Материалдары


Отбасы ғҧрпына байланысты бата сҿздер



Pdf көрінісі
бет123/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

Отбасы ғҧрпына байланысты бата сҿздер 
ізгі тілек тілеу мақсатымен қоса, сол ғҧрыптардың орындалу 
рҽсімінің бір бҿлігі ретінде бекітуші, «заңдастырушы» қызметінде атқарады. Мысалға бала дҥниеге келгенде, 
бесікке салған кезде, тҽй-тҽй басқанда, атқа алғаш мінген кезінде, отағасы атанып ҥйленгенде, қызын ҧзатқанда, 
келін тҥсіргенде, мақсат – мҧраты осы салттарды бекітуге арналады. Мысалға, Бҧқар жырау дҥниеге келгенде 
Ҽнет бабаның берген батасы да оның болашағында ҧлы мҧратқа жетіп, ҥлкен жетістікке жетуіне негіз болған 
дейді ғалымдар:
Есімің Бҧқар болсын,
Мінгенің тҧлпар болсын.
Дауысың сҧңқар болсын,
Ісіңе халқың іңкҽр болсын! [1.85]
Сондай-ақ, ҥйлену салтындағы бата сҿз осы тармақтың бір қҧрамас бҿлігі. Ҥйлену салтына байланысты бата-
тілектер сҿздер жас жҧбайларға, жаңа отбасыға келген жас келінге, ҧзатылған қызға, той иелеріне арналып 
айтылады. Адам ҿмірінің осынау елеулі кезеңдеріндегі айтылатын бата сҿздері мазмҧндық, мағыналық 
жағынан ҥгіт – насихатқа, ақыл – кеңеске, ҿмірлік тҽжірибеден жинақталған ҿсиетке, тҽлім – тҽрбиеге 
негізделеді.
Ҧзатылған қызға, жас жҧбайларға жҽне жас келінге берілетін дҽстҥрлі бата сҿздерде ҧлттық салт – дҽстҥрді, 
инабаттылық, ҽйел баласы жаңа ақ босағаны келін болып аттаған сҽттен бастап сақтауға тиіс ережелерді, мінез 
– қҧлқын нормаларын сақтаудың маңыздылығы ескертіліп, жас отауға ақ жол, қҧт – береке, баянды бақыт
молшылық, ҧрпақ тілек етіледі. Келіннің ата-енесіне, кҥйеуіне мойынсҧнуы, жалпы отбасының барлық 
мҥшелерінің арасындағы қазақ ҿмірінде қалыптасқан арақатынас реттілігі насихатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет