Материалдары



Pdf көрінісі
бет190/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

Ҽдебиеттер тізімі:
 
1.
С.Ғаббасов. Халық педагогикасының негіздері. 1995ж.69 б 
2.
С.Б.Бабаев «Бастауыш мектеп педагогикасы», Алматы – 2007ж.73 б 
3.
Б.А.Тҧрғынбаева. Ҧстаздық шығармашылық. Алматы, 2007 ж..85


232 
ҼОЖ 82:82.01.03.378.245.2 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҦНЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚ ҼДЕБИЕТІ ПҼНІН ОҚЫТУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Алтаева Зауре 
Педагогика ғылымдарының магистрі, Қызылорда қаласы
Қ. Мҧхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының 
қазақ тілі мен ҽдебиеті пҽні мҧғалімі 
Замана кҿшінде еліміздің ҿркениетті елдер қатарына қосылуы бҥгінгі ҧрпақ бейнесінен кҿрінеді. Білім 
мазмҧнын жаңарту, білім беру жҥйесін ҥздіксіз дамыту ҿмірдің ҿзі талап етіп отырған ҿзекті мҽселе екенін
Елбасы Н. Ҽ. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы: «Табысты болудың ең 
іргелі, басты факторы білім екенін ҽркім терең тҥсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің 
қатарында білім ҽрдайым бірінші орында тҧруы шарт. Себебі, қҧндылықтар жҥйесінде білімді бҽрінен биік 
қоятын ҧлт қана табысқа жетеді»,- деген жолдардан пайымдауға болады [1].
Қазірге таңда Қазақстанның білім беру жҥйесіндегі басты талап, негізгі міндеттердің бірі – ҽлемдік 
стандарттар деңгейінде білім беру жҽне білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Бҧл 
аса маңызды істе кешегі мен бҥгінгінің арасындағы байланыстан ҿзге еліміздің қоғамдық-ҽлеуметтік жағдайы, 
ҧлт пен ҧрпақ тағдыры, болашаққа қатысты мҽселелер жҽне зерттелетін, зерделейтін, ҧлттық салт-дҽстҥрлермен 
ҥйлесетін, халықтық қалпымызға сай келетін тҧстары да бар. Бҧл қоғамдық ҿмірдегі ҿскелең ҿзгерістерді жіті 
таразылап, ел бірлігін, тҧтастығын сақтау жолындағы аға ҧрпақтың игілік, ізгілік жолындағы жасампаздық 
істерін лайықты жалғастырып, қазіргі кезеңдегі оқу жҥйесіне, білім беру, тҽлім-тҽрбие ісіне сергек қарауды 
қажет етеді. 
Ҽлемдік тҽжірибеден алынған еліміздің білім беру жҥйесіндегі жаңа ҽрі заманауи жобаның бірі – «Қазақстан 
Республикасы орта білім беру мазмҧнын жаңарту» аясындағы «Спиральді оқыту» бағдарламасын атап ҿтпесе 
болмас. «Спиральді оқыту» қағидаты бойынша қҧрылған білім беру бағдарламасы ғалым Джером Брунердің 
1960 жылы жарық кҿрген «Білім беру ҥдерісі» атты еңбегінде танымдық теорияға негізделе отырып 
қарастырылған [2.1]. Сапалы білім беру бағытын айқындайтын сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға 
негізделген бағдарламаның жаңашыл ҽдіс- тҽсілдерін ҧстаздар қауымы кеңінен қолданып жҥр. Бҧл 
бағдарламаның негізгі мақсаты – білім алушының пҽнді терең тҥсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін кез 
келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру. 
Функционалдық сауаттылық дегеніміз –адамдардың ҽлеуметтік, мҽдени, саяси, экономикалық қызметтерге 
белсене араласуы, жаһандану дҽуіріндегі заман ағымына ілесіп отыруы, яғни білім алушыны зияткерлік, дене 
жҽне рухани тҧрғыдан дамыған азамат етіп қалыптастыра отырып, мектепте алған білімін ҿмірде тиімді 
қолдана білуге ҥйрету болып табылады.
Ҽдебиет – кҿркемҿнердің бір саласы, сҿз ҿнері. Ғылыми-педагогикалық ҧстаным бойынша ҽдебиет пҽні 
философиялық, педагогикалық, ҧлттық ізгілікті, психологиялық, мҽдени-рухани кҿзқарастар мен 
қҧндылықтарға қҧрылып, ҧлттық таным, рухани-гуманистік сананы қалыптастырады. Жаһандану жағдайында 
ҧлттық бірегейлікті, тҧтастықты сақтау, ҧлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы ҥшін
елжандылық тҽрбие идеяларын дарытуда ҽдебиеттің алатын орны ерекше. 
Білім берудің ҽлемдік кеңістігіне шығуды мақсат еткен біздің елімізде бҥгінгі таңда ҽдебиет пҽнін оқытуда 
жаңа міндеттер жҥктеліп, жаңа технологиялар ҧсынылып отыр. Білім алушылар ҽдебиет пҽнінде мына 
қҧндылықтарды игерулері қажет: шығармашылық жҽне сын тҧрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, 
ҿзгелердің мҽдениетіне жҽне кҿзқарастарына қҧрметпен қарау, жауапкершілік, денсаулық, достық, 
айналадағыларға қамқорлық кҿрсету, ҿмір бақи оқуға дайын болу. Сонымен қатар сын тҧрғысынан ойлау, 
білімді шығармашылық тҧрғыда қолдана білу, проблемаларды шешу қабілеті, ғылыми зерттеу, қарым-қатынас, 
жеке жҽне топпен жҧмыс істей білу, ақпараттық коммуникативтік технологиялық дағдыларды 
қалыптастырулары керек [2.41]. 
Кҿркем шығарманы оқытуда теориялық ҽрі қолданбалы жҥйені бірлікте қарастырған жҿн. Білім алушыға 
ҽдебиеттің ҿнер екендігін ҧғындыруды ескерген жҿн. Игерілуге тиісті ҧғым, сҿздің мҽні, айтылмақ ой-тҥсінік 
білім алушыға ҽсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде кҿңіл толқытып, тереңірек ойланады. Ҽсер санаға 
ерекше ықпал етеді. Ҽсердің нҽтижесі біріншіден тҧлғаны ҽрекетке итермелесе, екіншіден пҽнге деген 


233 
қызығушылықты арттырып, кҿркем шығарманы оқуға талпындырады. Білім алушы ҽдебиет сабағындағы
тақырыпты санасына тҥйіп қабылдау керек. Қабылдау білім алушының ҿзінің жан қалауымен, жҥрек сезімімен, 
рухани ҽрекетімен жҥзеге асады. Қандай жақсы шығарма болмасын оны қабылдау ҥшін ҽрекет жасамаса 
болмайды. Оқушыға кҿркем суретті кҿз алдына елестетуге ықпал ету керек. Білім алушыдағы осы сезімді ояту – 
мҧғалімнің қолында. Білім алушыға ҽдеби білім беру, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту ҥшін 
педагог материалдарды тиімді ҽдіс-тҽсілдер арқылы қҧрылымдайды. Жаңартылған білім мазмҧны аясында 
ғалымдар пҽндік материалдарды қҧрылымдауға арналған ҽлемдік тҽжірибедегі стратегияларды ҧсынып жҥр. 
Тҽжірибеде жиі қолданылатын белсенді оқу стратегиясы шынайы ҿмірден алынған немесе ойдан шығарылған 
жағдайларды қолданып, кҥрделі мҽселелерді шешуге жетелейді. Белсенді оқу білім, дағды жҽне кҿзқарасты 
қамтиды. Оқудың бҧл таксономиясын «оқу ҥдерісінің мақсаты» деп санауға болады [3.31]. Аталған 
таксономияның авторы – америкалық оқыту ҽдістемесінің психологі Бенджамин Блум. «Блум таксономиясы» 
атты кітабында ҿз теориясын дамытып, білім беру мақсаттарын жҥйелейді. Білімді игеруге бағытталған 6 
қадамды атап кҿрсетеді, олар: білу, тҥсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау. Ал ҽдебиет сабағында мҧғалім осы 
аталған білім беру мақсаттарға жету ҥшін ҧтымды жҧмыс жҥргізеді. Ҿйткені ҽдебиет сабағында басқа пҽндерге 
қарағанда ҽсер, сезім, қиялдау, эмоция, шабыттану, армандау, еліктеу, т.б. психологиялық реңдер ерекше 
кҿрінеді. Пҽнді оқытудың кҥрделігі де осында деп есептейміз.
Біздің ойымыз – қазақ ҽдебиетінің озық ҥлгілерін тиімді оқыту жолдарын қарастыру. Білім алушылардың 
қазақтың кҿркем ҽдебиеті жауһарларымен танысуын қамтамасыз ету, олардың рухани кемелденуіне қол 
жеткізу. Ҽдебиет ҥлгілері арқылы ҽрбір білім алушы ҿзіндік ой тҥйе алса ғана сабақ мақсатына жетті деп айта 
аламыз. Білім алушылар оқыту ҥдерісі кезінде қарастырылатын ҽрбір мҽселе бойынша ой толғап, оны ҿздігімен 
жан-жақты зерттеп, ҿз тҥсінігін қалыптастыруы керек.
Жоғарыда аталған қҧндылықтарға баулып, дағдыларды меңгерту ҥшін британдық психолог, жазушы, кҿптеген 
ҽдістемелердің авторы Эдвард де Боне ҧсынған «Ойлаудың алты қалпағы» немесе «Ақылдың алты қалпағы» 
стратегиясын қолданып жҥрміз [4].
«Ойлаудың алты қалпағы» ҽдісі – ақпараттың қандай салаға қатысты екендігіне қарамастан, ғылыми таным, 
білім беру, тҧлғааралық ҿзара ҽрекет барынша обьективті қабылдауға арналған практикалық дағдыларды 
игерудің қарапайым да тиімді тҽсілі. Стратегияны жҥзеге асыруда сынып оқушыларын 6 топқа бҿлеміз, ҽр топ
ҿз кҿзқарастарын айтады: «Ақ қалпақ» - статистикалық (проблемаға қатысты деректерді, фактілерді 
жинақтайды), «Сары телпек» - логикалық позитив, шуақты оптимизим (проблеманың сҽтті тҧстарын 
жинақтау), «Қара телпек»-логикалық негатив, сыни аналитика (проблеманың сҽтсіз тҧстарын жинақтау),«Кҿк 
телпек» - аналитика (талдау жасау, ҿңдеу, шолу, шешім), «Жасыл телпек»-шығармашылық ҿсу мҥмкіндіктері, 
идеялар (болжамдар мен идеялар жинақтау), «Қызыл телпек» -эмоциялар мен болжамдар (зерттеу барысындағы 
болжамдарды тҧжырымдау). Келесі кезеңде презентацияға дайындық жасалып, ҽрі қарай топтардың жҧмысы 
кҿрсетіледі.
Қазіргі ҽдебиетті оқыту ҽдістемесінде диалогтік ҽңгімені дамыту қарқынды тҥрде қолға алынып отыр. 
Зерттеуші-ҽдіскерлер ҽңгіменің 3 тҥрін ҧсынады: ҽңгіме-дебат, кумулятивтік ҽңгіме, зерттеушілік ҽңгіме [2.29]. 
Ҧжымдық тҥсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда ҽңгіменің зерттеушілік ҽңгіме 
тҥрі басымдыққа ие. Білім алушылар ортақ проблема бойынша ортақ тҥсінік қалыптастырады. Пікір 
алмасып,бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді. Білім алушылардың тақырыпты тҥсінуіне қол 
жеткізу кезінде тҿмен жҽне жоғары дҽрежелі сҧрақтар дайындалады. Ынталандыру мақсатында сҧрақ қоюдың 
тҥрткі болу, сынақтан ҿткізу, басқаға бағыттау сияқты тҥрлі тҽсілдерін пайдалануға болады. Ҽдебиет арқылы 
ҧлттық болмысты танытудың маңызы мен ҿзектілігі артқан жаһандану заманында ҽлемдік білім беру 
ҽдістемесін қолданған қаншалықты тиімді деген сҧрақ туындайды. Дҽстҥрлі емес белсенді ҽдістерді қолдану
кезінде Ы.Алтынсарин, А. Байтҧрсынов, Ҽ.Қоңыратбаев, А Кҿшімбаев, Т.Ақшолақов, Қ. Бітібаева,
Ж.Қараев, т.б. еңбектерін назарға алу мҧғалім ҥшін ҧтымды болар еді. Ҽлемдік білім беру тенденцияларын 
игере отырып, ҽдебиетті оқытудың дҽстҥрлі ҿзіндік амал-тҽсілдерін де ҥйлестіре қолдану мҧғалімнің 
шеберлігін арттыра тҥсері анық. Кҿрнекілік, зерттеу, шығармашылық, эвристикалық, репродуктивті ҽдістер 
білім алушының шығармашылық, сын тҧрғысынан ойлау, проблеманы шешу, кҿшбасшылық қабілеттерін 
арттыра тҥседі. Мектепте ҽдебиетті оқытудың мҽн-маңызы кҿркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір 
қалыптастырумен қҧнды екені анық. Талдау жасау кезінде қандай мақсат кҿзделеді? Бҧл сҧраққа ҽдіскер 
Қ.Бітібаева ҿз еңбегінде былайша жауап береді: оқушының туындыны қабылдауы, ҽсері, эмоциясын тану; 
эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу; таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ҧштау; 
кҿркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгертуді яғни тақырыбы, авторлық идея, 


234 
образдар жҥйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, кҿркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді тҥрде 
қарастыру [5]. Осындай кешенді талдау ҽр оқушыға ҿз ҽлемін айқындап, оның қҧндылықтары мен қағидаларын 
белгілеуге кҿмек береді. Оқушы ҿзінің ойлануға негізделген ҽлемін ашып, оны басқаруға қалыптасады.
Осы аталған ҽлемдік тҽжірибедегі стратегиялар мен қазақ ҽдебиетінің оқыту ҽдістемесін дамытуға ҥлес қосқан 
мамандардың еңбектерін жҥйелі ҽрі ғылыми тҥрде ҥйлестіре білген мҧғалім ҽдебиет пҽнінде ҧлттық
дҥниетаным, қҧндылық, ҽдебиетке қҧштарлық, ҧлттық болмыс ҧғымдарын терең меңгертіп, оқушылардың 
пҽнге деген жауапкершілігін, қызығушылығын, ҿз бетінше жҧмыс істеу ынтасын, оқушының ізденушілік-
шығармашылық қабілеттерін шыңдайтыны анық. Сан алуан ҽрекет арқылы ақыл–ойды ҧштау, жетілдіру, жеке 
тҧлғаның ҿзіндік идеясын, кҿзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру- 
білім беру мазмҧнын жаңарту аясында қазақ ҽдебиеті пҽнінен сапалы білім берудің кепілі. Ал осы айтқан 
пікірімізді функционалдық сауаттылықпен ҧштастыру ҥшін шетелдік тҽжірибедегі тҿл ҽдебиетті оқыту 
ҽдістемесінен тізбектелген сабақтар топтамасын, ҽдістемелік кешен ҥлгілерін, ғылыми еңбектерді, ресурстарды
кҥтеміз. Қазақ тілі мен ҽдебиеті, тарих пҽндерінің мҧғалімдері де халықаралық тҽжірибе алаңдарында ҿз 
шеберліктерін шыңдауға мҥмкіндік алса деген ҧсынысымыз бар.
Қорытындылай келе, жаңартылған білім мазмҧны аясында ҽдебиет пҽнінде қҧндылықтар мен дағдыларды 
меңгертудің тиімді ҽдіс-тҽсілдерін жетілдіру, жағымды психологиялық атмосфераны ескеру, диалогтік ҽңгімені 
дамыту, эстетикалық талғам мен оқырмандық пікір қалыптастыру, т.б. ерекшеліктерді ескергеніміз абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет