Материалдары



Pdf көрінісі
бет89/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

 
ХХ ғасырдың 20-шы жылдары «Зар заман ақындарының» бел ортасында ҧлы Абайдың ҧстаздарының бірі 
болған 
Дулат
Бабатайұлының 
есімі аталады. Дулат атын «кҿнені кҿксеуші» кертартпалықпен егіз қылған оның 
шығармаларындағы патшалық Ресейге де, кейінгі кеңес ҥкіметіне де ҧнамаған тақрыптардың бірі - ескі билік, 
яғни хандық билікті, сол кездегі еркіндікті жырлағаны болатын, тіпті ақынның кейде ол биліктің де сыншысы 
болғаны ескерілмеді. Ақынның «Замана сазы» жинағындағы 
«Тарих көші» 
атты 
топтамадағы 
ҿлеңдерінде 


90 
бҧрынғы қоғамдағы зарды, мҧңды жырлаудан сҽл ауытқып, тарихи оқиғалардың даму жолына қарай қаралы 
шер шығаруды талап ететін оқиғалармен қатар («Ақтабан шҧбырынды...»), отан тарихының рух кҿтеретін, 
мысалы, Қазақ хандығының шаңырақ кҿтеру шежіресінен немесе Абылай хан бастауымен жауды қуып, елдің 
еңсесі кҿтерілген кездерінен сҿз қозғағанда зарлы шер асқақ рухқа молырақ жол береді. Бҧл топтағы ҿлең-жыр, 
толғаулар ішіндегі тарих кҿшін ҽріден бастаған, сондықтан болар ең кҿлемдісі – 
«Ата қоныс
арқадан...» 
деп 
басталатын, 115 жолдан қҧралған жыр. Мазмҧн-сюжетінің дамуы жырды қазақ тарихындағы ҥш ҥлкен оқиға, 
кезең тҿңірегіне топтастырған. Біріншісі, жоңғардың 1723 жылғы қанды жорығы жырланатын бҿлігі, оны біз 
«Ақтабан шҧбырынды...» деп атадық. Екінші бір оқиғалар суреттелетін қазақтың ес жиып жауға тойтарыс беруі 
жырланатын бҿлімі «Тойтарыс» деп алынды. Жырдағы кҿтеріңкі рухпен жырланған қазақ тарихының ҥшінші 
ҧлы кезеңі Абылай хан есіміне байланысты болғандықтан, «Абылай асуы» деп алдық 
«Ақтабан шұбырынды...» 
бҿлімі бҧрыннан белгілі мҧң, қайғы, зар сарынында жырланатын болғандықтан, оны қайталап жатпай, бҧл 
жырдың талдауын оптимистік рухтағы 
«Қайта
түлеу» («Тойтарыс») 
атты екінші бҿлімнен бастауды жҿн 
кҿрдік. Себебі Абылай бастаған қазақтың, хандықтың қайта тҥлеуі екінші бҿлім басындағы қазақтардың Сыр 
бойына жеткенде қашуды тоқтатып, жан-жағына қарап, жау қолында қалып бара жатқан «Туған жерді кҿксетер 
Халықта сҿнбес сыр кҥшті» бойынан байқай білді, жинады. Бҧл «сҿнбес сырдың» аты сҿнбеген намыс, рух. 
Оянған намыс пен рух ҧлттың есін жиғызды. «Есін жинап алған соң» халық қайтадан кҥрес жолына 
дайындалды: «Бозбала ҥйде жатпады; Тобышақ атты баптады, Болат сҥңгі саптады». Дайындалып қана қоймай: 
«Ата кегін алмаққа. Ат терлігін кептірмей Жиі аттанды қалмаққа». Мҧнымен қоймай «Кемеліне келген соң, 
Арқаны қазақ кҿкседі». Ақынның бҧл жерде тарихи шындыққа тура қарап, қалмақтың осал жау емес емес 
екенін, жерді жаудан тазартудың «ендеп кірген науқастың, мысқалдап шығатынындай» жеңіл болмағанын: 
«Арқаны оңай бермеді Ірге тепкен кҿп қалмақ. Ел шайқалып, ел қандап Мал шабылып, жер шаңдап, Қымбат 
болды қазаққа Қалмақтан қайта жер алмақтың» қиынның қиыны болғанын мойындайды. Ҽлгінде ғана 
айтылған қазақтардың Сыр бойына дейін қашып келіп, сол жерден қалмақтарға қарсы қайта кҿтерілуі екінші 
дҥниежҥзілік соғыс кезіндегі кеңес армиясының Мҽскеу мен Сталинградқа дейін шегініп келіп, сол қалалар 
тҥбінен кеңес армиясының қайта шабуылға шыққанын (контрнаступление) кейбір қырынан еске тҥсіреді. Ал 
сол Еділ бойына дейінгі шегіністерді ешкім, еш уақытта кеңес, орыс халқының сағын сындырды деп айтуға 
ауызы бармайды. Қазақтың осы шегінісін, ойсырай жеңілісі туралы тарихшыларымыздың пікірі туралы ҿз 
кҿзқарасымызды сҽл кейінге қалдыра тҧрып, жырды талдауды ҽрі қарай жалғастырайық. 
«Абылай асуы» 
деп біз 
атаған жырдың соңғы бҿлімінде алдыңғы бҿлімдегі жауға тойтарыс беру, қазақ жерін жаудан тазарту баяны 
жалғасады. Мҧндағы айырмашылық – осы жауға ҧлы тойтарыстың жалғасы Абылай хан ҧйымдастыруымен 
болуы. Халықтың жаңа еңсесі кҿтеріліп, жаумен кҥреске шығып, «Ата қоныс Арқаны» қайтару қиын болып 
тҧрған кезде халықтың басқыншыға қарсы Отан соғысына жаңа дем бергендей: «Ҽбілмансҧр хан болды: Хан 
болмады қазаққа, Ағарып атқан таң болды»деп қазақ тарихында жаңа жарқын кезең – Абылай хан кезеңінің 
басталғанын паш етеді. Абылай кезінің ерекшелігі мынадай: «Қосылып басы қазақтың, Алатаудан асырды 
Арқадан айдап қалмақты», сондықтан болар шапқыншылықтан ыдырап қашқан ру-тайпалар, бастары қосылып: 
«Қҧрамалар ел болды» деген жолдардағы болған жағдайлармен қатар: «Бозбалаға мінгізді сҽйгҥлік пен 
саңлақты... Ақ маңдайлы арудың Жҧпармен шашын сылатты... Шабаны тҧлпар жҥйрік боп Сайынға шауып 
шаңдатты. Шалағайы берік боп, Шала мерген жамбы атты... Елі еркін, кейіс жоқ, Мыңнан бірді таңдатты. Тҿрт 
тҥлікке толтырды, Толағай тҧлдыр қыратты» деген реалды ҿмірге ҿте жақын іс-қимылдарды суреттейді, соны- 
мен қатар жырау бҧрынғы батырлар жыры салтымен тҥбі болуға тиіс істерді, арман-мҧратты: «Сарыарқа мҥлде 
бейіш боп,.. Тандыр болған жылғадан Сарқырап тҧрып су ақты. Ҿзен қып ҿрге ағызды, Жылжыған жылым 
бҧлақты. Қураған шынар кҿгеріп, Қу тҧқыл алды қуатты. Оңы – кҥн, солы – ай болды, Қара суы – май болды» – 
деп қиял қанатына мінгізіп шарықтатады.Бірақ Дулат жырау қанша қиялға мініп: «Мҧхитты кезген кемедей 
Біраз кҥн қазақ сайрандап» қалықтаса да, Абылайдан кейінгі Дулат заманындағы шындық, сҧм заман: «Хан 
талауда, қамалды, Қалды кеме қайраңдап. Абылай туы жығылды Қабырғаң, қазақ, сығылды. Ҥріккен қойдай 
біріңе Бірің келіп тығылды ...» – деп жыр соңы ақынның тҽтті қиялдан жерге тҥсіп, бҧрынғы сарынмен реалды 
жағдайды баяндаумен аяқталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет