Материалдары



Pdf көрінісі
бет51/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

ҼОЖ 94(574) 
КҾРНЕКТІ ҚОҒАМ КАЙРАТКЕРІ Х.ДОСМҦХАМЕДОВ- ЖАЛАҢТҾС БАТЫР ТАРИХЫН 
ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМ 
 
Базарғалиев Ғ.Б. 
Педагогика ғылымдарының кандидаты 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті,
Атырау, Қазақстан 
Аннотация.
 
Ғалым Х.Досмҧхамедҧлының тарихи еңбектерінің бірі – ХҤІІ ғасырдағы Қазақстан мен Орта Азия тарихында 
ерекше орын алған белгілі тҧлғаның бірі – Жалаңтҿс батырға арналған. «Самарқан шаһарындағы Тіллҽ қари 
жҽне Ширдар медресселерін салдырған Жалаңтҿс батырдың шежіресі» атты зерттеу мақаласында: «Кіші жҥз 
қазақтарының арасында Жалаңтҿс батыр тарихи тҧлға саналады, ол алшындардың ҽлім бҧтағынан тарайтын 
тҿртқара руына жатады» - деп жазған. 
Осы кҥнге дейін бҥкіл ҽлемді таң-тамаша қылып, таңдандырып келген қҧрылысты ХҤІІ ғасырдың басында 
салдыртқан. Бҧл Жалаңтҿс баһадҥр ҽмір деген кім? Жалаңтҿс батыр туралы орыс тілінде шыққан ҽдебиеттерде 
мҽліметтер жоқтың қасы, ал Орта Азия туралы жазылған бізге белгілі тарихи еңбектерде Жалаңтҿс туралы 


36 
атҥсті, оның тамаша ғимараттар салғызғаны ғана аталып ҿтеді, ол жайында егжей-тегжейлі деректер 
келтірілмейді. 
Белгілі зерттеуші А.И.Левшин ҿзінің «Описание киргиз-казачьих орд и степей» атты кітабында: 
«...Қазақ ханы Жҽңгір 1643 жылы 600 сарбазымен қалмақ ханы Қонтайшы батырдың 50 мың қолын жеңгенде 
де, оған (Жҽңгірге) кҿмекке 20 мың атты ҽскері бар бір татар князы Ялантуш келді» - дейді, бірақ оның кім 
екендігін тҽптіштеп айтпайды. 
Масальский «Туркестанский крайда», «Тіллҽ қари» мен «Ширдар» медресесінің «ҿзбектің алшын 
руынан шыққан Жалаңтҿс баһадҥр - ҽмір (Иманқҧл ханның қолбасшысы)» салдарынан жазады, ҽйтседе 
автордың бҧл деректі қайдан алғаны бізге белгісіз. 
Х.Досмҧхамедҧлы батырдың тарихын зерттей отырып, оның шежіресін жасайды. Бҧл тҧлғаның туған 
жері – Сырдарияның сағасы, тҿртқара елі, тегі Алшын-Ҽлім-Қарамашақ-Ораз-Тоқпан-Сейітқҧл-Жалаңтҿс, 
ҽлеуметтік статусы – атасы Ораз Ҽмір Темірдің бас кеңесшісі, ҽкесі Сейітқҧл – бай қажы, 40 мың ҥй 
алшындардың басын біріктірген ел басы екендігі айтылады. Халел бҧл шежірені жариялағанда, И.Қасымов 
деген мҧғалімнен алғанын ескеріп, алғыс айтыпты. Ал Қасымовтың ҿзі бҧл мҽліметтерді 1920 жылы аса білгір 
шежіреші Молиман ақсақал Шонтаевтың аузынан жазып алған екен. Жалпы, Халел Жалаңтҿс батыр тарихын 
зерттей жҥріп, алты ата Ҽлім руының ҥш шежіресін пайдаланыпты. Солардың бҽрінде де Жалаңтҿс батырдың 
ата-бабалары мен ҥрім-бҧтақтары бірыңғай таралатынын айтыпты. Бҧл шежіреде Жалаңтҿстің ҥш баласы 
болғаны айтылады. Жалаңтҿстің ағасы Ақша бидің немересі Ҽйтеке би – тарихымыздағы белгілі тҧлға. 
Жалаңтҿстің шҿбересі Қара абыз қарақалпақтың қабыл деген батырымен Ерҽлі ханның заманында соғысып, 
қайтыс болған. 
Қазақ халқының айбынды батыры, даңқты ҽскери қолбасшысы жҽне мемлекет қайраткері болған 
Жалаңтҿс баһадҥрдің есімі оның Самарқанға ҽмір болған кезінде халық арасында кең тараған. Осы орайда 
ҿзбек хандары тҧсында нағыз қазақ ҿкілі – Жалаңтҿс баһадҥр қалайша Самарқанның ҽмірі болды деген сауал 
ҿз-ҿзінен туады. 
Зерттеуші М.Есламғали «Жалаңтҿс баһадҥр» атты зерттеу мақаласында былай деп жазды: «1612 жылы 
Бҧхар ханы Иманқҧл кҿп ҽскермен Тҥркістан атырабына баса кҿктеп кіреді. Алдыңғы соққы қарақалпақтарға 
берілген болған соң, Жалаңтҿс батыр ҿз ҽскерімен кҿмекке жетеді. Ҽйгілі Жалаңтҿс қолынан қаймыққан 
Иманқҧл амалсыздан соғысты бастай алмай, келіссҿзге келеді. Алайда, бҧл Бҧхар ханның айласы екенін 
тҥсінген батыр ҽскер жиған Иманқҧлды тҥгелдей талқандау ҥшін дайындалу қамына кіріседі. Мҧны сезген 
Иманқҧл Жалаңтҿс тҧрғанда ҿзінің Бҧқар тағында отыра алмайтынын тҥсініп, оған Самарқан қаласын жҽне сол 
тҿңіректегі уҽлаятарды сыйға тартады. Сҿйтіп Жалаңтҿс Самарқан ҽмірі атанып, таққа отырады». Кейбір 
зерттеулерде: «Иманқҧл ханның Жалаңтҿс батырды Самарқан қаласы мен уҽлаятының ҽміршісі етіп қою себебі, 
біріншіден, қазақ хандығымен достық қарым-қатынаста болуы, екіншіден, саяси істерді шешу ҥшін, ҽсіресе, 
сыртқы жаулардан қорғануда қалың ҽскері бар Жалаңтҿс батырды пайдалану» - деп кҿрсетеді. 
Жалаңтҿс 
батырдың тарихын зерттеген Х.Досмҧхамедҧлының айтуынша, «Бҧқара хандығында ҿзбектермен терезесі тең 
қазақатрдың тҧтас рулары ие бҿліктері болған. Сондықтан да Бҧқара хандығында Жалаңтҿс батырдың лауазым 
салмағы болғанына қарап Тҥркістанда жаулап алушылардың ішінде Кіші жҥздің (алшынның) тіпті жоқ дегенде, 
Жалаңтҿс батыр жататын ҽлім руының қазақтары болды» - деп айтуға ҽбден болады деген пікірі орынды. 
Жалаңтҿс батыр- даңқты қолбасшы, би, ҽділ ҽмір болуымен қатар, Шығыс елдері мҽдени тарихында сҽулет 
ҿнеріне ерекше кҿңіл бҿлген. Оның ҽмірші болған кезінде Самарқанның кҿркі алдам танымастай қҧлпырды.
Оның аты Орта Азия мен Қазақстанның саяси тариында ғана емес, сҽулет ҿнері тарихында да орын алады. 
Х.Досмҧхамедҧлы «Жалаңтҿс батыр» туралы зерттеуіде «Самарқандықтардың сҿзіне қарағанда, Тіллҽ 
қари мен Ширдар деген медреселерді салдырған Жалаңтҿс баһадҥр» деп жазады. Медресенің екеуі де екі қатар 
ҥй. Екеуі де шаршы планмен салынған. Тіллҽ қаридың алды ҥлкен шаршы биік дуал. Дуалдың ортасында 
медресенің шарбағына кіретін ҥш қақпасы бар. Медресенің сыртында мҧнара бар Медресенің екі қатары толған 
қҧжыра. Медресенің сырты мен мҧнаралары асыл тастармен қапталған. Мешіттің іші де, шарбаққа қараған 
дуалдың беті де сондай. Дуалды қаптаған тастардың бҽрінен тҥрлі кестелер жасалған. Кестенің бҽрі – жазы. 
Кҿбі – Қҧранның аяттары. Кестенің бояуларының сақталғаны соншама кҥні кеше жасалған секілді. Тіллҽ қари 
медресесіне ҿрнектер алтын бояумен салынған. Сондықтан медресенің аты парсыша деп кҿрсетеді. Ол ҿз 
зерттеуінде Самархан шҽрінде ескіден қалған тҥрлі ҥйлер, тамдар бар. Бҧлардың кҿбі бҧзылған, кҿбінің тек 
орны бар не тамтығы бар. Бҧлардың ішінде осы кҥні де кҿруге жарап, ҿткенді кҿз алдымызға елестететіні 
мыналар: 1)Темір ақсақтың моласы; 2)Ҧлықбек медіресесі; 3)Шырдар деген медіресе; 4)Тілде-қары деген 
медіресе, Соңғы ҥшеуі қаланың ортасында, бір орында- Рагистан деген жерде; 5)Шайзында деген ҽулиенің 


37 
моласы; 6)Бибі ханым; тағы басқалар. Самарқандықтардың сҿзіне сҿзіне қарағанда Тілде-қары мен Шырдар 
деген медіреселерді салдырған «Йалаңтош баһадур». 
Дуалды қаптаған бояу тастардың бҽрінен тҥрлі кестелер жасалған. Кестенің бҽрі жазу. Кҿбі Қҧранның 
ҽйеттері.Кестенің бояулары соншамасақталған-кҥні кеше істелген секілді. Тілде-қарының бояуының кҿбі алтын 
бояу. Сондықтан медіресенің аты парсыша «алтындаған» деген сҿз. Шырдар да Тілде-қары секілді болып 
салынған. Қақпаның ҥстінде, дуалда біріне-бірі қарама-қарсы созылып жатқан екі жолбарыстың сҥгіреті 
байқалады. Шырдар деген сҿз парсыша «жолбарысты» деген. Медіресенің екеуінде де іште кім салдырғаны 
туралы жазулар бар деді. Тілде-қарының мҧндай жазуын кҿре алмадым. Ораза уақыты болғандықтан
қҧжыраның кҿбі, ішкі ҥйлердің бір қатары кілттеулі екен. Ал енді Шырдардың ішкі дуалында қақпаның ҥстінде 
мынадай парсы тілінде жазуы бар. Жазудың тҽржімесі 
Сап тҥзеп ҽділ ҽмір Жалаңтҿс келді. 
Кемеліні мақтауға сҿйлеушінің тілі дҥрге толған. 
Ол адам осы жерге медіресе салды. 
Жерден мақтану туын кҿкке жеткізді. 
Неше жылдар тырысса да ақыл қҧсы менде. 
Кҥмбездің тҥбіне ойлап жете алмас. 
Жҥз жылдар тырысса да пҽн мен пікірге 
Ие болған адам салушы шебердің 
Жасаған кҥмбезін тани алмас. 
Жаңа да бҧны кҿріп 
Кҿктегі жаңа ай таңданып бармағын тістеді. 
Бҧны салдырған Жалаңтҿс батыр келді. 
Салыну тарихы «Иланктош баһадыр» 1028 «Иланктош баһадыр» деген сҿзді ҽбжетке салып ежектеп кҿргенде- 
«бір мың жиырма сегіз» деген сан шығады. 
Шырдардың салынуы мҧсылман есебімен 1028-ші жыл. Ауропа тіліне аударғанда 1612-ші жыл болады. 
Шырдардың салынуына Ауропаша есеппен 313 жыл болған. Мҧсылманша есеппен 323 болған. Самарқан 
ҥйезінде Дҽбіт («Дҽбит-тің» мағынасы он тал деген) болысы, қыстағы бар. Осы қыстақта Мақтым ағзам деген 
ҽулиенің кҽбірі бар. Самарқандықтардың айтуына қарағанда, Жалаңтҿстің моласы осы ҽулиенің моласымен 
бірге. Мақтым ағзам Жалаңтҿстің пірі екен. Дҽбіт қыстағы Самарқаннан он шақырым жерде деп кҿрсетеди 
Х.Досмухамедов. Вамберидің тарихына қарағанда, Бҧқараға 1640-шы (мҧсылманша 1050-ші) жылға дейін отыз 
сегіз жыл хан болған. Бақан-Мҧқамбет ҧлы Сҧбқанқҧл хан. Ол заманда Самарқан Бҧқараға қараған. 
Шырдардағы жазуда Жалаңтҿсті ҽрі ҽмір, ҽрі батыр дейді. Молдыманның шежіресінде Жалаңтҿсті Ҽмір 
Темірдің уҽзірі дейді. Мҧнысы қате. Хандыққа ағасымен таласқанда Жалаңтҿс Сҧбқанқҧлға жҽрдем берген 
батыр болса керек. Соның ҥшін Сҧбқанқҧл оны Самарқанға ҽмір қылса керек. 
Вамберидің айтуынша, 1597-нші Абылда хан ҧлы Абдылмҧмын ханды ҿлтіруге себепші болған 
Абдылуайыс бін деген қазақ Сҧбқанқҧлдың ҿте жақын досы болған. 
Осыған қарағанда Аштарханнан шыққын Бҧқараның бастапқы хандарының тіреуі қазақ болса керек. 
Жалаңтҿстің қашан ҿлгені белгісіз, Левшиннің айтуынша 1835-інші жылы Еңсегей бойлы Ер Есімнің ҧлы 
Жҽңгір қалмақпен соғысқанда, Жалаңтҿс батыр жиырма мың ҽскермен Жҽңгірге жҽрдемге келген. Он жетінші 
ҽсірдің басында Жалаңтҿстің осы кҥні адам таңданарлық медіреселер салдырғаны ҿткен уақыттағы қазақта 
маданиат ісінің болғандығын білгізеді 
Ендеше егеменді ел, тҽуелсіз мемлекет болған дҽуірімізде халқымызға ерекше еңбегі сіңген проофессор 
Х.Досмҧхамедовтың Жалаңтҿс сияқты біртуар тҧлғаның артында қалған тарихи мҧраларын кеңінен зерттеп, 
халқымен таныстыруы біз ҥшін ҥлкен мақтаныш.
Қорыта айтқанда, бергенінен беретіні мол, халқымыздың айтулы перзенті, мемлекет, қоғам жҽне саясат 
қайраткері, белгілі ағартушы, тарихшы ғалым, ҽдебиетші профессор Х.Досмҧхамедов артына мол мҧра 
қалдырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет