140
ҚАЗАҚ ДҤНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ АСПАН ДЕНЕЛЕРІ
Хамидуллина Асель
Қазақ тілі мен əдебиеті, 2 курс магистранты
С.Бəйішев атындағы Ақтөбе университеті,
Ақтөбе, Қазақстан
8705-625-46-06,
sagintaevna.assel@mail.ru
Қазақ халқы - табиғаттың тҿл перзенті. Ата-бабаларымыздың кҿшпелі тҧрмыс-тіршілігі қоршаған ортадағы
табиғат қҧбылыстарын жіті бақылай отырып, бағдар жасап табиғатпен тығыз гармониялық байланыста бірге
ҿмір сҥруге бейімделген. Жазы-қысы далалық ҿмірде тіршілік еткен қазақ халқы ҿздері тҧрған ҿлкенің табиғи
ерекшелігі мен қҧпиясын терең меңгергендігі сондай, кҿз аштырмас боранда жердің шҿбіне қарап ел тауып,
қҧс, жан-жануар, қҧрт-қҧмырсқа тіршілігіне зер салып, жыл мезгілін ерте болжап, ҿзінше қам жасай білген.
Жылдың ҽр айлары мен тоқсанында болатын ауа райындағы ҿзгерістер мен қҧбылыстарды дала халқы ҽр кез
назарына ҧстап, оған ат қойып, айдар тағып, баға берген. Мҧндай жайларды ҥнемі қадағалап болжап жҽне оны
кҥн ілгері хабарлап отыратын қазақ қоғамындағы жҧлдызшылардың рҿлі ҿз заманында аса зор болған.
Аспан денелері мен амал атауларын білдіретін сҿздер мен сҿз тіркестері, мақал-мҽтелдер мен тҧрақты тіркестер
- белгілі бір халық, ҧлт ғасырлар бойы жинақтаған ҿмір тҽжірибесі мен дҥниетанымының нҽтижесі. Ата-
бабаларымыз аспан ҽлеміндегі нысандардың қозғалу жҥйесін табиғат заңдылықтарымен сабақтастыра игерді,
олардың сараптаулары мен тҧжырымдаулары астрономиялық білім-біліктің озық ҥлгісін кҿрсетті. Олардың
еңбектерінің барлығы маңызды ақпарат беретін қҧнды да қҧнарлы дҥниелер екені сҿзсіз. Бҧл жҿнінде Қ.Ғ.
Аронов былай дейді: «Халқымыз аспан денелеріне табынып қана қоймаған, олардың туып, батуын бақылай
отырып, бҧл қҧбылыстарды тҧрмыс-тіршіліктің қажетіне жарата білген» [3, б.16].
Қазақстанның ежелгі тайпалары Кҥн мен Айдың қозғалысын, кҿптеген жҧлдыздардың туатын жҽне бататын
кездерін, кҿрінетін орындарын жақсы білген. Астрономияға байланысты аңыздар, ертегілер, жырлар,
жҧмбақтар, жаңылтпаштар, мақалдар мен мҽтелдер қазақ ауыз ҽдебиетінде ҧшан-теңіз. Ежелден халқымызда
келе жатқан сенімдердің бірі – кҿкке сену. Кҿк ҧғымы – «тҽңірі (қҧ- дай)» ҧғымымен пара-пар болған. Адамның
басына қиын жағдай туғанда: «Е, тҽңірім қолдай гҿр!», «Тҽңірім жарылқай гҿр!» деген жалбарыну сҿздері
арналса, біреуге ризашылық «тҽңірі жарыл- қасын», «тҽңірі риза болсын» деген сҿздермен берілген [2, 200-210
бб.]
Қазақ кҥнтізбесінің негізгі аспандағы жҧлдыздардың тууы мен бату қозғалыстарына орай қалыптасқан.
Жҧлдыздар тек уақытты белгілеушілер ғана емес, сонымен қатар бағдаршы қызметін де атқарған. Қазақша
жҧлдыз атауларының ішінде кҿне тҥркі заманынан ҧмытылмай, атын ҿшірмей сақталып келе жатқан
Жетіқарақшы, Ҥркер, Сҥмбіле, Темірқазық жҽне Шолпан жҧлдыздары.
Ҽр жҧлдызға қатысты тарихы, аңызы халық арасында айтылатын болған. Ай сҿзі айяз тҧлғасынан
шыққан. Айяз тҧлғасы кҿне тҥркі тілінде «таза» деген мағынаны білдірген. Г.Вамберидің пікірінше, «ай»
сҿзі ақсын есімімен байланысты. Дҽлел ретінде «ай юз лук» мағынасына тоқталады. Ай сҿзі о баста ақ тҥсті
білдіретін сын есім болған. Осыдан келіп тіліміздегі сын есім туындаған, яғни ай - ах - ақ. Айдың кеш туғанын
жҽне кемігенін тілімізде ай қорғалады тіркесі арқылы береді. Мҧның мҽні Кҥнге жақындап барғанда Ай
«қорғалап» бетін жасырады, ал қашықтағанда Ай толып, Кҥнді қызықтырып, бетін тҥгел кҿрсетіп, ереуілдейді
дегенді білдіреді. Бҧл ертедегі Ай мен Кҥннің ҿзара орналасуына байланысты жаңа Ай, ширек Ай, толған
Ай болып Ай тҥрінің ҿзгеру қҧбылысын аллегориялық формада қисындырып тҥсіндірмек болғаннан туындаса
керек.
Қазіргі тілімізде ай жҽне кҥн атауымен байланысты ай қорғалау, ай тҧтыну, ай қарамысы, бетін айдай қылу, ай
қарап отырма, айың оңынан тусын, кҥн тоқырады, кҥн жайлату, кҥн қайыру сияқты фразеологизмдер де орасан
мол.
Айдан кейінгі елеулісі – Жетіқарақшы шоқжҧлдызы. Жетіқарақшы кҿкжиекке батпайтын жҧлдыз, ол тек бір
тҽулікте Темірқазықты бір айналып шығады. Ол жеті жҧлдыздан тҧрады. Сол жетеудің тҿртеуі ожаудың басы
сияқтанып, ал қалған ҥшеуі оның сабы сияқты болып келеді. Ай кҿрінбес сағаттарда айрықша кҿзге тҥсіп, аз
болса да, жарық беретін, жалғыз жҥрген адамдарға ес, сҥйеу болады. Ол кҥндіз де жҥреді. Жетіқарақшы
шоқжҧлдызы бастапқыда жеті ҧры болған екен. Кҥндіз ҧрлық істеп, кешке кҥнҽларын кешуді тҽңірден сҧрап
141
жалбарынғандықтан жҧлдыздарға айналған делінеді. Аңыз бойынша бҧл жҧлдыз Жетіқарақшының рухы, олар
ҿлген соң жеті жҧлдызға айналған. Ертеректе шаруалар Жетіқарақшыға қарап, тҥн мезгілдерін де ажырататын
болған [3, 78-80 бб.]
Қазақ атаулының кҥллісіне мҽшһҥр Темірқазық жҧлдызы ғылым тілінде α дейтін жҧлдыз. Дҥние полюсіне
жақын тҧрғандықтан оны кҿбінесе Полярная звезда деп атайды. Арабша-орысша сҿздікте оның арабша
аты Қҧтыб деп кҿрсетіледі. Қырғыз, тҥрікмен сияқты тҥрік тілдес халықтардың бҽрі де оны ҽртҥрлі
фонетикалық вариантта Темірқазық деп атайды. Қазақ тілінің оңтҥстік говорында Алтынқазық немесе
Жалғызқазық деген атаулары да ҧшырасады.
Аспан ҽлеміндегі Темірқазық пен Жетіқарақшы жҧлдыздары шҿміштің басы тҽріздес бір тҥзудің бойында
орналасқандықтан бҧл екеуінің байланысы туралы этнограф ғалым Г.Н. Потанин былай дейді: « Барлық
жҧлдыздар тҽулік сайын қозғалады, ал Темірқазықта олай емес. Оның қозғалысы ҿзгеше». Оның кҿрер кҿзге
қозғалмайтынын халық ежелден танып біліп, ол арқылы адамдар жер тараптарын – «дҥниенің тҿрт бҧрышын»
айыратын болған. Ҿйткені Темірқазық аспанның солтҥстігінде болады да, ҽрдайым дҥниенің солтҥстігін
кҿрсетіп тҧрады. Міне, сондықтан да этностың дҥниетанымында солтҥстік (терістік) жақ дегеннің орнына
Темірқазық жақ деп айтатын болған. [3, б.34]
Этнос танымында Темірқазық жҧлдызын қозғалмайтын негізгі бағдаршы ретінде танып ауыз ҽдеиеті
ҥлгілерінде жиі ҿлеңге қосады.
Мысалы:
Шынжырлап Ақбозат пен Кҿкбозатты,
Жылжымай Темірқазық мҥлгіп қапты.
Қарақшы жеті бірдей торуылдап,
Бар жҧлдыз жымың қағып, бірін бақты (Асқар Тоқмағанбетов).
Қазақтардағы едҽуір танымал жҧлдыздарының бірі - Ҥркер. Қазақ есепшілері Ҥркердің тууы мен батуын
ҥнемі қадағалап, бақылап отырған, шаруашылық маусымдары соған сҽйкестендірілген. Ҥркердің ҿзіне тҽн
ерекше қасиеті кҿкке жоғары ҿрлеген сайын кҥн суытып, ал тҿмендеген сайын жылына бастайды. Осындай
ерекшеліктерін байқаған халық танымында «Ҥркерлі айдың бҽрі қыс» деген тҥсінік бар. Ҥркер жерге тҥскенде,
яғни кҿктен мҥлде кҿрінбейтін кезі жаз мезгілінің келгенін білдіреді. Бҧл шақты халық «Ҥркер жерге тҥскен
кез» деп атайды. Ҥркер жҧлдызының бҧлай аталу себебі, аңыз бойынша Жетіқарақшы шабуыл жасаған кезде
ҥркіп кетіп, содан Ҥркер деп аталған екен. Халық тҥсінігі бойынша ҥркерге қарап, тҥннің қай уақыты екенін
жҽне жылдың қай мезгіл екенін де анықтап білуге болады. [2, б.27]
Қазақ есепшілері Ҥркер жҧлдызының қозғалысына бақылау жасай отырып, табиғаттағы ҿзгерістерге бақылау
жасаған. Содан тілімізде осыған байланысты кҿптеген тіркесімдер сақталып қалған. Мысалы, ҥркер туса таң
ҧзарады, ҥркер қҧрғақ жерге тҥссе, аңызақ жел кҿп болып, қуаңшылық болады, ҥркер тасқа тҥссе, шылыңғыр
қатты ыстық болады, ҥркер кҿтерілсе, бидай бас тартады, ҥркер жерге тҥспей, жер қызбайды, ҥркер жерге
тҥсерде қой қырқылады, ҥркер туса, сорпа қоюланады, қой семіреді, ҥркер кҿтерілсе, қошқар басын кҿтереді,
ҥркер батқанда таутеке тастан ҧшады сияқты ҧғым-тҥсініктер ертедегі қазақ халқының тҧрмыс-тіршілігі мен
санасындағы этномҽдени дҥниетанымынан мол ақпарат береді.
Қазақ елі «Сириус» шоғыр жҧлдыздарын «Сҥмбіле» деп атайды. «Сҥмбіле туар сҥмпиіп, ат семірер қҧнтыйып»
деген мақалда Сҥмбіле туған соң жаз айы аяқталып, мал тыныштығын алатын шыбын- шіркей жоғалады.
Шҿптер пісіп, қҧндылығы артып, мал семіріп, жҥндері жылтырай тҥседі. «Сҥмбіле туса су суыр» деген сҿз егін
орып, отын-су жинап, жылы ҥй дайындап, қыстың қамын ойластырған. Бҧл Орионның кҿкжиектен шығуы
жаздың аяқталғанын кҿрсетеді, яғни таңертең кҥн салқындай бастайды, ал Сҥмбіле туғанда тҥнге қарай су
қатты салқындайды [4, б.17]
Тҥн қараңғысын жеңіп, дҥние жҥзіне нҧрын шашып келе жатқан Кҥннің хабаршысы Шолпан жҧлдызы болған.
Қазақтардың кҿшпелі шаруашылық ҿмірі Шолпан қозғалысына байланысты жылдың ҽр мезгілінде ҽр тҥрлі
анықталған. Шолпанның жазғы кезеңде таң атарда Шығыстан кҿрінуіне «Таң шолпаны», «Таң жҧлдызы» деп
қуанатын болған. Шолпан жҧлдызы – таңғы жҧлдыз. Бҧл жҧлдыз кҥн шықпас бҧрын малды жайылымға айдап
кеткен кезде немесе малды жайылымнан айдап келген кезде кҥн батқанда кҿрінетін болған. Сондықтанда ол
«Шолпан (немесе Шопан) жҧлдызы – «Бақташы жҧлдыз» деп аталған. Бақташы жҧлдыз туғанда қазақ
малшылары қойды тҥнемеге, қотанға айдап келген [1, б.30].
Қазақ аңыз-ҽңгімелерінде Шолпан ҿзгеден бҿлек, жарқыраған асыл жҧлдыз, жарығы кішігірім Айдай. Ол
туғанда мал жусап тҧрады. Ол бірде аш, бірде тоқ болып туады. Бірде Шолпандардың аспан шамына ҧқсап
142
жарқырап, ал бірде нҽзік бастау болып туады. Сондай-ақ қазақ дҥниетанымында Таң атар, таңды Шолпан оятар,
Шолпан - жҧлдыз серкес, Шолпан жатып қалды сияқты халық ауыз ҽдебиетіндегі сҿз қолданыстар Шолпан
жҧлдызының негізгі қасиеттерін аңғартады.
Қазақ халқының санасында ерте дҽуірден-ақ жҧлдызнамалық танымның кҿп болғандығына
байланысты жҧлдызы жарық, жҧлдызы биік, жҧлдызы жоғары, жҧлдызы оңынан туу, жҧлдызы ыстық, жҧлдыз
санау, жҧлдызы қарсы, жҧлдызы сҿнді, жҧлдызы ҧшты, Темірқазық, Жетіқарақшы, Ҥркер, Шолпан,
Есекқырған, Қҧс жолы сияқты тілімізде қалыптасқан тҧрақты тіркестер мен теңеулер, ҽр жҧлдызға байланысты
жекелеген атаулар мен сҿз қолданыстарының болғандығы дҽлел бола алады. Жазба кҥнтізбесі болмаса да ҿз
заманында астрономиялық білім-біліктің озық ҥлгісін кҿрсеткен ата-бабаларымыз жыл он екі айдағы ҽлем
бейнесін ҿз дҥниетанымында зерделеп, он екі ай ішіндегі ҽртҥрлі амалдарды атадан балаға мирас етіп,
сабақтастыра білгенін ҧлт мҽдениетіндегі аса маңызды рухани қҧндылыққа жатқызуға болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҼДЕБИЕТТЕР:
1.
Ҽбутҽліп О.М. Мҧсылман кҥнтізбесі // «А.Байтҧрсынҧлы – қазақ тіл білімінің кҿшбасшысы» атты
халықаралық ғылыми-ҽдістемелік конференция материалдары. – Алматы, 2012.
2.
Искаков М. Қазақтың байырғы календары. – Алматы, 1960.
3.
Ҽбішев Х. Аспан сыры. – Алматы, 2009.
4.
Ысқақов Х. Халық календары. – Алматы, 2009.
Достарыңызбен бөлісу: |