Материалдары


КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ



Pdf көрінісі
бет92/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

 
КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ 
Турлыбекова Альбина Нурмуханбетовна 
Қазақ тілі мен ҽдебиеті, 2 курс магистранты 
С.Бəйішев атындағы Ақтөбе университеті, 
Ақтөбе, Қазақстан 
8(708)407 81 68, 
bina.9.6@mail.ru
 
Когнитивтік лингвистика тоғыспалы ғылымдар нҽтижесінде дҥниеге келген тіл біліміндегі жас ғылым 
саласы болып табылады. Оның ҿзіндік қалыптасу тарихы, ғылыми мақсаты мен зерттеу нысаны бар. Бҧл ғылым 
саласы соңғы жылдары қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдардың да назарын ҿзіне аударуда. Мҽселен, ол 
бойынша Р. Сыздық, Ҽ.Қайдар, Е. Жанпейісов, Г.Гиздатов, Қ. Жаманбаева, Ж. Манкеева, Э. Сҥлейменова, Г. 
Смағҧлова, Б. Момынова, А. Салқынбай, К. Кҥркебаев, Г. Снасапова, Ф. Қожахметова, Н. Айтова, А. 
Ҽмірбековалар секілді зерттеушілер бҧл мҽселені лексикология, этнолингвистика, когнитология, 
лингвомҽдениеттану салалары тҧрғысынан қарастырып зерттеу ҥстінде. Қазақ тіл білімінде когнитивтік 
лингвистикаға қатысты зерттеулер соңғы он жылдықта ғана қолға алына бастады. Академик Ҽ.Қайдардың 
этнолингвистика саласына қатысты ойлары қазақ тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың қалыптасуына негіз 
болды [1]. Сонымен бірге когнитивтік бағыттағы зерттеу еңбектері ретінде Г. Гиздатовтың еңбегін атауға 
болады. Зерттеушінің «Сҿйлеу қызметіндегі когнитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы» атты 
докторлық диссертациясы осы бағыттағы қазақ тіліндегі алғашқы зерттеу болып табылады. Докторлық 
диссертацияда адам санасындағы білімнің кҿріну деңгейі, берілу тҽсілдері, қҧрылымы мен динамикасы 
қарастырылған. Когнитивтік модельдер универсумдар ретінде қарастырылады. Қазақ тілін когнитивтік 
зерттеуге арнаған алғашқы жҧмыстардың бірі ретінде К.Ҽ. Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік 
негіздері: эмоция, символ, тілдік сана» (Алматы: Ғылым, 1998,-1406.) монографиясын атауға болады [2]. 
Монография авторы алғы сҿзде былай деп кҿрсетеді: «Зерттеу проблемаларын тілдік сана тҿңірегінде 
жинақтап, негізгі мҽселені психофизиологиялық (нақтырақ айтсақ, бҧл психофизиологиялық эстетикаға
жақындау), психологиялык (негізгі психоаналитикалық теориялардан басталады), философиялық, тілдік 
ҽдебиеттану (соңғы ҥшеуі семиотикалық сипатта) тҧрғысынан кешенді тҥрде когнитивтік жҥйеге біріктіру 
арқылы ғылыми негіздерге талпыныс жасаймыз» [2]. Бҧл жҧмыста тілдік сана қҧрылымы, гештальт теориясы, 
тілдік сана жҽне мҽтін қҧрылымы, тілдік модельдер, мҧң концептісі т.б. когнитивтік мҽселелер 
қарастырылған [2]. Сонымен қатар зерттеуші тілдік сананың қҧрылымын анықтап, гештальт теориясынның 
негізін жан жақты ашып кҿрсетеді. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымның қалыптасуына 
негіз болған аталмыш еңбектер тіл қолданысындағы когнитивтік негіздердің зерттелуіне айтарлықтай ҿз ҥлесін 
қосу ҥстінде. Когнитивтік қҧрылымның концептуалды кҿрінісі, кҥрделі жҥйе тудыру ерекшеліктері де бҥгінгі 
кҥні жан жақты қарастырылуда.
«Тіл мен таным процестерінің ара қатысын кҿрсету тіл қолданысының когнитивтік жҥйесіне сҥйенеді. 
Тіл мен ойлаудын, тіл мен танымның ара қатынасы адам баласының интеллектуалды ҿмірінде (оған тіл де 
кіреді) қҧндылықтар қаншалықты рҿл атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен таным ара қатынасын сипаттайтын 
ҧғымдар белгілі бір қҧрылымға тҥседі» [2]. Сондай-ақ Жаманбаеваның кҿрсетуінше, «ішкі терең қажеттіліктер 
символдар арқылы оянады. Бҧл процесс санаға эмоция арқылы белгілі болады. Енді ҿз кезегінде ішкі 
қажеттілікті қанағаттандыру ҥшін қайтадан символдар дҥниесіне жҥгінеді. Сҿйтіп, терең негізі бар 
қажеттіліктердің сипаты символдар арқылы анықталады. Яғни, сана сыртқы факторларға танулы тҥрдегі 
тҽуелділігін немесе ішкі ҿсу, жетілу қажеттілігін белгілі бір модельдің, форманың бойына жинақтау арқылы 
шешеді» [3]. 
Профессор Ж. Манкееваның "Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері" атты мақаласында М. 
Бирвиш, Хомский, Лакофф, Коок, Г.В. Колшанский, Ю.Д. Апресян, А.Н. Леонтьев, Б. Касевич жҽне тағы 


96 
басқалардың есімдерімен байланысты когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына қысқаша шолу 
жасалды. Ж. Манкеева мҧнда былай деп атап ҿтеді: "Тіл мен ойлау бірлігінің ҿзіндік ерекше қасиеттерін тіл 
білімінің дҽстҥрлі, таза тілдік жҽне ғылым саласы шеңберінде зерттеу мҥмкін емес. Оған қажет ғылыми 
парадигма - когнитивті лингвистика, социолингвистикамен тҧтасуы" [4,40]. Когнитивтік лингвистиканың 
дамуымен байланысты анықталуы тиіс бірнеше ҧғым немесе мҽселелер бар. Оның негізгісі – тілдің қызметіне 
қатысты. «Ғаламның тілдік бейнесі (языковая картина мира)» [4,14]. Ж. Манкеева «тіл мен ой немесе таным, тіл 
мен ҧлт т.б. мҽселелер, сайып келгенде, ҧлтты, ҧлттың танымын ҿзінің терең қҧрылымдары арқылы 
тҧтастырушы. Тілдің табиғатын анықтауға байланысты казіргі тіл біліміңде жаңа бағыттардың айқындалып, 
қалыптасып, дамып келе жатқаны байқалады. Оның кҿріністерін қазақ тіл білімінің даму кҥйінен де кҿріп 
отырмыз», – деген пікір айтады [4,43]. Профессор Ж. Манкеева аталған мақаласында когнитивтік 
лингвистикадағы тілдің бейнелеушілік қызметінің зор екендігін атап кҿрсете келе, негізгі ҥш ҧстанымдарын 
айқындап береді. Сол секілді ғалым Б. Момынова «Қазақ тіліндегі қоғамдық саяси лексика (ҽлеуметтік-
бағалауыштық, сҿзжасам)» атты еңбегінде когнитивтік бірліктердің кҿріністену (репрезентациялану) 
ерекшеліктеріне тоқталып, бағалауыштық сипатын қарастырса, профессор А. Ислам ҿз мақалаларындағы 
когнитивтік лингвистикадағы «тілдік тҧлға» мҽселесін кҿтереді.
С. Ақаев «Сҿздің когнитологиялық сипаттары» атты мақаласында когнитологиялық талдаудың 
тҽсілдеріне тоқталып, ойлау, ой тҥю, қабылдау, қорыту сияқты абстрактілік қҧбылыстарды зерттеу ҽдісі ретінде 
қарастыру жайлы мҽселені кҿтереді. Сонымен қатар жас зерттеушілер Г. Снасапова, Ш. Елемесова, А. 
Ҽмірбековалар кҿркем мҽтінге концептуалдық талдау жасаудың ҥлгілерін ҧсынады. Ал А. Сыбанбаева, Н. 
Зайсанбаевалар метафораның танымдық сипаты туралы пікірлерін ортаға сала отырып, диссертациялық 
жҧмыстарын осы бағытқа арнайды. 
Қазақ жҽне салыстырмалы тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың тҥрлі мҽселелері мен 
проблемаларын зерттеу ҽзірлемелері белсенді тҥрде жҥргізілуде, екі не одан да кҿп нҽрселер мен 
қҧбылыстардың артық-кемдігі сарапқа салынуда, ҿйткені тілге деген когнитивтік ҽдіс «тілдің адаммен, оның 
ақыл-ой, рухани жағынан кҥшті дамуымен, барлық ойлау жҽне ақиқат дҥниені, ҿмірді танып білу жҿніндегі 
білім процестерімен, сондай-ақ соның негізін қҧрайтын механизмдер жҽне қҧрылымдармен алуан тҥрлі 
байланысындағы тілдің жарқын болашағын кҿре білуге жол ашады» [5,3]. 
Сонымен когнитивті лингвистика ғылымының қысқаша тҥсініктемесі Ғ. Қалиевтің «Қазақ тіл 
білімі терминдерінің тҥсіндірме сҿздігінде» былайша кҿрсетілген: «Когнитивтік тіл білімі (лат. cognito білім, 
тҥсінік) – табиғи тілді сана ҽрекетінің кҿрінісі, ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы. 
Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизімін тҥсіндіруді жҽне соған лайық оның 
моделін жасауды мақсат етеді. Ол ҥшін ниет, ес, еске сақтау, тҥсінік, жоспарлау, басқару сияқты сҿйлеуге 
қатысты тілдік, психологиялық, физиологиялық т.б. ақпараттардың басын біріктіретін когнитивтік 
категориялар пайдаланылады. Когнитивтік тіл білімі тілдің кҿмегімен ақпараттың берілу, сақталу тҽсілдері мен 
қҧрылымы жайында тҥсінікті кеңейтеді жҽне машиналық аударма, ақпараттық ізденіс, есептеу жҥйесі мен т.б. 
бірқатар қолданбалы міндеттерді шешуге мҥмкіндік береді» [6]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет