―...С киргизами отношения их (казахов) в те времена были более дружны и миролюбивы. Ишимхан (Есімхан) (живший около 1630 г.) имел в своем распоряжении родоначальника бия Кукема при помощи которого ему удалось низвергнуть Турсуна катаганского и чанчклинского. В память союза киргизов и казахов Ишим построил в Ташкенте башню, ко- торая существует до сих пор и называется ―Кҿкемнің кҿк кҥмбезі...‖ [8] , - деп жазған болатын.
Сыртқы жҽне ішкі жаулармен соғыстар, оның ҥстіне, бір Тҧрсынның ҽлегінен қаншама халық қырылды, міне,
осынша қанды жҽне қайғылы оқиғалар Еңсегей бойлы Ер Есімді қажытқан еді. Ол кҿп ҥзамай мемлекет билігін
баласы Жҽңгірге беріп, ҿзі тек кеңесші рҿлін атқарады.
Есім хан талқандаған соң, қалмақтардың кҿп бҿлігі Қазақ мемлекетінің қоластында қала берді. Сол кездегі
Жоңғар мемлекетінің басшысы Хара-Хула ҿлген соң, оның баласы Ердене Батур қонтайшы билікті ҿз қолына
алады. Осынау қолбасшының мемлекет басына келуімен сол елдің бірігуі жҽне нығаюы басталады. Ал соған
сҽйкес Қазақстан мен Орта Азия елдеріне Жоңғар тарапынан қауіп те кҥшейе тҥседі. 1635 жылы Жҽңгір сҧлтан
ҿз қоластындағы ҽскерлермен (ҽскерінің қҧрамында жалғыз қазақ емес қырғыздар жҽне қалмақтар да болған)
бірге Жоңғарға қарсы жорыққа шығып, оларды кҿп шығынға ҧшыратады. Ал келесі жылы Батур қонтайшы
қазақ еліне жорық ҧйымдастырады...
1640 жылдан бастап Батур қонтайшы Жоңғар мемлекетін біріктіріп нығайта бастады жҽне 1643 жылы қазақ
еліне ҥлкен шабуыл жасады. Осынау Жоңғар шапқыншылығы басталғанда, қырғыз жерінің кҿп бҿлігі жау
қоластында қалды. Батур қоңтайшы сонда 50 мың ҽскермен баса кҿктеп кірген еді..[10]. Жҽңгір мынау
тҧтқиылдан болған шабуылды есіте сала асығыс аттанады. Бҧл соғыстың тағдырын Самарқаннан Жалаңтҿс
батыр келіп шешкені туралы талай жазылды....
Міне, біз жоғарыда қысқаша шолу жасаған қазақ елінің басындағы аса қаһарлы кезеңде, 1612 жылдан соң,
Самарқан ҽміршісі болып Жалаңтҿс батыр отырған еді. Ал ол туралы 1643 жылғы Орбҧлақ шайқасына дейін
жҿнді жазба дерек сақталмаған. Қарауында кҿп ҽскері бар ҽйгілі батыр Орта Азия жеріндегі қазақ ханы
қатысқан талай соғыстардан қалайша тыс қалуы мҥмкін! Ҽрине мҥмкін емес. Ҽсіресе Тҧрсын сҧлтан жасаған
бҥліктерді басуға