Материалдары



Pdf көрінісі
бет78/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

Список литературы 
1.
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. — М.: Молодая гвардия, 1993. — 496 с. 
2.
Сатаева Л.Г. Истоки культуры мышления и мировоззрения народов Центральной Азии и Казахстана // 
Науки о человеке в современном мире. -СПб., 2002. -1Ч.- 407 с. 
3.
Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. — М., 2000. — 657 с. 


67 
 
2-СЕКЦИЯ. ҚАЗАҚ ЖЫРЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР БЕЙНЕСІ ЖҼНЕ КҾРКЕМДІК 
НАҚЫШТАР 
ҼҾЖ 821.512.122. 
 
 
«БЕКЕТ БАТЫР» ЭПОСЫНЫҢ НҦСҚАЛАРЫ 
Жҧманазар Асан, 
Ертазина Сая, 
Баишев университеті. 
Аңдатпа:
Мақалада «Бекет батыр» тарихи эпосының нұсқалары зерттелген. Олардың таралу аймағы мен 
қай басылымда, қай жылдары жарық көргені анықталған. Эпос нұсқалары өзара салыстырылып, əуелгі 
архайтиптік негізін табу мақсат етілген.Тарихи негіздері сөз болған.Кімдер зерттегені айтылған.
«Бекет батыр» жыры осы уақытқа шейін де талай ғалымдардың назарына ілінген, А.Байтҧрсынов оны 
тарихи жырға жатқызса, М.Ҽуезов арнайы зерттеу жазып, 1927 жылы Қызылордада шыққан «Ҽдебиет тарихы» 
атты ҽйгілі монографиясына енгізді [1, Б.162-168]. Бҧлардан кейін С.Мҧханов, Қ.Жҧмалиев, Б.Шалабаев, 
Н.Тҿреқҧлов еңбектерін атап ҿту лазым. Бҧл жыр Совет ҥкіметіне дейін 1896 жылы Қазан қаласында 
«Киргизская былина о героях Ирьназара и Бекете» деген атпен, «Ученые записки Казанского университета» 
дейтін еңбектің 1897 жылғы 11-санында, «Сборник материалов для статистики Сыр-Даринской области» деген 
еңбектің 1897 жылғы 6-санында жария кҿрген. «Туркестанский сборниктің» 568-томында жарияланған. Одан 
соң 1922 жылы «Ҽбубҽкір Диваевтың жинаған сҿздері» ішінде Ташкентте басылған. Арада 69 жыл ҿткен соң, 
тҽуелсіздікке қол іліккен бетте, белгілі жидашы Ғ.Ахмедовтің ҧсынуымен, сол кездегі журналдың бас 
редакторы Мҧхтар Мағауиннің алқауымен 1991 жылы «Жҧлдыз» журналының №8 санында эпос жарық кҿріп, 
халқымен қайыра қауышты. 2009 жылы профессор Берік Рахым қҧрастырған «Қазақ тарихи жырлары» атты 
толымды жинаққа енді. 
«Бекет батыр» тарихи эпосы кезінде Қазақстанның тҥкпір-тҥкпіріне кең тараған. 1960 жылы Алматыдан 
шыққан «Қазақ ҽдебиетінің тарихы» атты кітапта «Жанқожа кҿтерілісімен бірмезгілде басталып, соның артын 
ала аяқталған Кіші жҥз қазағының отаршылық қысымға қарсы кҥресін кҿрсеткен ҧзақ жырдың бірі – «Ерназар-
Бекет». Бҧл жыр Арал, Ақтҿбе, Қазалы тҿңірегінде жҽне қарақалпақтар арасында кҿп таралып айтылған. Мҧнда 
1855-1858 жалдардағы кҿтерілістің даңқты батырлары – Ерназар Кенжалин, Бекет Серкебаевтың ерліктері 
баяндалады. 
Ҽңгіме болып отырған «Бекет батыр» ел ішінде кҿптен айтылып келген, кҿп айтушының аузынана ҿткен, 
бірнеше рет басылып таралған, жҧрттың кҿбіне белгілі шығарма» делінген[2, 609-б.]. 1960 жылы қоғамда 
аздаған «жылымық» орнағанымен мҧндай сҿзді айту ҥшін ҥлкен ерлік керек-ті, редакциясын М.Ҽуезов 
басқарған кітап соған барған. Алайда, тек батыс аймақ пен Қарақалпақстанда ғана емес, солтҥстік облыстарда 
да жырланған. Мҽселен, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық 
Тҥрік дҥниесіне қызмет сыйлығының сахибы Мҧхтар Мағауин ҿзінің мектепке бармай тҧрып-ақ «Бекет батыр» 
жырын білгенін айтады. Ол кезде Мағауин туған жері Семей облысы, Шҧбартау ауданында тҧрған. 
Тарихи эпос фольклорға жатады. Фольклорға тҽн оның да кҿп нҧсқалы болуы ҿзіндік хас қасиеті. Біз сҿз 
қылып отырған «Бекет батыр» тарихи эпосының 7 нҧсқасы Модиҧлы Аманғалидың қажыр-қайраты арқасында 
қолға тиді. Бҧның біреуі «Ерназар-Бекет» аталса, тағы бірісі «Ерназар мен Бекеттің толғауы» деп аталады. 
«Бекет батыр» мен «Ерназар-Бекет» жырларының кҿлемінде, мазмҧнында, композициясында, кҿркемдік 
ерекшелігінде ҿзгешеліктер болғанымен, фабуласы – отарлық езгі, оған қарсы кҥрес, отарлаушылырдың берген 
зҽбірі. Бҧл жерде тарихи жырларды арнайы зерттеген филология ғылымының докторы, профессор Берік 
Серікбайҧлы Рахымның: «Тарихи жырлардың шығу тегі «Қазақ хандығы қҧрылуы» кезінен басталады. Ҿйткені, 
тарихи эпоста рулық, тайпалық мақсаттардан бҿлектеніп, алаш бірлігі, жалпы халықтық іс, мемлекеттік 
мҥдделер басты орынға шығады. Бҧдан тарихи жырлардың тҧтастанған жҥйе екендігі аңғарылады. Басқа 
эпостарымыздан ерекшеленетін тарихи жырлардың ең басты методологиялық маңызы «тҽуелсіз ел болу», «ҧлт 
азаттық қозғалыс», «Отан соғысы» ҧғымдарын белгілі дҽуірлерге топтастырып, халықтың бҥкіл аңыз, ҿлең, 
толғауларын, географиялық, діни тҥсініктерін жҽне ақыл-ойының жеткен межесін бір уақытқа телумен 


68 
дараланады. Сҿйтіп, тарихи жырда ҽлеуметтік топтардың мҥддесі бірігіп, басты мақсат азаттық жолындағы 
кҥреске ҧласады» деген пікірінің негізсіз айтылмағанын ескеру керек[3 , 3-б.].
«Бекет батыр » жырына халқымыздың айрықша мҽн беруі «тҽуелсіз ел болу», «мемлекеттік мҥддеге» 
байланысты деп есептейміз. Оның ҥстіне Бекет Серкебайҧлы тарихта болған, Есет Кҿтібарҧлы бастаған ҧлт 
азаттық қозғалыстың басты қаһармандарының бірі екені белгілі. Осыған байланысты М.Ҽуезов ҿзінің тарихи 
жырлар туралы зерттеуінде: «Бекет жайындағы, Абылайдың жорықтары жайындағы жырлар ҿте-мҿте мол 
тараған. Ал Жанқожа туралы тарихи жыр қызғылықты болғанмен, онша кҿп таралмаған. 
Осылардың ішінде Бекет жайындағы жыр анық тарихи оқиғалар жайында, XIX ғасырдың алпысыншы 
жылдарында Батыс Қазақстанда болған халық кҿтерілісі жайында баян етеді. Шекті руының батыл, ержҥрек 
ҧлы Бекет Арыстан тҿреге қарсы шығады. Бекет шамадан тыс салыққа шыдамаған, жерді кҥшпен тартып алуға 
кҿнбеген, сҧлтанның езіп-жаншуына қарсы болған халықты соңына ертеді» деп жазады[4, 47-б.]. Ғҧлама 
«Ҽдебиет тарихы» атты еңбегінде ретін келтіріп, сҧлтанның, ханның арғы жағындағы басты кҥшті анық атап 
ҿтеді. Былай дейді: «Ҽрине, ел кегі жалғыз бҧлармен бітпекші емес еді. Жҥректің тҥбінде жатқан дерт орыс 
билігі екенін бесіктегі бала да біледі. Бірақ іс басталу ҥшін ҽуелі кҿзге кҿрініп, кҿпке бірдей сезіліп тҧрған 
жақын жердегі жаудан бастау керек еді[1,146 -б.].
Жинақтап айтқанда, «Бекет батыр», «Ерназар-Бекет» тарихи эпостарының ел арасына кең тарауының, 
сҥйікті жырына айналуының басты себебі эпостың сол кездегі қазақ мҥддесіне сай келуі деп тҥйіндейміз. 
Қазіргі жаһандану дҽуірінде еліміздің тҽуелсіздігін сақтап қалу проблемасына байланысты «Бекет батыр» 
эпосының қайыра қажеттігі туып отырганын ескеру, оны ғылымның бҥгінгі қол жеткен табыстары негізінде 
жан-жақты зерттеу, нҧсқаларын ҿз ара салыстыра отырып, озық һҽм толық версиясын қалыптап, оны кітап , 
электронды кітап тҥрінде кҿп таралыммен шығару мҽселелерінің кезек кҥтіп тҧрғанын осы отырған зиялы 
қауымның қҧлағына салуды ҿз парызымыз деп есептейміз. 
А.Байтҧрсыновтың 50 жасқа толу мерейтойына орай 1922 жылы Орынборда актриса Н.П.Анинкова-
Бернар «Бекет» атты пьеса қойғанын, оның сыншылар тарапынан ҿнер туындысы ретінде жоғары баға алғаны 
мҽлім. Он жеті жылдан соң, 1939 жылы М.Ҽуезов «Бекет» пьесасын жазып, ол пьеса 1940 жылы Абай 
атындағы мемлекеттік академиялық опера жҽне балет театрында қойылғаны тағы белгілі. Бҥгінгі кҥні осы 
пьесаларды кітап етіп қайыра бастыру, облыстық, республикалық сахналарға шығару мҽселесінің туындап 
отырғанын есте тҧтсақ деймін. Қиялы жҥйрік, білімді режисердің қолына тигізсе, Ҽуезовтей дана жазған еңбек 
қайта қҧлпырып шыға келер еді. 
Ҽуелгі жазып алынған, кітапқа тҥскен эпостың «Ерназар-Бекет» нҧсқасы. Сондықтан, «Ерназар-Бекеттің» 
нҧсқаларын салыстырып кҿрейік. Эпосты алғаш тасқа бастырған И.Р.Аничков. Аничков нҧсқасы «Киргизская 
былина о героях Ирьназара и Бекете» деген атпен 1896 жылы Қазанда баспа жҥзін кҿреді. Мҧнда «Ерназар-
Бекет» жырының ҽр бҿлігінің мазмҧны орыс тілінде қара сҿзбен берілген. Біздің қолымызда бҧдан басқа Казақ 
ССР Ғылым академиясының орталық ғылыми кітапханасына 1936-жылы Мыңбайҧлы Ахмет тапсырған жҽне 
1992 жылы «Жҧлдыз» журналының №8 санында Ғалым Ахмедов жариялаған нҧсқа, сондай-ақ, орталық 
ғылыми кітапхананың 354-бума, 3-дҽптердегі «Ерназар мен Бекеттің толғауы» атты нҧсқалар бар. 
А.Мыңбайҧлының нҧсқасының ксеро кҿшірмесі тым кҿмескі болғандықтан оқылмады. Соңғы екеуін салыстыра 
қарағанда екеуі де И.В.Аничковтың 1895 жылы 2-қазан кҥні Қазалы қаласында жазып алған тарихи эпосы боп 
шықты. Ҽйтсе де зерделей тексергенде «Жҧлдыздағы» нҧсқаның қате сҿздерін тҥзетуге мҥмкіндік туды. Кейбір 
жолдардың алынып қалғаны байқалды. Мҽселен, қолжазбадағы: 
«Кеген, кеген, кегенге, 
Қосымды арттым дҿненге. 
Жоғарыдан су ағады 
Жҥлгесін тауып тҿменге» – деген алғашқы шумақ Ғалым Ахмедов жариялаған нҧсқада 
жоқ. Сірҽ, мағынасыз жолдар деп алып тастаған болса керек, алайда, «Кеген, кеген, кегенге» сияқты 
қайталаулар бҧрынғы ҿткен жыраулар поэзиясына тҽн нҽрсе. Мысалы, Бҧқар бір толғауын «Бҧл, бҧл ҥйрек, бҧл 
ҥйрек» деп бастаса, ҽйгілі жырау Шалкиіз «Ор, ор қоян, ор қоян» дейді т.б. «Қобыланды батырдың» атақты 
Марабай нҧсқасында:
«Сарай да, сарай, сарай бар, 
Сарайға қолды жеткізген, 
Қос ҿркешті қызыл нар», – деген жолдар бар[5, 88-б.]. Яғни алынып қалған тҿрт жол 
қазақтың ҿзіне хас шумақ. Бҧл шумақ «Жҧлдызда» «Міндім жорға дҿненге» деген жалғыз сҿйлеммен 


69 
ауыстырылған. Содан эпостың тек кҿлеміне ғана емес, кҿркемдік қуатына нҧсқан келген. Сондай-ақ 
қолжазбаның бірінші бетіндегі:
«Атым шығып біліндім, 
Жоғары мен тҿменге, 
Ҽлім менен Шҿменге. 
Жасымнан шықты дабысым 
Мен қазақпын дегенге» – деген бес жол да тҥсіп қалган. Екінші бетіндегі: 
«Абайсызда алдырып, 
Аяғымды шалдырып, 
Ісім болды шеменге. 
Сеніп қалып жолықтым 
Шернияздай немеге» – деген шумақ та «Жҧлдызда» жоқ. 
«Жҧлдыздағы»: «Арыстан ханды ҿлтіріп, Астыма міндім жорғасын» деген жол қолжазбада «Арыстан 
ханды ҿлтіріп, Астынан міндім жорғасын» жҽне дҧрысы осы. Сондай-ақ «Жҧлдызда»: «Ерназар, Бекет болғалы 
– Бармас жолға барғанбыз, Қазақтың малын алғанбыз» деген ҿрескіл қате кеткен [6, 137 -б.]. Дҧрысы 
«Хандардың малын алғанбыз». Келесі беттегі «Иесіз қалған ор орда, Біліксіз адам кірмесін» деген жол да 
жансақтыққа ҧрынған[6, 138-б.]. Дҧрысы қолжазбадағы «Иесіз қалған ақ орда, Белгісіз адам кірмесін». 
Қолжазбада осылай. Ҿйстіп, салыстырып қарай берсек, тере берсек кемшілік кҿп. Қорыта айтқанда, «Ерназар-
Бекет» жырының «Жҧлдыздағы» нҧсқасы бҧл кҥйінде жарақсыз, сондықтан, қолжазбалармен салғастыра 
отырып, толықтырулар, тҥзетулер енгізілуі керек деп есептейміз. Ең дҧрысы, Қазақстан Республикасы Білім 
жҽне ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапхананың 354-бума, 3-дҽптеріндегі «Ерназар мен Бекеттің 
толғауы» атты жырды толық нҧсқа деп тану керек. 
Енді «Бекет батыр» жырына келейік. Эпостың жақсы һҽм толық нҧсқасы ретінде «Жҧлдыздағысы» алынып 
жҥр. Біздіңше, бҧл жаңсақ тҧжырым, дҧрысы, ҽрі кҿркемдігі жоғарысы Ҽбубҽкір Диваев ақсақалдың 1992 
жылы «Тарту» атты кітабында жарияланған, 1897 жылғы «Туркстанский сборниктен» алынған нҧсқа. Мҧндағы 
теруде кеткен ҽріп қателерін жҿндесе, бек ҽйбат болып шыға келеді. «Жҧлдыздағы» нҧсқа 1922 жылы 
Ташкенттегі «Тҥркістан республикасының баспасҿз шығару мекемесінде» басылған кітаптың «Батырлар» деп 
аталатын 3-бҿлімінен алынған. Мҧнда «Қазақ-қырғыз білім комиссиясы. Ҽбубҽкір Диваевтың жинаған сҿздері» 
деп кҿрсетілген. Ғ.Ахмедов «Қыссаны кім шығарғаны белгісіз» дейді. 1979 жылы Алматыдан шыққан «Қазақ 
тарихи жырларының мҽселелері» деген кітапта «Ҽ.Диваев тҥркістандық Е.Ақынбековтен жазып алған» 
делінген. Біз бҧл жерде Ғ.Ахмедовты еш тҿмендетейік деп отырғанымыз жоқ, шын мҽнісінде ол жасаған 
қыруар еңбекке аздаған ҥстеме ғана қосып отырмыз. Ғалым ақсақал Қазақтың қолы тҽуелсіздікке іліккен бетте 
«Бекет батыр», «Ерназар-Бекет» эпостарын ҽдебиет журналы «Жҧлдыз» арқылы жарыққа алып шықты, кҿптің 
қҧрметіне бҿленді. Алайда, ҿмір бір орнында тҧрып қалмайды, одан бері де 22 жыл. Міне бҥгін алды-
артымызды тағы бір жинақтап, конференция ҿткізіп, қолдағы барды салғастырып, тексеріп жатырмыз. 
Е. Ақынбековтың кім екенін біз біраз іздестірдік. Сҿйтсек, аты Еркінбек екен. Ҽ.Диваевтың тапсырмасы 
бойынша ел ішіндегі аңыз ҽңгімелерді, мақал-мҽтелдерді, жырларды жазып алып, жіберіп тҧрған Шымкент 
уезі, Ноғайқара болысының қазағы. Еркінбектің «Бекет батырды» кімнен алғаны белгісіз. Кім болғанда да, 
Бекет ҿмір сҥрген аймақтың шежіресін жетік білмейтін адам. Білсе «Алшын, Жаппас деген ел бар екен, Кҿтібар 
деген бай бар екен. Ол Кҿтібардың жеті баласы болыпты: ең ҥлкені Серкебай шал деген екен. Онан кейінгісі 
Сарыбай, Сатай, Шынтемір, Матай, Дҽрібай, Есет дегендер екен. Барлығы да бір кісінің баласы», – демес еді. 
Серкебайдың Кҿтібардан тумағанын, Қоспайдың баласы екенін, Қоспайдың ҽкесі Мҽмбетҽлі екенін Ақтҿбе 
облысының Шалқар ауданындағы Қарабастан тарайтын ҧрпақ тегіс біледі. Жаппас деген он екі ата Байҧлынан 
шығатыны тағы белгілі. Сонда аралық жобаға соқпай, алшақ жатыр. Мҧны бірден аңдаған М.Ҽуезов: «Содан 
басқа бҧрынғы тарихи ҿлеңдерден «Бекет» жырының тағы бір кҿзге тҥсетін ерекше жері: осы оқиғаны жыр 
қылған ақынның жайы, «Бекет» жырын шығарған ақын бҧрынғы Нысанбай, Ығылман емес, оларға қарағанда, 
бҧл Бекет оқиғасынан алыста тҧрған кҿлденең ҽңгімеші сияқты. Сондықтан, олардың сҿзі жоқтаумен, 
жалынмен, шындықпен келсе, мынау денесі сергек ертегіші сияқты, Бекет оқиғасын қиялына ерік берген 
еркіндікпен ҽңгімелейді.», – деп эпосты шығарған автордың «Бекет оқиғасынан алыста тҧрған» адам екенін дҿп 
басады[1, 165-б.].
Ҽйтсе де, тарихи эпос тарихтың ҿзі емес, ҿзі болуға тіпті де міндетті емес, эпос – кҿркем туынды, ал 
кҿркем туындыда ақын фантазиясынан туған деталь, штрихтар жҥре береді. Алыста отырған шығарушы ақын 


70 
ҥшін Серкебайдың Кҿтібардан туу, тумауы аса маңызды шаруа емес. Он бір жыл бойы кҿтеріліске басшылық 
еткен Бекет емес, Есет екенін де ақын біліп отыр. Бірақ жаңа айтқанымыздай эпостың ҿз заңдылығы бар, 
шығармадағы айдауға кеткен батырды ҽйелінің соңынан іздеп барып қҧтқаруы, Бекеттің еліне оралып, 
Шернияздан кегін алып, барақат ғҧмыр кешуі, осы заңдылықтан туған дҥниелер. Қайталап айтайық, «Бекет 
батыр» жыры тарих оқулығы емес, кҿркем туынды. Ҽйтпесе, шығарушы ақын алыста отырғанымен, Бекеттің 
Сібірге айдалғанын, содан қайтпағанын білмей отырған жоқ. Ақын қиялынан туып, эпостың жарым бҿлігін 
қҧрайтын бҧл бҿлімінің «Бекет батырдың» кҿркемдік қуатын арттыруда айрықша орын алып тҧрғанына ешкім 
таласа алмаса керек. Ақынның бҧл ісінде де мін жоқ, мҽселе басқада, мҽселе эпосты зерттеген кейбір 
ғалымдардың ҥлкен қателікке ҧрынуында. Мысалы, 1960 жылы Алматыда жарық кҿрген «Қазақ ҽдебиетінің 
тарихында» «Бекет батырды» зерттеуші ғалым: «Жырда аталатын Арыстан, Есет, Бекет тарихта шын болған 
адамдар. Берсен немересі, Кҿтібарҧлы Есеттің аты 1850-жылдардағы оқиғамен байланысты. Бекет Кҿтібардың 
ҥлкен ҧлы Серкебайдан туады. Демек, ол Есеттің немере інісі болады» дейді[2, 610-б.]. Кҿтібардың ҽкесі Берсен 
емес, Бҽсен екені, Серкебайдың ҽкесі Кҿтібар емес екені мҽлім. Мҽселе мынада, жырды шығарушы ақын ҥшін 
Серкебай Кҿтібардың баласы деу ешбір мін емес, ал зерттеуші ғалым ҥшін қателік. «Қазақ ҽдебиетінің тарихы» 
аталатын атағы зор кітап ҥшін ҽжептҽуір мін. 
«Кенесары Наурызбай», «Исатай-Махамбеттердегідей» емес, «Бекет батырда» тарихи жырға тҽн 
элементтермен қатар қаһармандық эпостың элементтері аралас-қҧралас жҥр. Шығарушы адам қаһармандық 
эпостағыдай ҿлеңге қара сҿзді араластыра кеңінен пайдаланады. Жыр «Кешегі уақтағы Арыстан ханның 
заманында Орынбор, Петербор деген жер бар екен, алшын, жаппас деген ел бар екен, ер Кҿтібар деген бай бар 
екен » деп басталады. Бҧл жердегі Орынбор, Петербор алыстағы қала сияқты кҥңгірттеу аталып, «Қобыланды 
батырдағы» Қырлы қала, Сырлы қала тҽрізді боп кҿрінеді. Бекет пен шешесінің қоштасуы Қобыландының 
Қазанға аттанып бара жатқандағы шешесі Аналықпен қоштасуы іспетті. 
Қаһармандық эпостың батыры сияқты Бекет жеке ерлік кҿрсетіп, Арыстан ханды жалғыз ҿзі ҿлтіреді, 
алданып жалғыз ҿзі қапыда қамауға тҥседі, жыр соңында мақсатына жетіп, дҧшпанынан кегін алады. Бҧл 
айтылғандар «Бекет батырдың» классикалық қаһармандық эпосқа ҧқсас жағы. Осы жҿнінде М.Ҽуезов: «Ҽлде 
неше жерде ескі батыр жырының кҽрі ҥлгісін кҿзге елестетеді» деп орынды атап ҿтеді [1, 165-б.].
Енді «Ерназар-Бекет» тарихи эпосының нҧсқаларын салыстырғанымыз сияқты «Бекет батыр» тарихи 
эпосының да негізгі екі нҧсқасын ҿз ара салыстырып кҿрейік. Бҧл жерде толық нҧсқа ретінде алынатын 
Ғ.Ахмедов 1992 жылы «Жҧлдызда» жариялаған нҧсқа мен Ҽ.Диваевтың «Тарту» кітабындағы «Бекет батырды» 
салыстырған дҧрыс деп есептейміз. Шындығында, аталмыш екі нҧсқа да Ҽ.Диваевтыкі. Біріншісі, 1922 жылы 
Ташкентте бастырған кітабынан, екіншісі «Туркистанский сборниктің» 568-томынан алынған. Айттық, осы 
эпостың тҿрт нҧсқасы қолымызда. Оларды да назарда ҧстайық. Басынан қайыра тҥсейік. «Тартуда» «Кешегі 
ҿткен уақтағы Арыстан ханның заманында» [7, 165-б.], «Жҧлдыздағы» толық нҧсқада «Кешегі ҿткен 
уақыттағы Арыстан ханның заманында». Зерделесек, «уақыттағыға» қарағанда «уақтағы» ескі қолданыс.
«Тартуда»: «онан кейінгісі Сарыбай, Сатай, Шынтемір, Матай, Дҽрібай, Есет дегендер екен. Бҽрісі бір 
кісінің баласы екен», «Жҧлдызда»: «Барлығы да бір кісінің баласы». «Барлығына» қарағанда, «бҽрісі» қазақтың 
ескі жазу ҥлгісінде кҿп ҧшырасады.
«Жҧлдыздағы»: «арыстан айбатты, Рҥстем – дастандай қайратты һҽм арыстандай жҥректі, жолбарыстай 
білекті, ақылға зерек, жақсы ғана батыр жігіт, һиш дҧшпан бетіне қарсы келмейтін еді».
«Тартуда»: «арыстан айбатты, Рҥстем-дастандай қайратты, шерідей жҥректі, балуан жолбарыс білекті; 
осындай дана ақылы зерек, жақсы батыр жігіт еді, ешбір дҧшпан қарсы келмес еді» деп берілген. Арыстан мен 
шері екеуі екі бҿлек аң, ҽрі журналдағы «арыстан айбатты» мен «арыстандай жҥректі» деген тіркестердегі сҿз 
қайталаулар да сҽтсіз. Сҿз қайталаудың да ҿз жосығы бар. 
«Тартуда» эпос «Айтыпты Пайғамбарымыз: «Тҽлибҥл-ілімге жардам қылса, бір сынған қаламменен, яки 
бір жаман киім берсе, яки бір жҧтым су берсе, осы жақсылық қылған кісіге Қҧдай кітабына, осы кісі ажға 
барғаннан, жетпіс мың қабат артық сауап жазып береді» деп аяқталады. Бҧл ғибратты сҿз, ескі сҿйлем қҧрудың 
озық ҥлгісі «Жҧлдызда» атымен жоқ.
Кітаптан келтірілген мысалдар халық прозасы тілінің ҥлгісі. Демек, «Тартудағы» «Бекет батыр» эпосының 
ескі, ҽуелгі нҧсқасы. Ол кҿлемі жағынан да ең ҥлкені. 
Алайда, эпостың ғылыми қҧндылығының басты кҿрсеткіші оның ескілігі де, кҿлемі де емес, кҿркемдігі. 
Кейінгі нҧсқаларда халық прозасына тҽн сҿз мҽнері, сҿйлем қҧрылысы ҿзгертілген, содан барып сҿйлемдер 
арасындағы ішкі ҥндестік ҽлсіреген. Соңғы нҧсқалардағы эпостың ҧзаны бойындағы тҥзетулер білместіктен, 
эпос сияқты халық мҧрасын бас салып ҿзгерте беруге болмайтынын ғылыми тҧрғыдан байыптамаудан 


71 
туындаған ағаттықтар. Қара сҿздері ғана емес, ҿлең жолдары да жосықсыз ҿзгеріске тҥсіп, кҿркемдік қуаты 
тҿмендеген. 
«Тартудағы»:
«Ата тілін алмадым,
Ана тілін алмадым 
Есетке ақыл салмадым, 
Оңатҧғын болмадым; 
Ботасыз нардай боздадым,
Аш арыстандай қозғалдым» 
«Жҧлдызда»: 
«Ата тілін алмадым,
Ана тілін алмадым, 
Есет сынды ағамның
Сҿзіне қҧлақ салмадым. 
Оңатҧғын жерім жоқ
Ботасыз нардай боздадым, 
Аш бҿрідей қозғалдым», – деп берілген. 
« Есетке ақыл салмадым» мен «Есет сынды ағамның, Сҿзіне қҧлақ салмадымның» мағынасы екі басқа, 
«Оңатҧғын болмадым» мен «Оңатҧғын жерім жоқтың» арасы едҽуір жер, ҽрі ҿлеңнің ҧйқасы бҧзылған. «Аш 
арыстанды» ҿзгертіп «аш бҿрі» қылу да ҧтыс беріп тҧрған жоқ. Кейінгі басылымда жҿн-жосықсыз ҿзгертудің 
нҽтижесінде шумақтың ажары кетіп, біраз қан-сҿлінен айрылған. 
«Тартудағы»:
«Білдім дҥние жалғанын 
Абайсызда алдырып, 
Ішімде кетті арманым». 
«Жҧлдызда»: 
«Жалғаны кҿп дҥние-ай 
Абайсызда алдырып, 
Ішімде кетті арманым», – делінеді. Ҧйқас бҧзылған. Мҧндай кем- кетік соңғы 
нҧсқаның ҧзына бойында ҧшырасып отырады.
Мҧның бҽрі ештеңе емес, нағыз былық эпостың аяғында, айдаудан қашқан Бекет пен Кенесарының ҧлы 
Жапардың соңынан жеткен қуғыншылармен ҧрыс салатын жерінде. 
Бҧлардың бҽрісімен ҧрысып, 
Қалаған жерде тҧрысып, 
Кҿп капірді қырысып, – деп басталатын ҿлең жолдары «Жҧлдызда»: 
«Бҽріменен ҧрысып, 
Қалаған жерде тҧрысып, 
Кҿп кҽпірді қырады, – деп «тҥзетуге» ҧшыраған. Буын санын келтіру ҥшін, 
«Бҧлардың бҽрісімен ҧрысыптыны» «Бҽріменен ҧрысып» қылған. Эпосты шығарушының жыраулар 
поэзиясының ҥлгісін ҧстанған адам екені естен шығып кетсе керек. Атақты «Едіге» эпосының Шоқан-Шыңғыс 
нҧсқасындағы:
«Алғаным ҽл-Омар қожа ханның қызы еді, 
Сағынбақтан сарғайсын, 
Салқын тҥспей барман-ды.» 
Немесе: 
«Ноғайлының ауыр жҧрт, 
Баяу жатқан қайран жҧрт, 
Шетіңнен қиқулап ащы сҥрен салмасам, – дегендегі кҿп буынды жолдар эпостың 
қҧнын тҥсірудің орнына ажарын арттырып тҧр[8, Б.40,41].
«Тартудың» соңындағы:


72 
«Қолындағы ҿнерін аямай қылысып, 
Бҧлардан аман-есен қҧтылып, 
Қыран қҧстай жҧтынып, 
Байлауда аттай қҧтырып, 
Аш арыстандай ҧмтылып, 
Бҧл кҽпірден қашып,
Кҽпірдің кҿңілін басып, 
Дҧспаны сасып, 
Қҧдайға қылған ісі мҧнасып, 
Ҽруағы баяғыдай тасып, 
Еліне барып Шернияздың 
Тҥндігін найзаменен ашып, 
Қызыл қанын судай шашып», – деген жолдар «Едіге» эпосының қарақалпақ Қияс 
жырау нҧсқасындағы: «Қҧладынын қашырып, 
Екі қолын қаусырып, 
Ыстық отын ҿшіріп, 
Ҿр кҿңілін пҽс тҥсіріп, 
Жауған бҧлттай қҧрсанып, 
Тҥктерінен зҽр шашып, 
Зҧлымдығын асырып, 
Кҥннен қашық аспанды, 
Тҿбесіне тҥсіріп, 
Дабылы ҽлемді кҿшіріп, 
Айдаһардай ысқырып, 
Айбаттанып қҧтырып, 
Буырқанып қышқырып, 
Тап қҧптан уағында 
Келе берді Нҧраддин», – деген жолдарға ҥндес [9, 385-б.]. Яғни классикалық ҥлгі. 
Ал «Жҧлдызда» осындай ескі ҿрнек былайша ҿзгертілген: 
«Қолындағы ҿнерін, 
Аямай ҽбден қылады. 
Бҧлардан аман қҧтылып, 
Қыран қҧстай жҧтынып, 
Байлаулы аттай қҧлпырып, 
Аш бҿрідей ҧмтылды. 
Кҽпірлерден қашқанға, 
Кҽпірдің кҿңілін басқанға, 
Дҧспаны сасып бҥлінді. 
Кҽпірге қылған білегі, 
Ҽруағы асады, 
Қабыл болып тілегі, 
Шернияздың тҥндігін 
Найзаменен ашады, 
Қанын судай шашады», – болып, мҥшкіл кҥйге тҥскен[6,134-б.]. Кҿріп 
отырғанымыздай, жыраулық ҥлгі кейінгі ақынның «тҥзетуімен» 7-8 буынды жыр ағымына тҥсірілген, ол ҥшін 
жырға «ҽбден», «бҥлінді», «білегі» деген сҿздер қосып, «аман-есеннің» «есенін» алып тастаған, «Бҧл кҽпірден 
қашып, Кҽпірдің кҿңілін басып» деген екі жол, «Кҽпірлерден қашқанға, Кҽпірдің кҿңілін басқанға» болып 
солғын тартқан. Мҧнымен шектелмеген, «Байлауда аттай қҧтырыпты» «Байлаулы аттай қҧлпырып» қылып 
жіберген, байлаулы ат қҧлпырмайтыны, байлауда тҧрған аттың қҧтыратыны есте жоқ. «Ҽруағы баяғыдай 
тасып» неге «Ҽруағы асадыға» ҿзгертілгені, «ҧмтылып» не себепті ҧйқасты бҧзып «ҧмтылды» деп 


73 
алмастырылғаны белгісіз. Осындай жҿнсіз «тҥзетулердің» нҽтижесінде тарихи эпостың кҿркемдік қуаты 
ҽлсіреген, ҿлең жолдарының ҿзара ҥндестігіне зиян келген. 
Сонымен, ақыр соңында тҥйіп айтсақ:
Біріншіден, М.Ҽуезов айтқандай: «Заманында Исатай істеген ерлікті істеп, қалың елдің қамын ойлап, 
кҿптің тілеуіне сҥйеніп, ҿз басын қҧрбандыққа шалған. Қылышынан қан тамған ҧлықты ҿлтіріп, патша 
ҥкіметіне қазақ елінің жҥрегінде жатқан қарсылықты ақырғы рет осындай ҥлкен іспен кҿрсеткен. Сондықтан, 
Бекеттің даңқы қазақ даласына кҿп жайылап, жоғарыда айтқандай, ертегіге ҧқсас ҽңгіме болған. Бекетті тарихи 
ҿлеңнің қаһарманына қосатын себеп осы» [1, 167-б.]. 
Екіншіден, кейінгі басылымдағы қара сҿздердің біраз жеріндегі сҿйлем қҧрылысы, баяндау мҽнері қазіргі 
тіл тҧрғысынан тҥзетілген. Кҿне тҿл сҿздер алмастырылған. Ҿлең жолдары кҿп ҿзгеріске ҧшыраған. Жиып 
келгенде, жыр тілінің қарапайымдылығы, табиғилығы жойылған, ҽсемдігі, ҽдемілігі зардап шеккен. 
Ҥшіншіден, ҽлбетте, эпостың кҿп нҧсқалы болуы ғылым ҥшін қҧнды. Барлық нҧсқалары да пайдалы деп 
есептеледі, ҽрі кҿп нҧсқалылық жырдың кең тарағандығының кҿрінісі. Уақыт ҿткен сайын, эпосты 
жырлаушылардың ҽрқайсысы оған «ҿз қошқармҥйізін» қосуы да заңды. Бірақ ҽуелгі нҧсқаны анықтаудың, оны 
кім шығарғанын, кімнен жазып алынғанын білудің, сол секілді, ең озық версиясын табудың орны бҿлек. Біз осы 
мақсатты кҿздеп салыстырулар, талдаулар жасадық. «Бекет батыр» тарихи эпосының ҽуелгі архаитиптік 
нҧсқасы «Ерназар-Бекет» жыры деген қорытындыға келдік. 
Тҿртіншіден, біз заманында ел-жҧрттың назарын ҿзіне аударған, кейінгі білікті ғалымдардың зерттеу 
нысанасына ілінген, М.Ҽуезовтей ғҧламаға зерттеумен шектелмей, пьеса жазуға ықпал еткен ҽйгілі жырдың сан 
қырының біреуін ғана ҽңгіме еттік. Алда оны жырлаған жыршылырды анықтау, нҧсқалардың бҽрін ҿз ара 
салыстыру, арабша жазылғанын жеріне жеткізе керил ҽрпіне кҿшіру, Аниковскаяның орыс тіліндегі аудармасы 
мен Н.П.Анинкова-Бернар жазған пьесаның мҽтінін табу, М.Ҽуезов жазған пьесаны республикалық сахналарға 
алып шығу сияқты кҥрделі мҽселелер тҧтасып тҧр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет