраққа жауап береді. Бірінші міндет: халыққа адал еңбегімен қызмет ету, халықты асырап сақтау,
жҽрдем-кҿмегін беру. Екінші міндет: елін қорғау, жауды талқандап жеңу. Батырлар жырының ҿміршеңдігі де
осында жатыр. Ҿйткені батырлық жыр ҧлттық қасиеттің ең биік дҽрежесі саналатын патриотизммен ҧштасып
жатыр. Батырлар жыры –қазақ ҧлтының отанға деген шексіз махаббаты мен патриотизмін білдіретін бірден-бір
қҧрал. Эпостық жырлар ел, ҿлке, туған жерді сипаттайтын кҿркем, тебіреністі сҿздерге аса бай. Отан, туған ел,
атамекен, атажҧрт, туған жер сҿздері жҽне сҿз тіркестері жағымды эмоцияны жоғары рухқа айналдырып
жібереді.
Бҥгінде ҧлт болып ҧйысу, бірлікті сақтау, жастарды елге, жерге деген сҥйіспеншілікке тҽрбиелеу, жас
жеткіншектерге патриоттық тҽрбие беру ҿзекті мҽселе болып отыр. Ал баланың бойында отаншылдық,
елжандылық сынды ҧлы сезімді қалай қалыптастырамыз деген сҧраққа бабаларымыздың тҽжірибесін зерделеп
қарасақ шешімі табамыз. Бҧрынырақта ауыл қариялары жас балаларға батырлар жырын, лиро-эпостық
жырларды жаттатқызып, кеш болса жыр айтқызған. Ал аналарымыз бесік жырын, ертегі, аңызын айта отырып
тҽрбиелеген. Осындай ҥлгілі ҿнеге баланың болмыс-бітімі, мінез-қҧлқы мен ҧлттық танымының іргетасы
болып қаланған. Демек ҧлттық тҽрбиенің қайнар кҿзі батырлар жырларында жатқанына еш шҥбҽ келтіруге
болмайды. Бҧл сҿзімізді М. Ғабдуллиннің «Қазақтың батырлар жырының қайсысын алсақ та, бҽрінде де ел
бірлігі мен Отан қорғау мҽселесі бірінші кезекте тҧрады. Батырлардың ойы мен арманы ел мҧңымен, халық
тағдырымен ҧштасып жатыр»,-деген пікірімен сабақтаймыз.
109
Отанға деген махаббат – қазақтың ҧлттық мінезінің бҿлінбес бір бҿлшегі екенін ауыз ҽдебиеті ҥлгілері,
жыраулар поэзиясы, бҥгінгі ҽдебиет ҥлгілерінен аңғарамыз. Ҿйткені ҧлттық ҽдебиетте Қазақстанға деген
махаббат аса ерекше ілтипатпен ҿрілген. Жаһандану заманы ҧлттық рухани қҧндылықтар қолданысының
кемуіне алып келді. Рухани қҧндылықтар қолданылуы азайған сайын ҽлсірейді, жҧтайды, ақырында ҧмыт
болады. Міне, біз осы рухани жҧтаңданудан сақтану ҥшін жастардың бойында ҧлттық мінезді қалыптастыруды
қолға алуымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |