Материалдары



Pdf көрінісі
бет50/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

Аннотация
После обретения суверенитета наша страна установила связи с рядом стран мира, признав 
независимость казахского народа и направление нашей страны. Сближение народов соседних стран достигнуто. 
В связи с этим на отношения тюркоязычных народов, дружбу и сотрудничество должны оказывать влияние 
наука и искусство. 
Annotation: 
After gaining sovereignty, our country has made connections with a number of countries in the 
world, recognizing the independence of the Kazakh people and the direction of our country. Approximation of the 


33 
peoples of the neighboring countries has been achieved. In this regard, the relationship between Turkic-speaking 
peoples, friendship and cooperation must be influenced by science and art.

Түйінді сөздер

тҥркі халық, тҥркі рухани қҧндылықтары, тҥркі қҧндылықтары, тҥркі ҽлемі.

Тҥркі халықтарының тарихына қатысты ғылымда қыруар еңбектер жазылды. Кеңес дҽуірінің ҿзінде де 
тҥркология ғылымына қызығып, ҿмірінің барлық кҥш-қуатын сарқа жҧмсаған ғалымдар есімі жҧлдыздай 
жарқырап тҧрғаны мҽлім. Бҧл мҽселеде тҥркі тектес халықтардың асыл қазыналарына қатысты айтарлықтай 
істер тындырған Е.Э.Бертельс, А.Н.Самойлович, С.Е.Малов, И.В.Стеблева, Ҽ.Н.Нҽжіп есімдері ғылымда ҿз 
бағасын алған. Қазақ халқының дарынды таланттары Ш.Уҽлиханов, А.Байтҧрсынов, С.Сейфуллин, М.Ҽуезов, 
С.Мҧқанов, Е.Ысмайлов, С.Аманжолов, Қ.Жҧмалиев, М.Ғабдуллин, Ҽ.Марғҧлан, Б.Кенжебаев, Ҽ.Қоңыратбаев, 
Р.Бердібаев, М.Жолдасбеков, Х.Сҥйіншҽлиев, С.Қасқабасов, Ғ.Мҧсабаев, Қ.Ҿмірҽлиев, Ғ.Айдаров, Ш.Сатбаева, 
Ҽ.Қҧрышжанов, М.Томанов, А.Егеубаев, М.Мағауин, Н.Келімбетов, Ҽ.Кекілбаевтар жҽне т.б. ғалымдар мен сҿз 
зергерлері тҥркі тілдес халықтардың ортақ мҧрасына ҽр қырынан ҥлес қоса білді. Данышпан Л.Н.Толстойдың 
«Білім ҧлы адамды жуасытады, орташа адамды таңырқатады, кҥйкі адамды ісіріп кептіреді» дейтін 
ділмҽрлықпен айтқан қанатты сҿзі бар. Бҧл сҿздің дҽлелін тҥркі тану ілімі бере алғандай. Себебі, тҥркі 
дҥниесінің сырын ашып, қҧндылықтарын танытуда сандаған таланттардың ғылымдағы сара жолдары сайрап 
жатыр. Бір белгілісі «Тҥрік қағанатының ҧланғайыр ҿлкесін мекендеген сан алуан тайпалардың бҽріне бірдей 
тҥсінікті ортақ тілі болғандығы» [1]. 
Соның дҽлелі ретінде кҿне ескерткіштер мен сандаған естеліктер қалдырғаны. Шетсіз-шексіз кең жазира 
даласы соншалықты кең болса, тҥркі ҽлемін тануда тым тереңдікті, мейлінше кемелдікті қажет ететін. Табиғат 
берген зерделіктің нҽтижесінде жаратылысы айрықша ғҧламалар қалыптастырған ілімнің бірі – тюркология. 
Бҧл ілімнің басында ҽлемді дҥр сілкіндірген В.Томсен, В.В.Радлов, Ю.Немет, Х.Н.Орхун, С.Е.Малов жҽне т.б. 
жаңалықтары еске тҥседі. Бҧл орайда «Тюркология ілімінің негізін қалауға лайықты ҥлес болып қосылған 
Радловтың алғашқы іргелі зерттеулер сериясы» [2] болып табылатын «Тҥркі тайпаларының халық ҽдебиеті 
ҥлгілері» [СПб, 1866-1907] атты он томдық ҽлемге ҽйгілі еңбегінің орыны айтарлықтай екендігі ғылымда 
лайықты бағасын алған. Сҿзіміздің дҽлелі ретінде А.Н. Самойловичтің «Ақиқатты ту етіп, ҽділін айтсақ, 
тюркологияның пайда болған сҽтінен біздің заманымызға дейін В.В.Радловтай ҥлкен қайраткер болған емес» 
деуін айтсақ та жеткілікті. Дарынды ғалым ең алдымен тҥркі халықтарының ел аузында сақталып қалған асыл 
мҧраларын мҧхият жинақтап, бірнеше томдарға айналдырып, жарыққа шығарды. Европа халықтарының 
тілдеріне аударып, ҽлемге таныстырғанының ҿзі де ерекше тебіреніс тудырады. Осыншалық жинақтаған 
мҧраларға байланысты В.В.Радлов: «1869 жылдан, Алтайдағы тҥркі тілдерін зерттеуге кіріскен алғашқы кҥннен 
бастап-ақ тек халық шығармашылығын жинауға кҿңіл бҿліп қойғам жоқ, мҥмкіндігіне қарай мол сҿз қорын 
жинауға да кҥш салдым» [3], – деп жазады. Анығында жинақтаған қыруар мҧраларымызды ғалым ғылыми 
тҧрғыдан тексеріп, жан-жақты зерттеудің кейінгі толқынға кілтін ҧстатып кетті. Тҥркі ҽлемінің қҧндылықтарын 
дҽл осылай біртҧтас алып, ғылыми-салыстырмалы ҽдістермен саралау алғашқыда дҧрыс жолға тҥссе де, кейін 
кҥркіреген Кеңестік дҽуір идеологиясына байланысты бҿлшектеніп кетті. Тек қана лингвистикалық 
зерттеулерде болмаса, тарих, ҽдебиет, этнография, археология ғылымдарындағы ізденістер тҥбі бір тҥркі 
дҥниесінен алыстап кетті. Ендігі уақытта кҿбінесе ежелгі тҥркі тайпаларының негізін қҧраған, кейіннен тағдыр 
талайынан бҿлінген ҧлыстар мен ҧлттардың шеңберінде ғана зерттеле бастады. Бҧл қасаң жҽне қатаң 
қағиданың пайда болуына Кеңес Одағы қҧрамындағы тҥркі тілдес халықтардың рухани қҧндылықтарының 
зерттелуі ҧшырап, ғылыми саралаудың методологиясын «ҧлы халықтың» мҧраларымен ғана салыстыра тексеру 
керек делінетін қисынсыз теорияны қалыптастырды. Солай десек те «Ғылым мен ҿнер жҥрек жҽне ҿкпе сияқты 
ҿзара тығыз байланысты, сондықтан бірі бҧзылса, екіншісі дҧрыс қызмет атқара алмайды» [4] дейтін 
данышпанның сҿзінің айғағындай, кҿне тҥркі тас жазбаларының табылуы мен ғылыми тҧрғыдан зерттелуі тҥркі 
тектес халықтардың қайта қҧрылуына, халық музыкасы, сҽулет ҿнері саласындағы ізденістер арқылы тҥркі 
халықтарының табысуына ҿмірдің ҿзі қолайлы сҽттер туғызды. Қатқан тоңдар мен сірескен сеңдер солай 
бҧзылған еді. 
Еліміз егемендік алғаннан кейін ҽлемдегі сандаған елдермен тҥрлі саладағы байланыстар жасалып, қазақ 
халқының тҽуелсіздігі мойындалып, еліміздің ҧстанған бағыт-бағдарлары айқындалды. Туысқан халықтардың 
жақындасуына қолайлы нҽтижелерге қол жеткізілді. Бҧл мҽселеде тҥркі тілдес халықтардың бір-бірімен 
байланысы, достық пен ынтымақтастық қарым-қатынастардың орнығуына ғылым мен ҿнер барынша ықпал етуі 
тиіс. Тҥрлі тарихи оқиғалар мен аласапыран уақыт ҥстемдігі тҥбі бір тҥріктерді бір-бірінен алыстатып, ҽдеп-
ғҧрып, салт-дҽстҥрлері тамырлас халықтардың ҿмірлеріне «ҿзіндік» ҿзгерістер жасағаны баршаға аян. Алайда, 
олардың этностық қалыптасуы бір екендігін айғақтайтын басты екі ерекшелік бар екендігі анық: 


34 
Бірінші, ең басты кҿрсеткіштің негізі тҥркі тілінде екендігі ғылымда нақтыланып, тҥркі тілдес халықтар 
тілдерінің классификациясы лингвистер тарапынан тҥсіндірілген. Ғылымда бҧған байланысты ҽлі де терең 
тексеріліп, толық тҧжырымдар жасауға тиісті мҽселелер бар екендігі айтылып келеді. «Мҽселен, Орхон 
аңғарынан табылған ескерткіш-жырлардың тілін бірқатар лингвистер қазақ тіліне жақын десе, енді біреулері 
қырғыз немесе хакас тілдерімен туыстас деген пікір айтады. Бҧл тіл – бірнеше тҥркі тілдерінің тарихи ортақ 
мҧрасы деп қараушы ғалымдар да бар» [5]. 
Екінші, тҥркі халықтарының этникалық негізін бҧлтартпай дҽлелдейтін деректік мағлҧматтарды фольклорлық 
мҧралардан табамыз. Кеңес кезеңі бҧл мҽселеге аса сақтықпен қарап, тҥркі ҽлеміне ортақ заңдылықтарды 
тҥбегейлі тексеруге кедергілер келтіріп бақты. Тҥркі тектес халықтардың тҧңғыш рет фольклорлық мҧраларын 
тҧтастай саралауға арналған еңбек жарық кҿріп, сол іске осы мақала авторы да араласты [6]. Туысқан 
халықтардың фольклорына арналған еңбекті шығарудағы басты мақсат: тҧтастай белгілі бір аймақта емес, бірі 
шалғай, енді бірі жақын жатқан тҥркі халықтарының тілімен қатар, олардың рухани қазыналарының ҧқсас, 
сарындас келуінің сырын аңғарту болған. Кешегі ғылым тар шеңберде ғана жасалса, бҥгінгі таңда неғҧрлым 
кеңейтуді керек етеді. 
Дҽл осы маңызды мҽселеде тҥркі ҽлемін тануға фольклортану ғылымына жаңаша бағыт пен бағдар ҧстау 
қажет. Ата-бабаларымыздың қалдырған аманатын асыл сҿзден танып, бір-бірімен тҥсінісу, дҥниені танып, 
білудегі сана-сезімі халық мҧрасынан танылатыны біз ашқан жаңалық емес. Сонымен қатар фольклордың сан-
салалы, салт-дҽстҥр, ырым-кҽделер, ойын-сауық т.б. қат-қабат тамырласып жатқанын ескерсек, онда тҥркі 
тілдес халықтар фольклорын біліп-игеру, тҧтастай саралай зерттеу халық пен халықты, ел мен елді 
жақындастырады. Тҥркітану ілімінің негізі ерте қаланса да, туысқан халықтардың бір-бірімен жақындығы
рухани қҧндылықтарының ортақтастығы жайлы сҿз арасындағы айтылған пікірлер болмаса, салыстырмалы 
тҥсініктер кең кҿлемде жҥзеге асырылмады. Ҽрбір тҥркі халықтары бҧл тҧрғыдан ойлану керектігі бҥгінгі 
уақыт талабы, ғасырлар тоғысының ҥкімі мен ҥзілген тарихтың алға бастар ҥкілі ҥміті екендігі анық. Олай 
болмаса, жаһандану кезеңінің жемсауына оп-оңай тҧтыласың. Фольклортану ғылымында типологиялық, 
поэтикалық зерттеудің арнасын келер уақытта тҥркі ҽлеміне бҧрып, тҧтастай талдауларды қалыпты контексті-
реконструктивтік ҽдістер мен семиотикалық тҽсілдеріне жҥгінсек, ғылымда ілгерілеушілік болары біз айтпасақ 
та тҥсінікті. 
Тҥрлі қоғамдық оқиғалар кезеңінде «ҿзін-ҿзі зор тҧтқан, басқаларды қор тҧтқан» ҿктемшіл, ҧлтшыл, ақылсыз 
надандар да ҿз ҥстемдігін ҥстемелей жҥргізді. Айталық кҥні кешегі империялық саясаттың қазақ ҧлтына ҿз 
атауын қимай, «киргиз», «бҧратана халық» деп келгені мҽлім. Саясаттың салқынынан зардап шегіп, ғҧрып-
салттарынан алыстап, тілі мен дініне секемдік тҥскен, бабалар аманаты жолындағы кҥресте амалы таусылып, 
қажыған халықтың сҥлдерін кҿресің. Тҥркі халықтарының кейбіреулері ҿз дінінен басқа дінге ауысқан, рухани 
мҧраларының кейіпкерлерінің ҿзі басқа халықтың ҿкіліне айналғанын фольклорлық мҧраларды ҧшыратып 
қаламыз. 
Жалпы фольклордың тектеріне сараласақ, онда халық прозасы, халық поэзиясы, халық драмасы бойынша қарау 
қисынды. Тҥркі тілдес халықтардың фольклорында, халық прозасының тҥрлері: миф, ҽпсана, хикаят, ертегілері 
бҽрінде де бар. Кҿпшілігінің сюжеттері бір-бірімен сҽйкестік танытады. Аспан мен жер, табиғат пен 
жаратылыс, адам мен қоғам, махаббат пен достық туралы таным-тҥсініктері ортақ екендігі кҿзге бірден 
шалынады. Керек болса, белгілі бір сюжеттер қаз-қалпында, жолма-жол қайталанылады. Оның басты себебі 
ерте дҽуірдегі тыныс-тіршілігіміз, салт-дҽстҥріміз бір екендігін білдіретін тҥркі бірлестігі, тҥркілік 
дҥниетанымымызда жатыр. Араға ғасырлар мен жылдар салған айырмашылықтар Адам аттары мен Кеңістік 
атауларында тҧр. Қиыр Шығыс, Сібірдегі жҽне Орал, Волга, Солтҥстік Кавказ аймағындағы тҥркі 
халықтарының ертегі, аңыздарында кейіпкерлер орыс есімдері мен жер атаулары соншалықты ҿзгеріске тҥсіп 
ҥлгерген. Ертегі мен аңыздардағы Иван, Владимир, Павел, Белое озеро, Красная поляна т.б. бҧған дҽлел. Ертегі 
есте жоқ, ҿткен ескі ҿмірдің ескерткіші екені талас тудырмайды. Ендеше ондағы есімдер ҿзгерісі тағы да ҿктем 
саясаттың салқыны, бодандықтың кҥшті қарқыны жҥзеге асқандығы дегеннен басқа жауап таппайсың. Ендігі 
бір мҽселе ауызша сҿз ҿнеріндегі ертегілердің ҿзінен-ақ, ҽр халықтың мекендеп отырған жерінің қадір-қасиетін, 
ондағы ҿсетін ҿсімдіктер, мекендейтін аңдар мен қҧстар жҿнінде мол мағлҧматтар алуға болады. Мҽселен, 
Алтай, Тува, Долган, Хакас, Якут, Башқҧрт, Чуваш халықтарының хайуанаттар жайындағы ертегілерінде – аю, 
арыстан, жолбарыс, бҧғы, т.б. жҿнінде кҿп айтылып, ертегілерде аю тотемі қалыптасқан. Осындай ерекшелік 
қҧстар, балықтар жҽне ҿсімдіктерге де байланысты айтылады. Ал, Орталық Азиядағы тҥркі халықтары 
фольклорындағы хайуанаттар ертегілерінде қасқыр тотемі ерекшеленеді екен. Аңдардан кҿбіне тҥлкі, қоян, 


35 
қасқыр, жолбарыс, арқар, киік, барыс ертегі кейіпкерлеріне айналған. Киелі қҧстар ішінде қарлығаш, аққу, 
сарыала қаз, ҧлар ерекшеленеді. 
Тҥркі халықтарының кҿпшілігінде Қожанасыр (Насредин) аңыз, анекдотқа айналған. Орталық Азиядағы тҥркі 
халықтарында Қорқыт, Алдар Кҿсе, Жиренше шешен, Асан Қайғы бейнелері аңыздың прозаның ортақ 
кейіпкері ретінде кҿрінеді. Бҧның себеп-салдарын бҥгінгі тарих, философия ғылымдары тҥсіндіруге кҿмекке 
келді. 
Халық поэзиясындағы отбасы – ғҧрып фольклоры поэзиялары барлық тҥркі тектес халықтарда бар жҽне 
идеялық жағынан ортақтаса алатындығын аңғартады. Мҽселен, жар-жар, тойбастар, сыңсу, жҧбату ҿлеңдері 
пішіні жағынан басқаша болса да, мазмҧны жағынан ҥндестік танытады. Кҿлемді халық поэзиясының шырқау 
биігі эпостық мҧралар. Тҥркі тектес халықтар мҧрасында «Қозы Кҿрпеш – Баян Сҧлу» лиро-эпосы, «Алпамыс 
батыр», «Қобланды батыр», «Кҿрҧғлы», «Едіге батыр», «Ер Кҿкше», «Ер Тарғын», «Шора батыр» жырлары жиі 
ҧшырасады. Бҧның мҽн-мағынасы қоғамдық бірлестіктер мен тарихи оқиғаларға қатысты екендігін кҿпшілік 
қауым жақсы тҥйсінеді. Тҥрік қағанаты дҽуіріндегі ерлікке тҧрғызылған ғажап ескерткіштердің бірі «Қорқыт 
ата кітабы» екендігі ғылымда бағасын алған. Қазақ эпосын зерттеуші ғалымдар ондағы бірнеше жырлармен 
«Алпамыс», «Қобланды», «Орақ-Мамай» т.б. жырлармен ҥндестігіне байланысты байыпты пікірлер айтқан. 
Батырлықты дҽріптейтін жырлардың сюжеттік ҧқсастығынан басқа, назар аударарлық жағдайдың бірі – кҿне 
таным тҥсінікте тҧр. Эпостың ең кҿне варианттарында Кҿк Тҽңірге жҽне Жер анаға сыйыну қалыс қалмаған, 
«Шындығында, бҥкіл тҥркі жҧртында Тҽңір – кҿктегі ер ролінде, ал Ҧмай – Жер-Ана болып қабылданады» [7]. 
Сондай-ақ, Қорқыт жырларындағы айтылатын Яншкент, Жент, Ҥзкент, Баршыкент, Сҥткент, Отырар т.б. болса, 
осындағы қыпшақ тайпаларының басты қалалары делінетін Сығанақ, Тҥркістан, Созақ т.б. қалалар тарихи 
жырлары (Есім хан, Абылай хан, «Шақшақ ер Жҽнібек», «Қара Керей Қабанбай батыр», «Кенесары-
Наурызбай») жырларында да айрықша аталып отырады. Керек десеңіз қазақ халқының тҥп негізі тҥркі 
екендігін анық тҥсіндіретін – тарихи жырлар [8]. 
Пайдаланылған ҽдебиеттер тізімі 
1.
Келімбетов Н. Ежелгі дҽуір ҽдебиеті. – Алматы, 1991. – 264 б. 
2.
.Смайлович А.Н. Радлов как тюрколог / Новый Восток. 1992.№2 
3.
Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. СПб, 1988. Вып. 1. (Предисловие) 
4.
Даналардан шыққан сҿз. – Алматы, 1987. – 383 б. 
5.
Келімбетов Н. Аталған еңбегі. 
6.
Ибраев Ш., Бахадырова С., Рахымов Б. Тҥркі халықтарының фольклоры. – Астана, 2009. – 432 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет