Материалдары



Pdf көрінісі
бет98/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

 
Түйін сӛз:
қазақ батырлар жыры, батырлар бейнесі, батырлардың наным-сенімдері, батырлар сыйынатын 
пірлер мен əруақтар. 
Ауыз ҽдебиетінің баяғы заманнан ескірмей ҧрпақтан-ҧрпаққа ауысып отырған кҥрделі де мол бір саласы — 
батырлар жыры. Бҧл жырларды жыршы-жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбыраға қосып, белгілі бір 
ҽнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сҥйген батыр, 
ал оның басты мақсат-мҧраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының кҿпшілігінде 
халықтың тҥбегейлі мҧң-мҥддесі кҿкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-ҽрекеті 
жырлануы арқылы оның ҿз-ҥй ішіне, ҿз руына деген сҥйіспеншілігі де айқындалады. Батырлар жырларынан 
ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жҽбір-жапа кҿретіні де танылады. 
Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тҧсында туады. 
Мҧндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы ҥшін қажет деп біліп, оның кҿршілес рулармен де кҥш 
біріктіруін кҿздейді. 
"Алпамыс батыр‖, "Қобыланды батыр‖, "Ер Тарғын‖, "Қамбар батыр‖ секілді қазақ батырлар 
жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақ батырларының сол кҥрестегі ерлігі 
жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уҽдеге беріктігі зҧлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады. 
Сондықтан айтулы батырлардың ел тағдырындағы тарихи орны мен олар жасаған ерлік жорықтарының мҽні 
мен маңызы да бірнеше ғасырлар бойында ел жадынан бір сҽтке де ҧмыт қалған емес. Жалпы осы батырлардың 
болсын, немесе ҽр ғасырда ҿмір сҥріп, ҽртҥрлі тағдыр кешкен басқа да сандаған ҧлттық деңгейдегі тҧлғалардың 
қай-қайсысын алсаңыз да олардың тҧлғасын алдымен халық ішінен шыққан ҿнер иелері кҿркем сомдауға, 
ҽдебиет тілінде жырға қосуға ҧмтылған. Оның ішінде ҽсіресе халық ауыз ҽдебиетінің, яғни фольклордың ҥлесі 
дара кҿрінеді. Қазақ тарихының ҽрбір кезеңі, яғни ел басынан ҿткен, халық тағдырында терең із қалдырған 
тарихи, саяси оқиғалар енді нақты тарихи тҧлғалардың - қазақ батырларының бейнесі арқылы, солар ҿмір 
кешкен, азаттық жолында арпалысып ҿткен заман, уақыт кеңістігі арқылы кҿркем шежіреленді. Ҽдеби кейіпкер 
ретінде бой кҿтерген осынау тарихи тҧлғалардың кҿркем, жинақталған бейнесін сомдау енді ҿз кезегінде 
қаламгерлер ҥшін де жаңа суреткерлік, шеберлік мҥмкіндіктерге жол ашты. Осы орайда, ҽрбір ҽдеби жанрдың 
кҿтеретін жҥгі салмақ басып, ҽдеби ҽдіс-тҽсілдердің кҿкжиегі де кеңи тҥсті. Осы арқылы дҽстҥрлі қазақ 
поэзиясының кең тынысы жаңа қҧнарлы кҿркемдік ізденістерге қол артуға қаламгерлерді итермеледі. Осы 
іргелі ізденістер қатарында, халық жҥрегінде берік орын тепкен, ең бір кең тараған жырларымыз: ―Қобыланды‖, 
―Алпамыс‖, ―Қамбар‖, ―Ер Кҿкше‖, ―Ер Қосай‖, ―Ер Сайын‖, ―Ер Тарғынның‖ мҽтіндік табиғатына, лексикалық 
сипатына байланысты ғылыми ізденістер арқылы қазақ эпосының тілдік қоры мен кҿркемдік қҧрылысына, ішкі 
логикалық тҧтастығы мен жанрлық қҧрылымына да ерекше кҿңіл бҿліне бастады. Яғни батырлық эпостың ішкі 
қҧрылымдық негіздері мен ішкі кҿркемдік болмыс-бітімін тереңдей талдайтын зерттеулердің жарық кҿре 
бастауы қазақ ҽдебиеттану ғылымын, оның ішінде эпостану ғылымын жаңа белеске кҿтерді. Батырлар 
жырындағы оқиғалардың тарихпен жанасымы ҿзінше болады.
Бір жыр бірнеше ғасырды аралап, жҥздеген жыршы-жыраулардың аузынан ҿтетіндіктен, онда ҽр 
ғасырдағы тарихи фактілер араласа жҥреді. Сҿйтіп, батырлар жырында "ҽр дҽуірден қҧралған кезеңнен‖ 
алынған батырдың жиынтық бейнесі тҧлғанады. Батырлар жырының бай идеялық мазмҧнына сай сюжеті мен 


101 
композициясы да ҿзгеше келеді. Бір оқиғадан екіншісі туып, кейіпкерлердің іс-ҽрекеті, қимылы жҥйелі дамып 
отырады. Батырлар жырының ҿлеңдік қҧрылысы кҿбіне жеті, кейде сегіз жҽне он буынды болып келеді. Жыр 
тармақтарындағы ҿлең ҿлшеміне қарай араласып, ауысып та келе береді. Жалпы кҿркем ҿнердегі, оның 
ішіндегі кҿркем ҽдебиеттегі бейнеленген батырлар тҧлғасына назар аударсақ, зер салсақ қазақ қаламгерлерінің 
ҥлкен бір шоғыры нақты тарихи болған батырларға, олардың нақты ҿмір кешкен заманына кҿбірек қалам 
тербегенін аңғарамыз. Нақты тарихи тҧлғаның образын сомдау бір жағынан авторлар ҥшін кҿп ізденісті талап 
етсе, екінші жағынан ел ішіндегі кҿне кҿз қариялардың ҽңгімесі, немесе ел жҥрегінде жатталып қалған аңыз-
ҽңгімелер, жыр-шежірелер барлығы жиылып келгенде қазақ қаламгерлері ҥшін таптырмас мол рухани қазына 
кҿзі болды.
Осы халықтық қазынаға табан тіреген ақындарымыз, жыршы-жырауларымыз, прозашыларымыз 
кейіпкер сомдауға қажетті тарихи деректердің барлығын елдің ҿзінен алды. Осы арқылы қазақ батырларының 
кҿркем ҽдебиеттегі бейнесінің халықтық сипаты, елдік мҽн-маңызы тереңдей тҥсті. Кҿркемдік биіктіктің ең бір 
негізгі талабы ҽдеби бейненің оқырман жҥрегіне жақын болуына да қаламгерлер осы жол арқылы жетті. 
Сондықтан да, ҽдебиетімізде кҿп жырланған атақты батырларымыз, ең бастысы, ел басына қатер тҿнгенде 
шашақты найза қолға алып, қазақтың жау жҥрек ҧлдарын бастап басқыншы жауға тойтарыс берген Абылай, 
Қайыр хан, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бҿгембай, Шапырашты Наурызбай, Ҿтеген, Сҧраншы, Райымбек, 
Батыр Баян, Кенесары, Науан сынды есімі исі қазаққа аса қымбат, аса аяулы батырлардың ҽдеби 
мҧраларымызда: халық ауыз ҽдебиетінде, жыраулық поэзияда, жазба ҽдебиетте бас кейіпкерлер деңгейіне 
кҿтерілу сыры алдыменен олар туралы тарихи жырлардың, тарихи аңыз-ҽңгімелердің ел арасына кеңінен 
жайылуында жҽне олардың ҧрпақтан-ҧрпаққа тарап, жалғасып келе жатқандығында жатыр. 
Қазақ жырларындағы батыр бейнесі - тек соғыста ерлік кҿрсеткен тҧлға ғана емес, ол - соғыс ҿнерін 
кҽсіпке айналдырып, бҥкіл ҿмірін соғыста ҿткізетін жҽне кҽсібі бҥкіл ҽулетіне жалғасып отыратын; хандық 
билікпен тығыз байланыста болып, мемлекеттік істерге араласып отыратын; ҿзіндік мҽдениетті мен ҿнері, 
идеялогиясы мен моральдық нормалары, салт-дҽстҥрі, наным-сенімдері мен ырым-жоралары бар кҿшпелі 
қоғамның ерекше жігі. Соғыста қаза болу батырлар ҥшін қасиетті ҿлім болып саналады. 
Оған Ақтамберді жыраудың: 
"Бар арманым, айтайын, 
Батырларша жорықта
Ҿлмедім оқтан, қайтейін, - деген толғауы мен кешегі жоңғар шапқыншылығы кезінде ауырып, тҿсек тартып 
жатқан Олжабайдың: «Қой боғындай қорғасын маған бҧйрықсыз болып, жамандардай тҿсекте сҧлап жатып, 
қағындыдан ҿлдім-ау», - деп бармағын жҧлып шайнап тастағаны мысал бола алады. Ҽскери кҽсіп - батырлар 
ҥшін ата кҽсіп саналып, кҿп жағдайда ҽкеден балаға мҧра болған. Батырлар ҽулетінде туған бала жастайынан 
ҽскери кҽсіппен айналысып ел ҥшін соғысқа аттануы міндетті.
Ҽскери ҽулеттен болғандықтан батырлар алғашқы ерлік жолын кҿбіне соғыста ҿлген ҽкесінің кегін 
алудан бастайды. Ҿйткені, ҽке кегін қумау батыр ҥшін ҿліммен бірдей. Бҧл жерде айта кететін бір жҽйт: бір-
бірінің намысын қадірлей білетін батырлар: «...Мен ҿлсем арманым жоқ, артымда ҥш ҧл, бір қызым бар. Сен 
ҿлсең артыңда ҧрпақ жоқ, тҧяқсыз қаласың, елге барда ҽйел ал, бала кҿр, ...артыңда кек алатын тҧяқ қалсын», - 
деген ҥзінділерден кҿріп отырғанымыздай, айқастағы қарсыласының артында кегін қуар мҧрагері болуын қатты 
ескеріп отырған.
Қазақ батырларының ҧстанған діни-нанымдарының мҽн-мазмҧны мен ҿзіндік ерекшеліктері де болған. 
Қандай да бір ҥлкен істі батасыз бастамайтын халқымыз сияқты, батырларымызда батырлар жолына тҥсерде, 
алғашқы жорықтарына аттанарда ҽулие ақсақалдардан, атақты батырлардан, не ҽке-шешелерінен бата алып 
шықса, ал жорықта, айқаста, жол жҥргенде сыйынатын, қолдайтын пірлері, ҽулиелері болған. Қазақ батырлары 
сыйынатын пірлердің ішінде кҿне заманнан келе жатқандары да, ислам дінінен енгендері де бар. Олардың 
кебіреулері мифтік қаһармандар болса, ал енді біреулері аты аңызға айналған тарихи тҧлғалар. Солардың 
ішінде ең бірінші аталатыны Иран, Тҧран батырларының пірі - атақты мифологиялық батырлар - Рҥстем мен 
Дастан болса, ал екіншісі - Баба Тҥкті Шашты Азиз.«Утемиш - хаджи Чингиз-наме» кітабында ол (Баба Туклас) 
Ҿзбек хан кезінде қазақтың ру-тайпаларын ислам дініне енгізген тҿрт ҽулиенің бірі болса, қазақ-ноғай 
батырлық жырларында Баба Тҥкті Шашты Ҽзиз ҽулие болып, мешіт ҧстаған тақуа адам ретінде айтылады. 
Кҿшпелі халықтардың батырлары пір тҧтып, сыйынатын исламға дейінгі кҿне рухтардың бірі - Ғайып ерен, 
қырық шілтен.
Кҿне наным бойынша Ғайып ерен, қырық шілтен кҿзге кҿрінбейтін, шілтен деп аталатын қырық нҿкері бар 
адамдарға кҿмектесіп жҥретін рух. Ислам дінінің енуімен бірге қазақтар мҧсылман ҽулиелеріне де сыйына 


102 
бастады. Жорықта, жолда жҥргендіктен батырлар Қыдыр (Қызыр) атаны да пір тҧтқан. Қызыр баба Шығыста 
ислам дініне ҽулие саналып, кейін мҧсылман ҽулиелерінің қатарына енген. Қазақтың кҿнеден келе жатқан діни 
тҥсініктері бойынша ҽр батырдың айқаста, жорықта, тҥрлі қиын жағдайларда қолдап, жебейтін ҽруақтары 
болған. Ҽруақ - адамның ата-бабаларының қасиеті, киелі рухтары, ал кие - аруақтың қасиеті, басқаларға 
тигізген кесапаты, зияны немесе жақсылығы. Батырлардың киесі жайшылықта кҿзге кҿрінбейді. Ол тек айқаста, 
соғыста ғана кҿрініп, жауды жеңуге кҿмектеседі. Батырдың киесінің болуы оның кҥштілігінің белгісі. Оған ата-
бабаларының ҽруағы - жолбарыс болып қонған Бҽйтікҧлы Тоғанас батыр туралы аңызды мысалға келтіруге 
болады. Қазақ халқының ҽруақтары, оның киесі туралы діни нанымдарының тҥп-тамыры ҿте кҿне замандарда 
жатыр. Алғашқы рулық қауымдарды ҽр ру-тайпалар ҿздерін белгілі бір аңнан, қҧстан жаралғанбыз деп тҥсіп, 
ҿзінің тегі саналатын хайуанатқа табынған.
Алғашқы қауым заманындағы адамдардың бҧл кҿне діни нанымын, «тотемизм» деп, ал, ру-
тайпалардың тегі саналған хайуанаттарды «тотем» деп атайды. Кҿне тҥркілердің ҿздерін кҿк бҿрінің ҧрпағымыз 
деуі жҽне т.б. Мысалдар осы кҿне тотемдік нанымдардың дҽлелі. Кез-келген халықтың ҽскерилері сияқты қазақ 
батырларының да қалыптасқан жауынгерлік этикасы мен моральдық нормалары болған жҽне оны қатаң тҥрде 
ҧстаған. Атап айтар болсақ:
- ҥлкен айқастар ҽрқашан жекпе-жекпен басталады; жекпе-жекке қатысу батырлардың басты міндеттерінің бірі; 
жауынгерлердің шын мҽнісінде батыр атануы осы жекпе-жек айқастарда жеңіске жетуден басталады; сол 
жекпе-жек алдында батырлар бір-бірінің аты-жҿнін сҧрап, ҿздерін таныстыруға тиісті; таныстыруда бабасы мен 
ҽкесінің аттарын, жасаған ерліктерін айтатын, сондай-ақ қарсыласына психологиялық шабуыл жасап, жауының 
мысын басатын: - ертегілерде, батырлар жырларында жиі кездесетін «атыспақ керек пе, шабыспақ керек пе?» - 
деген сҿз тіркесі бар. Бҧдан біз батырдың жекпе-жек айқаста қарсыластарына қару таңдауға мҥмкіншілік 
бергенін, бес қаруды тҥгел меңгергендігін жҽне ҿзіне сенімді екендігін кҿреміз;
- жекпе-жекте кҿшпелі халықтардың батырлары жасы ҥлкен, жолы ҥлкен адамдарға 
беретін болған; - ҧйықтап жатқан, сондай-ақ қарусыз адамдарды ҿлтірмеген; - батырлар жорыққа шыққанда 
жауды қапыда шаппаған. Керісінше оған хабар беріп, айқасқа дайындалуға мҧрсат беріп, кездесетін жерін, 
уақытын белгілеген. Бҧдан біз батырлардың ҿкінішке қалмай, ҿз намысын қарумен қорғауға алғандығын жҽне 
бір-бірінің қадір-қасиетін, ар-намысын қадірлей білгендігін кҿреміз. 
Қазақ батырлары жҽне олардың ел тағдырындағы тарихи орны дегенде, біз біріншіден, батырлар 
жырындағы, тарихи жыр, аңыз, дастандардағы тереңнен тамыр тартқан туған жер туралы идеяны бірінші 
қатарға қоюымыз қажет. Батырлар туралы бірде-бір халық мҧрасы осы идеяны айналып ҿтпеген.Туған жерді 
қорғау, сақтау, келер ҧрпаққа аманаттау, ел бірлігі, ел ынтымағы идеясы - бізге жеткен барлық ҽдеби 
мҧралардың алтын арқауы осы. 
Ең бастысы ел тағдырындағы, ҧлттық тарихымыздағы ҽрбір есімі белгілі, халық жадында биік тҧғырға 
кҿтерілген, халықтық ҧғымдағы ел махаббатына, ел сҥйіспеншілігіне бҿленген батыр-тарихи тҧлға ретінде 
бҥгінгі кҥнде де, қазіргі заманымызда да еш маңызын жоймайды. Ҽсіресе, қазіргі тҧста, қолымыз ҧлттық 
тҽуелсіздікке жетіп, еліміз ғасырлар бойы аңсаған, армандаған егемендігін алған тҧста қазақ батырларының 
баға жетпес еңбегі, ерлік жорықтары, ең бастысы бір сҥйем қазақ жері ҥшін қасық қаны қалғанша жаумен жаға 
жыртысып тағдыр кешкені – тарихи танымның, рухани тағылымның баға жетпес биігі осы. Ҽлдеқашан 
халқымыздың рухани тірегіне, дҥниетанымдық тҧғырына айналған бҧл жырлардың, аңыз-ҽңгімелердің, ел 
ішіне кең тараған шежірелердің, барлығының кҿркемдік қҧндылығын, идеялық бағыт-бағдарын бағалағанда 
алдымен осы тарих тағылымына табан тіреуіміз аса қажет. Сонда ғана қазақ аспанында шоқ жҧлдыздай 
жарқырап нҧрын шашқан қазақ батырларының мҽңгі ҿшпес рухы ҧзақ кҥткен тҽуелсіздігімізді баянды етуге, 
алған бетімізден адаспауға жол ашады. Ең бастысы осы идея, осы арнадағы қҧндылықтар – қазақ ҽдебиетінің 
сан ғасырлар бойында жасалған, сандаған кезеңдерді кҿктей ҿтіп, бірақ берік ҧлттық рухани арқауынан бір 
сҽтке де айырылмаған бай тарихындағы кҿркем ҽдебиет ҥлгілерінің барлығында да басты нысана болған. 
Сондықтан да осынау ҽдебиет ҥлгілерін қазіргі кҥнге дейін қазақ руханиятының алтын қорындай ҧлт ҥшін, 
оның болашағы ҥшін қызмет етіп жатқан қайталанбас қазыналарымыз ретінде қабылдауымыз қажет.
Жалпы, «батырлық» ҧғымын терең мағынада қарастырған лҽзім. Ҽр дҽуірдің, ҽр саланың ҿз 
«батырлары» бар деп есептеймін. «Батырлық – білекте емес, жҥректе» деп қапысыз айтқан дана халқымыз бҧл 
ойымды нақтылай тҥседі. «Ақ кҥріштің атасы» атанған Ыбырай, темір тракторды тізгіндеген Жадыра
Қасымтай, қоймаға кҥрішті еселеп қҧйған Сҽлима сынды ата-ҽжелеріміздің еңбегін ерлік деп ҧғынамын. Ҧлы 
Отан соғысы тҧсындағы, тҽуелсіздік жолындағы желтоқсандық батырлар ерлігі жайлы жазылған, жазылар жыр-
дастан бір тҿбе.Ҧлылардың ҿмірі, ерлігі бізге қашанда ҥлгі-ҿнеге. Біз сол кісілердің тағылымды ҿмірі арқылы 


103 
тҽрбиеленеміз, бойымызға патриоттық, отансҥйгіштік сезім жинап ҿсеміз. Біздің арамыздан да болашақ 
батырлар шығарына кҽміл сенеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет