Ҽдебиеттер тізімі: 1.
Қазақ Совет энциклопедиясы. 4 - том. 132-133
2.
Ахметбеков Н. Жасауыл қырғыны. -Алматы:Кітап,1951
3.
Ахметбеков Н.Тосын толғау. Поэмалары. -Алматы,1958
4.
Ахметбеков Н. Аманкелді. Поэма.-Алматы,1962
ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТОПОНИМДЕР Абылай Анар Абылайқызы Қазақ тілі мен ҽдебиеті, 2 курс магистранты
Исакова Сабира Сагынбековна
Ф.ғ.д., профессор, ғылыми жетекшісі
С.Баишев атындағы Ақтҿбе университеті,
Ақтҿбе, Қазақстан
8(778)934 48 97, adilet-96.96@mail.ru
Аңдатпа. Мақалада жырда батыр Қараспан тауын мекендеген қалың қыпшақ елімен қош айтысып, арқадағы Атасу мен Манащыдан, Шалқар көл мен Мұғаджар тауынан басталатын Жем (Ембі) өзенінен, содан соң Темір өзенінен өтеді. Фольклорлық туындыларда ерте кезеңдегі белгілі бір тарихи оқиғалардың негізінде туындаған шиеленіскен оқиғалар желісі, көркем образдар, бейнелі суреттер берілуімен қоса сол əдеби ауызекі тараған шығармаларды тудырған халықтың өмір тіршілігінен де мағлұмат беріледі. Жырда бірталай жер-cу аттары кездеседі. Мысалы, Тайбурыл тұлпардың шабысын суреттейтін тұстарда Күлтөбе, Қазды көл, Қулы көл, Қызды көл, Шалқар көл, Желді көл, Құмыра көл, Қотан көл, Күдер, Барлы тау, Қарлы тау, Ала тау, Иір тау, Сүйір тау, Атасу, Манащы, Қампай-құмпай, Жем, Қалбағайлы шөл, Нұра, тағы басқа көптеген жергілікті атаулар аталады . Сондай-ақ, Қобыланды батырдың жауға шапқан сапарында небір түрлі жерлерден өткендігін көрсету үшін бірталай жер-су атауларын атаумен бірге, сан-салалы жер бедерін бейнелейтін сөз қолданыстарын пайдаланған.