Материалдары


РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ЭТНОГЕНЕЗ ЖҼНЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ



Pdf көрінісі
бет144/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ЭТНОГЕНЕЗ ЖҼНЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
Айтқалиева Ҧ 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы 
Атырау, Қазақстан 
Аннотация.
Қазақ халқы – арғы тегі ежелден келе жатқан этнос. Оның тарихы мыңдаған жылдарды қамтиды. Оған 
дəлел – қазақ халқының тілі, əдет-ғұрыптары, салт-санасы, өмір салты, шаруашылығы, тəрбие тағылымы 
мақаладан орын алады. 
Түйін сӛз:
 

Қазақ халкы, Тарихи Рашиди, Әлкей, тарихнама, қалыптасу, этногенез. 
Соңғы кезге дейін қазақ халқының рухани мҽдениетін ҽлемдік ҿркениетке қосқан ҥлесін бағалауда біржақты 
баға берушілік аңғарылды. Қазақтар тек кҿшіп-қонып кҥнелткен, мҥлде сауатсыз болған, жазу-сызуы болмаған, 
қала мҽдениетінен қҧр алақан ел ретінде қарап келдік. Тіптен ҥш мың жылдан астам тарихы бар халықтың жҽне 
оның ата-тегін қҧрағандардың бҥкіл ҽлемдік ҿркениетке қосқан ҥлесі жайында сҿз қозғаудың ҿзі де бізге 
орынсыз болып кҿрінетін. 
Арғы тегі біздің жыл санауымызға дейінгі сактарға, гундерге ҧштасатын қазақтардың мҽдениеті, мыңдаған 
жылдар бойына сараң жҽне шабан ҿркендеп келгені мҽлім. Оған бҧдан екі жарым мың жыл бҧрын біздің елге 
саяхат жасап келген грек тарихшысы Геродоттың, Қытай, Рим саяхатшыларының, соңғы мың жылдың алды-
артында қазақ даласына жолаушылап келген румның (Византияның), арабтың, иранның, тағы басқалардың 
қалдырған жазуларына қарағанда, тағы бҧрынғы сак, массағат, гун, сармат аталатын кҿшпенділердің 
тҧрмысынан қазақтардың тҧрмыс айырмашылығы аз болғандығы мҽлім. 
Сонымен қатар қазақтың кҿрнекті ғалымдары Ҽлкей Марғҧланның, Мір Қадырбаевтың, Оразақ Ысмағҧловтың, 
Кемал Ақышевтің, Карл Байпақовтың, Ауданбек Кҿбесовтың, сонымен қатар қазақтың ҿткен ғасырдың бас 
кезіндегі белгілі тарихшылары Міржақып Дулатов, Мҧқамбетжан Тынышбаев зерттеу еңбектеріне қарағанда, 
қазақ жерін ежелгі заманнан бері мекендей бастаған дала тайпаларының кейініректегі тҥркі-қыпшақ, мангол 
қосындыларымен біте қайнасқан, тҥп-тамыры бірегей, орта ғасырлардағы тҥркі-араб-парсы рухани 
жетістіктерімен жалғасқан ҿзіндік кҿне мҽдениеті болғандығын білеміз. 
ХҤ ғасырдың аяғында, ХҤІ ғасырдың басында ҿмір сҥрген жҽне дҥние жҥзіне ҽйгілі ―Тарихи Рашиди‖ кітабінің 
авторы Мухамед-Хайдар Дулати ҿз тҧсындағы кҿпшенділердің ҿмірін сипаттағанда: ―Біз далалық 
тҧрғындармыз. Бізде таңданарлық ерекше қымбат нҽрселер жоқ. Біздің бар байлығымыз – жылқы. Оның еті –
азығымыз, терісі-киіміміз. Біз ҥшін ең татымды сусын-жылқы сҥтінен жасалатын қымыз. Біздің жерімізде бау-
бақша да, қысқы жылы ҥйлер де жоқ. Біздің кҿрер қызығымыз мал бағу ғана‖, - дейді.
Қазақ халқы – арғы тегі ежелден келе жатқан этнос. Оның тарихы мыңдаған жылдарды қамтиды. Оған дҽлел – 
қазақ халқының тілі, ҽдет-ғҧрыптары, салт-санасы, ҿмір салты, шаруашылығы, тҽрбие тағылымы. 
Қазақ халқының тҥп-тҿркіні, адамзат тарихында ҿз орны, туған жҧртымыздың ҽлемдік ҧлы мҽдениетке қосқан 
ҥлесі жайлы жазылған ҥлкенді-кішілі ғылыми туындылар сирек болса да жарық кҿріп жҥр. 
Қазақ тарихнама ғылымында ―қазақ‖ атауының шығу тегі, оның этимологиялық мҽн-мағынасы туралы мҽселе 
кҿптен бері талқыланып, ҽлі де ҿз шешімін таппай, ҽртҥрлі пікірлер айтылып, талас пікірлер туғызып келе 
жатқан кҥрделі мҽселелердің бірі. Бірақ ҽлі кҥнге дейін бҧл мҽселе ғылымда да ҿз шешімін таппай отыр. 
Қазақ халқының қалыптасуы жҽне этногенезі туралы қҧнды деректер беретін еңбектердің қатарына Нығмет 
Мыңжанның ―Қазақтың қысқаша тарихы‖ (Алматы, 1994) Сҽбит Мҧқановтың ―Қазақ қауымы‖ (Алматы, 1995), 
Серғазы Қалиевтің ―Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы‖ (Алматы, 2003), Қҧбығҧл 
Жарықбаев пен Серғазы Қалиев қҧрастырған ―Қазақтың тҽлімдік ой-пікір анталогиясын‖ (І том, Алматы, 1994) 
жатқызуға болады. Бҧл еңбектер қазақ халқының тарихына қатысты ежелгі, қазіргі жазба деректерді, шежіре-
жылнамаларды, ел ауызындағы аңыз-ҽңгімелерді тҥгелге жуық қамти отырып, бҧрын-соңды айтылған 
болжамдар мен қисынды тҧжырымдардың аражігін ажыратып береді. Бҧл еңбектер кҿне қытай, араб, парсы 
жҧрттарының жазба деректеріне, тҥрік, монгол шежіре жылнамаларына сҥйене отырып, қазақ халқының сақ, 
ҥйсін, қаңлы, ғҧн секілді ежелгі елдердің ҧрпағы екендігіне кҿз жеткізеді. Сҿйтіп, бҧл еңбектер қазақтың арғы 
ата-бабасынан (біздің дҽуірімізден мыңдаған жыл бҧрын) мҧралыққа қалған қасиетті қара қонысында отырған 
байырғы ел, марқа мҽдениеті, бай тарихы бар кҿне халық екенін дҽлелдеп берген. 


176 
―Қазақ‖ атауының шығу тарихы туралы айтқанда, ең алдымен шетелден келген жеке саяхатшылардың жазып 
қалдырған ескерткіштерін, жазып қалдырған ҽсерлерін басшылыққа аламыз. Бҧлардың кҿпшілігі кҿне 
замандағы Грецияның, Римнің, Қытайдың, Иранның, Византияның, арабтың жҽне орыстың Орта жҽне Орталық 
Азияға келіп кеткен саяхатшылардың кҿрген-білген естеліктері. Олар негізінен қазақ халқының қҧрамына 
кірген кҿшпелі рулардың тҧрмысын сипаттайды. 
Бҧлар жазып қалдырған деректердің кҿбіне Орта жҽне Орталық Азиядағы кҿпшелілерге ―татар‖ деген ат 
тағылды. Арғыларын былай қойып, кеше ғана жасаған Петр Иванович Рычков та (1712-1777) қазақты 
татарларға қосады. Кҿне монголоидтар ішінде ―тат‖, ―татра‖, ―татар‖ қалып жҥрген рулары бары рас. Бірақ 
бҧлар тҥркілерге де, Орта Азия кҿшпелілеріне де, қазақ руларына да жатпайды. Монгол Шыңғыс хан батысқа 
шабуыл жасағанда, оның ҽскерлерінің бірталайы татарлар болған. Шыңғыс жаулап алған ҿлкелер: ―Алтын‖, 
―Кҿк‖, ―Ақ‖ аталатын ҥш ордаға бҿлінгенде, Еділ бойындағы Алтын Орданың кҿпшілігі татар болған. 
Қазақ тарихын зерттеп, ең алғаш рет жазба тҥрінде жариялаған адам, орыс ғалымы Алексей Ираклиевич 
Левшин (1799-1879) болды. Оның ―Қырғыз-қайсақ ордасының сипаты‖ аталатын ҥш томдық еңбегі 1832 жылы 
жарық кҿрді: бірінші томы қазақтың жер-суын, екінші томы-тарихын, ҥшінші томы-ҽдет-ғҧрпын сипаттауға 
арналған. Бҧл еңбек кҥні бҥгінге дейін қҧнды саналады. 
Сол ғалымдар мен шежірелердің айтуынша, ерте замандардағы кҿптеген ірілі-ҧсақты рулардың ―қазақ‖ атымен 
бірігіп, тҧтас мемлекет болуы, кезінде ҿз алдына хандық, патшалық қҧрып дҽуірлеген, адамзат тарихына 
ҿшпестей із қалдырған сак, ҥйсін, қаңлы, гун, тағы басқа ежелгі халықтардың қазіргі қазақтың арғы ата-бабасы 
екені даусыз. Осыншама тҧрақтылық, тҧтастық, тҧтас мемлекет болмаған, ҿмір бойы жауынгершілікті басынан 
кешірген елде сақталуы таңғаларлық қҧбылыс. 
Қазақ халқы – ерте заманда еліміздің батыс ҿңірін, Алтай, Тянь-Шань таулары мен Жоңғар ойпатын, Жетісу 
ҿңірі мен Сырдария алқабын жҽне Дешті-Қыпшақ даласын мекен еткен. Ежелгі тҥркі тілдес тайпалардың, атап 
айтқанда, сақ, ҥйсін, қаңлы, алан, қыпшақ, дулат, тҥркеш, қарлық, оғыз, арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, 
жалайыр, алшын т.б. тайпалардың тҥрліше тарихи даму дҽуірлерін басынан кешіре отырып, бірте-бірте 
этникалық бірігуі жҽне этногенездің бірігуі арқылы халық болып қалыптасты. Қазақ халқының шығу тегі 
туралы қазақтың байырғы шежіресінде мол мҽлімет сақталған, қазақ халқының этникалық қҧрамына енген 
рулар мен тайпалардың аттары, тайпалардың таңбалары, ҧрандары жҽне осы ру-тайпалардың шығу тегі мен 
таралу мҽн-жайын баяндайтын шежіре деректері талай дҽуірді басып ҿтіп, біздің заманымызға жетті. Бҧл 
шежіре деректері, негізінен алғанда, жазба деректермен бір жерден шығып, оны толықтырып отырады. 
Қазақ халқының ҿз алдына жеке халық болып қалыптасуы ҧзақ тарихи даму дҽуірлерін басынан кешірді. Ежелгі 
қытайдың, парсының жҽне гректің жазба деректеріне қарағанда, біздің заманымыздан бҧрынғы 7-9-ғасырларда 
Орта Азия ҿңірін сақ тайпалары мекен еткен. Бҧл сақтардың ―Шошақ тҿбелі тымақ киетін сақтар‖ деп аталатын 
тайпаларының орналақан жерінің орталығы Іле алқабы мен Жетісу ҿңірі болған. Біздің жыл санауымыздан 
бҧрынғы 4-3 ғасырдың шегінде бҧрынғы сақ тайпаларының одағы ыдырап, оның орнына ҥш тайпалық одақ-
ҥйсіндердің, қаңлылардың, аландардың тайпалық одақтары қҧрылған. 
Қазақ халықының тҥп тҿркіні заманымыздан бҧрынғы 7 ғасырдан бастап жазба тарихта белгілі болған сақтар 
еді. Заманымыздан бҧрынғы 3-ғасырдан 5-ғасырға дейін ҿмір сҥрген ҥйсіндер бірлестігі мен қаңлылар 
бірлестігі қазақ халқының негізгі ҧйытқысы болды. 
Қазақ халқы он ҥшінші ғасырдың басында Шыңғысхан жорығының алапатына тап болды, қазақ тайпаларының 
(кереай, найман, меркіт, т.б.) бҧл шапқыншылыққа қарсы жасаған жиырма жылдық кҥресі сҽтсіздікке ҧшырады. 
Шыңғысхан олардың арасындағы алауыздықты, бытыраңқылықты пайдаланып жеке-жеке бағындырды. 
Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияны тҥгел бағындырды. 
Шыңғысхан жаулап алған жерлері мен елдерді ҧлыстарға бҿлді де, ҧлдарына енші етіп ҥлестірді. Ертіс ҿзені 
мен Еділ ҿзеніне дейінгі ҧлан-байтақ ҿңірді мекендеген қазақ тайпалары Шыңғысханның ҥлкен ҧлы Жошының 
ҥлесіне тиді. Жетісуды мекендеген қазақ тайпалары Шыңғысханның екінші ҧлы Шағатайдың ҥлесіне тиді. 
1227 жылы Жошыхан ҿлген соң, Ертіс ҿзенінен Днепрге дейінгі созылған Жошы ҧлысы, батыс жҽне шығыс 
болып екіге бҿлінді. Жошы ҧлысының батыс бҿліші Еділ алқабы мен оның батысындағы жерлер, Қырым, 
Солтҥстік Кавказ, Солтҥстік Харезм жҽне осы ҿңірлерде жасаған халықтар Жошының орнына отырған ҧлы 
Батиханның ҥлесіне тиді де, оны Алтын Орда тікелей басқарды. Жошы ҧлысының шығыс бҿлігі – Алтай 
таулары мен Ертіс ҿзенінен Жайық ҿзеніне, Балқаш кҿлі мен Сырдария алабы, Арал теңізінің солтҥстігіне 
дейінгі жерлер жҽне оны мекендеген халықтар Жошының ҥлкен ҧлы Орда-Еженнің ҥлесіне тиді де, бҧл ҿңірде 
Ақ Орда хандығы қалыптасты. Ақ Орда хандығының территориясы қазіргі Қазақстан жерін тҥгелге дейін 
қамтыды. Бҧл кездегі қазақ тайпалары ―қыпшақ‖ деген жалпы атты қолданды. 


177 
Ақ Орда қол астындағы тайпалардың біртҧтас территориясы болды. Олардың ҽлеуметтік даму дҽрежесі 
біркелкі, шаруашылық тҧрмысы негізінен кҿшпенді жҽне жартылай кҿшпенді мал шаруашылығы, тілі – 
қыпшақ ҽдеби тілі (кҿне қазақ тілі), Ақ Орда хандығы 11-ғасырдан 13-ғасырдың басына дейін ҿмір сҥрген 
―қыпшақ елі‖ негізінде қҧрылған. 
15 ғасырдың орта шенінде қҧрылған қазақ хандығы Ақ Орда хандығына мҧрагерлік етті. Қазақ хандығын 
қҧрған Керей хан мен Жҽнібек хан Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ханның балалары еді. 
Бҧл қазақ хандығы ҽулеті болып қалыптасып, қазақ халқына 300 жылдан астам уақыт бойына ҥстемдік етті. 
Қазақ хандығының негізі бҧрынғы Ақ Орда хандығының территориясы жҽне оны мекендеген қазақ тайпалары 
еді. 
Қазақ хандығының қҧрылуы жҽне нығайып дамуы тҥрлі халықтарға қарап келген қазақ тайпаларын қазақ 
хандығына топтастырды, қазақтың этникалық территориясын біріктірді, осы арқылы қазақтың халық болып 
қалыптасу барысы біржола аяқталды. Сонымен, ―қазақ‖ деген халықтың қҧралуы, оған қарасты жер-су тегінің 
белгіленуі, сондай-ақ салт-дҽстҥр, ҽдет-ғҧрып, тіл, ҿнердің қалыптасуы да осы кезеңде басталғандығын тарихи 
қҧжаттар дҽлелдейді. Ҽсіресе, ҽдет-ғҧрып пен тіл. Бҧлар кең ҿлкені мекендеген қазақ руларында ҽлі кҥнге дейін 
азғантай ғана айырмашылығы болмаса, ҿзгеріссіз келе жатыр. ―Киіз туырлықты қазақ‖ аталатын бҧл елдің ҿмір 
тарихы, тҧрмыс-салты, ҽдет-ғҧрпы, мінез-қҧлқы бірдей. Тіл жағынан келгенде, қазақ тілінің ҧлттық сипаты, 
тҧтастығы ешуақытта ҿзгерген емес. Бҧл тҧтастық ХҤІ ғасырдағы Қасымхан мен ХҤІІ ғасырдың Есімхан 
тҧсында одан ҽрі дамып, олар ―Қасым ханның қасқа жолы‖, ―Есім ханның ескі жолы‖ аталатын заңдарын 
қалдырды деседі. Бҧл заңдар қазақ халқының елдігін кҥшейте тҥскен тҽрізді. 
―Қазақ‖ аталатын халықтың қалыптасуы ХҤ ғасырдың екінші жартысынан басталады деген қағида дҧрыс 
екендігін тарихи деректер бірден-бір дҽлелдейді. 
Қазақ тарихы туралық қай кезде кімдер жазса да, бір мҽселеге талас жоқ сияқты. Ол-қазақ халқының кҿне 
замандағы кҿшпелі тайпалардан қҧралуы. Солардың арғылары сақ, ―массағат‖, ―сармат‖, ―ҥйсін‖, ―қаңлы‖; 
бергілері: қыпшақ, арғын, найман, керей тағы басқаларын айтса да жеткілікті, қазақтың басын қҧраған сол 
тайпалар екені ақиқат. Бҧл бір, екіншіден, сол рулардың кейбірулері қазақпен кҿршілес қырғыз, ҿзбек, 
тҥрікмен, қарақалпақ, башқҧрт сияқты халықтар қҧрамына кіргенмен, қай рудың болса да, басым кҿпшілігі 
қазақ қҧрамында; ҥшіншіден, Орта Азияда кҿшпелі ҿмір сҥрген рулардың мекендеген жерлерінің басым 
кҿпшілігі қазақ халқының еншісіне тиген; тҿртіншіден, бҧрынғы кҿшпелілердің салт-санасы, ҽдет-ғҧрпы, мінез-
қҧлқы ҿзгешеліктердің кҿбі қазақта молырақ. 
ҤІ ғасырда Евразиядағы тарих сақнасына жаңа тарихи тҧлға – Тҥркі қағанаты – Тҥркілердің далалық 
империясы шықты. Ол ҿзінің гҥлденіп ҿсуінің шырқау шегіне жеткен. Кезінде Қиыр Шығыстағы Кореядан 
Қара теңіздегі Қырымға дейінгі орасан зор шетсіз-шексіз кең-байтақ аумақты алып жатты. 
Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Ҥндістанға дейінгі аумақты 
алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі роль атқарып келді. 
Орасан зор кең байтақ аумақта қоныс аударумен болған кҿшпелілер Евразияның этностық жҽне мемлекеттік 
бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет ҿзгертті. Тҥркілердің тҧтасқан ҧйымшылдығын кҿптеген авторлар атап 
кҿрсеткен болатынды. Олардың тап осы қасиеті тҥркі ҽлемінің Евразия кеңістігіне неғҧрлым тез таралуының 
маңызды факторы ретінде кҥні бҥгінге дейін жеткілікті бағаланбай келеді. Ел Президенті Н.Ҽ.Назарбаевтың 
―Тарих толқынында‖ атты еңбегінде ҧлттық тарихымыздың ҿткені мен бҥгіні жҽне болашағы туралы 
танымдық-тағылымдық қҧнды ой, ғылыми тҧжырым айтылыпты. Ел Президенті халқымыздың ҽрлі-бергі 
тарихын кҿрегендікпен ғылыми тҧрғыда талдай білген. 
Еңбектің беташарында автордың тарихи тақырыпқа мҽн беріп, халқымыздың ҿткені мен бҥгінгі тарихын 
зерттеудің басты себептерін былай тҥсіндіреді.
―...Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де, бҥгінгі кҥннің оқиғаларынан тарихтың ―табын‖ сезінгенім де 
деп білемін. Бҧлайша пайымдау кҿп ҧлтты қоғамда айырықша мҽн-мағына арқалайды: Біз барлығымыз ҥшін 
қҧқы мен мҥмкіндігі тең кҿп ҧлтты мемлекет қҧрудамыз. Бҧл ретте, Конституцияның кепілі ретінде, ел 
Президенті Қазақстанның барлық халықтарының алдында, 130 ҧлт пен ҧлыстар ҿкілдерінің баршасының 
алдында жауапкершілік арқалайды‖. Міне, сол себептен де ҿткеннің іргелі тағылымдарына ден қоя отырып, 
Президентіміз Қазақстан тарихының ҿзекті мҽселелеріне бҥгінгі кҥн тҧрғысынан ҿткен тарихымызды жаңа 
кҿзқарас таалаптарына сай зерделеуде, кҿп жылдар белгісіз болып, ескерілмей келген тарихи шындықты 
қалпына келтіруде ерекше еңбектенгендігін аңғару қиын емес. 


178 
Еңбекте кҿшпенділердің дҥниежҥзілік ҿркениетке қосқан ҥлесін, мҽдени қҧндылықтарды жасаудағы ролін 
бағалауда ҽлі де біржақтылық байқалатындығы баса айтылған. Оларды ―бҥлдірушілер‖ деп қарамай, қайта 
ҽлемдік ҿркениетке қосқан дҧрыс бағалаудың қажеттігін ашып кҿрсетеді. Осы мҽселені дҧрыс ғылыми 
тҧрғыдан пайымдауда Президентіміз қазақ тарихының осынау ең бір этникалық ҧзақ ғҧмырын зерделегенде біз 
қаптаған қасаң қоғамның қандай ҧлттың бҥгінгі тҧлғасына дҽстҥрлі қазақ қоғамының қандай ерекшеліктері 
―ізін қалдырып‖ отыр жҽне сан ғасырлық ҽсер-ықпалдың ерекшелігі неде деген мҽселені шындыққа сай 
сезінуіміз керек деген болатын-ды. 
Тҿл тарихымызды зерттеуде еңбекте ерекше мҽн берілген мҽселелердің қатарында қазақ этносының ғасырлар 
бойы қалыптасқан ҧрпақтан ҧрпаққа сабақтасып келе жатқан кҥрделі ҥрдіс екендігі жатады. 
Қазақ халықының тарихи тамырлары алғашқы қазақ хандығы қҧрылған кезеңмен шектелмейді. Оның бастау 
алар тҿркіні ҽріде, тамыры тереңде екенін кҿп тарихи деректер дҽлелдейді. 
Қазақ халқы – кҿне тарихы бар халық. Оның тарихы қай кезеңнен бастау алады? Ол туралы баспасҿз бітенде 
ҽртҥрлі кҿзқарастар бар. Қазақ педагогика тарихы ғылымы саласындағы белгілі ғалымдар, педагогика 
ғылымдарының докторлары, профессорлар Жарықбаев Қ.Б. мен Қалиев С. кҿшпелі қазақтардың тҽлімдік ой-
пікір тарихын шартты тҥрде ҥш кезеңге бҿліп қарастырды: 
Біріншісі – педагогикалық ой-пікірдің ілкі ҧлақ-бастаулары ҤІ-ҤІІІ ғасырлардан бергі қазіргі тҥркі тілдес 
халықтардың бҽріне ортақ қоғамдық сананың алғаш дҥниеге келу кезеңі (Орхон-Енисей жазу ескерткіштері, 
Қорқыт ата тағылымдары т.б.). 
Екіншісі – ілкі орта ғасыралар заманынан бастап, Қазақстанның Ресей қоластына кіру ҥрдісі сақталғанға дейінгі 
демократиялығы басым тҽлімдік ой-пікір кезеңі. 
Ҥшіншісі – ҧлттық педагогикалық ой-пікірдің кеңес ҿкіметі жылдарында дамуы. Бҧл қазақ халқының тҽлімдік 
ой-пікір тарихын тарихқа жаңа кҿзқарас тҧрғысынан бірден-бір объективтік тҧрғыдан дҧрыс кезеңдерге бҿлу 
деп бағалауымыз керек. Біздіңше, қазақ педагогикасының жаңа тҿртінші кезеңі – Қазақстан Республикасының 
тҽуелсіздік алу кезеңіндегі педагогикалық ой-пікірдің дамуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет