Рамазан батасы немесе жарапазан батасы. Бҧл бата тҥрі мҧсылмандардың қасиетті айы – рамазан айында
беріледі. Рамазан батасы ораза айында айтылатын жарапазан ҿлеңдерімен қоса немесе жеке де айтылады.
Жарапазаншылар кҿбіне ораза ҧстаушылар (Ауыз бекітушілер) кҥн батқан соң ауызашар жасап, қоректеніп
ҽлденіп алған соң, ифтар берген отбасыға ҿздерінің ризашылығын білдіріп, батасын береді. Осы орайда ғалым
Ҽ.Қоңыратбаев: «Жарапазанның басы мақтау, хикаялау, аяғы – алғыс, бата болып келеді» - деп ҿзінің
анықтамасын берген [7.14].
Рамазан батасының мазмҧны – ҥй иесіне жақсылық, молшылық, байлық тілеу, ҿзіне кҿрсетілген сый –
сыяпаттың қарымтасын ақ тілекпен қайтару. Ҥй ҥйді аралап жҥріп мереке кезінде айтылатын орыс колядкасы
139
мен украин шедривкаларындағы алғыс – тілектер мазмҧны жағынан рамазан батасымен сарындас болып
келеді.