Ҽдебиеттер тізімі:
1. Мағауин М. Қазақ Ордасындағы хан сайлау дҽстҥрі. «Қазақ ҽдебиеті» газ. 1994, № 18-19
2. Салғарин Қ. Хандар кестесі. Алматы: Жалын, 1992.
3. Есенберлин І. Қаһар. Алматы: Жазушы, 1996, 190, 261, 291 бб.
4. Есенберлин І. Алмас қылыш. Жанталас. Он томдық шығармалар
жинағы. VІ том. Алматы: Жазушы, 1986, 190, 261, 291, 417 бб.
5. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы: Санат, 1994, 416 б.
«ЕДІГЕ» — ТҤРКІЛЕРГЕ ОРТАҚ МҦРА.
Қаруов Азамат Талғатҧлы
Қазақ тілі мен ҽдебиеті, 2 курс магистранты
С.Бҽйішев атындағы Ақтҿбе университеті,
Ақтҿбе, Қазақстан
8(707) 645 71 72, azamat.karuov@gmail.com
…ХХ ғасырдың 40 жылдарынан бастап Едіге батыр жҽне оның ҧрпақтарына байланысты жырлардың бҽрі де
жарияланбады, не ауызға алынбады. Себебі татар обкомының жҧмысы туралы 1944 жылы тамызда «Татарстан
партия ҧйымы бҧқаралық-саяси жҽне идеологиялық жҧмысының жайы мен оны жақсартудың шаралары
туралы» ВКП(б) Орталық комитеті қаулы алып, сонда қатты сыналды. Бҧл ҿткен заманды дҽріптеушілік, бҧнда
басқыншылықты ақтау бар деген кҥйе жағылды. 1947 жылдан бастап Қазақстанда да едігетану тоқтатылды.
1947 жылы 21 қаңтарда ҚК(б)П Орталық Комитетінің қаралы қаулысы шығып, онда «Қазақ ҽдебиеті тарихын»
қҧрастырушылардың саяси босаңдығы сыналды, яғни большевиктік қырағылығы тҿмен деп бағаланды. Қаулы
шыққан соң қҧрастырылып жатқан «Қазақ ҽдебиеті тарихының» бірінші томына енген «Едіге» жыры, оның
ҧрпақтарына қатысты «Орақ-Мамай» жыры алынып тасталынды.
93
«Едіге» жыры хақында ҽр заманда қҧнды пікірлер айтқан Ш.Уҽлиханов, П.М.Мелиоранский,
В.В.Жирмунский сияқты ғалымдар болды. Тҽуелсіздіктен соң Р.Бердібай, С.Қасқабасов, Е.Мағауиннің ғылыми
еңбектері шықты.
«Едігеге» зор тағылымдық, танытқыштық қуат беріп тҧрған да қиялдағы емес, тарихтан орын алған, халықтық
санада ҿшпестей болып таңбаланған Алтын Орда дҽуіріндегі ірі оқиғалардың ізі екені даусыз. Ол оқиғалар
эпикалық биікке кҿтеріліп берілген. «Едігенің» кҿп версиялы, ондаған нҧсқалы, халық жҥрегіне жақын болып
қалыптасуының негізгі бір себебі, тілінің кҿркем, композициясының шебер болғандығына ғана байланысты
емес, тҥркі халықтарының есінен кетпестей орын алған тарихи оқиғаларға да қатысты. Ол оқиғалар сілемі ҽр
қилы ғылыми мақалаларда тҥрлі деңгейде ҽңгіме болғанымен тҥбегейлі тексерілмегені, ҽрі олай істеуге солақай
саясаттың мҥмкіндік бермегені де мҽлім. «Тҥркі халықтарын рухани жағынан ғана емес, этностық жағынан да
қайта табыстыратын ҿсиет сҿздің «Едіге» эпосынан орын алуы да» туындының озықтығының бір қыры болып
табылады [1,266]. Сондықтан эпостың тарихи негіздерін жан-жақты зерттеудің алар орны ерекше. «Едіге»
жырының пайда болуына себеп, негіздерді қарағанда, Алтын Орда шегіндегі тҥркі халықтарының тағдырына
тікелей қатысты оқиғаларға кҿңіл аударған жҿн. Сонда ғана біз эпос туғызған орта мен жағдайға анық кҿз
жеткізе аламыз. Оның ҥстіне эпостың басты кейіпкерлерінің Едіге, Тоқтамыс хан, Ақсақ Темір, Нҧраддин
сияқты дҥниежҥзіне танымал тҧлғалар болуы шығарманың тарихи негіздеріне айрықша назар аударуды талап
етеді. Себебі заманында жарты ҽлемді біріктірген айбынды Алтын Орданы он сегіз жыл билеген Тоқтамыс хан,
жиырма жыл бойы оның билік тҧтқасын ҧстаған Едіге, ҽлемге ҽйгілі жиһангер Ақсақ Темір есімдерінің ҿзі
осыны қажетсінеді. Бҧл жерде отарлық езгі кезінде Алтын Ордаға берілген теріс баға «Едіге» эпосын толық
танып білуге кері ықпал еткендігін ҧмытпауымыз керек. Оның ҥстіне сақталып қалған тарихи деректер,
негізінен, ірі оқиғаларды ғана шежірелеген, ал шын мҽнінде, Едіге, Тоқтамыс, Ақсақ Темір араларындағы ҿзара
байланыс анағҧрлым шытырман, иірім, бҥкпесі кҿп болғаны аңғарылады. Ҧлттық версияларды тарихи
деректермен ҿзара салыстыра отырып, астарына ҥңілсек, Едіге мен Тоқтамыстың ҽуелде тату болып, соңында
бірінің тҥбіне бірі жететін дҧшпандарға айналуына қандай себептер бар екендігіне кҿз жеткізуге
Жырдың тарихи негіздерін ғылыми тҧрғыдан саралап ашуға алғаш қадам жасаған қазақтың бір туар ғалымы
Шоқан Уҽлиханов еді. «Джир Идыге по событиям относится к концу ХІV в., должно быть составлен в начале
ХV в. Это доказывается многими старинными словами и оборотами, которых теперь нет в языке», – деп,
мҧндағы тарихи оқиғалардың ХІV ғасырда ҿтіп, туындының ХV ғасырда пайда болғанын негізді тҥрде
кҿрсетеді. Эпостағы басты қаһарманның тарихи Едіге екендігін алғаш айтқан да қазақ оқымыстысы еді. Ол
жҿнінде Шоқан: «Самый замечательный исторический джир киргизский – это «Идыге», тот самый Идыге,
Эдеку, Идигей, о котором говорится в ярлыке Тохтамыша, тот самый бек, mangap и темник, который разил
Витовта при Ворскле и управлял ордой безотчетно при четырех ханах», – дей келіп, «Существование Идыге,
несомненно, как существование Тохтамыш-хана и Тамерлана. Оно подтверждается не только народными
преданиями, но и письменными фактами. Ибн-Арабшах говорит об Идыге, что он был одним из дьяволов
Тамерлана. В хрестоматии Хальфина (изданной в Казани) находится родословная Идыге, составленная по
преданиям казанских татар», – деп, кҿп нҽрсенің бетін ашады [2, 297].
ХХ ғасыр басындағы қазақ білімпазы һҽм тарихшысы Мҧхамеджан Тынышбаев та «Ертегідегі Едіге мен
тарихтағы Едіге» атты зерттеу еңбегінде жырдағы Едіге мен тарихтағы Едіге мҽселесіне талдау жасай келіп:
«Ҽмір Темірдің Шағатай ҧлысында істегенін Едіге Жошы ҧлысында істемекші боп он тҿрт жыл ел биледі.
Едігенің балалары, немерелері ол жолды ҧстап, ҽрқайсысы ҽр ханға уҽзір болып, бір-бірімен атыстырып,
шабыстырып отырып, Алтын Орданың берекесін де кетірді, тҥбіне де жетті. Сонымен Алтын Орда бытырап,
жоғалуына бірінші себепкер болған – Едіге, оның ҥрім-бҧтағы. Ертегі Едігені жер-суға сыйғызбай, қанша
жоғары кҿтерсе, тарих жолында тоз-тоз болып қҧрып кеткен Жошы ҧлысының кҿзімен қарағанда, бҧ жҧртқа
жаманшылық істегендердің арасында Едігеден асқаны жоқ» дейді [3, 38-45-б]. Яғни, Едігені кінҽлау
ғалымдардың зерттеулерінде де бар екен.
Кейінгі ғалымдар ішінде Р.Бердібайдың тарихи Едігеге қатысты кҿзқарастары да ҿңкей мақтаудан тҧрмайды.
Ол ҿзінің «Едіге батыр» жыры туралы» дейтін зерттеуінде «Ҽмір Темірдің қҧлағын кҿтеріп, оны Тоқтамысқа
қарсы айдап салуда Едігенің ҽрекеті ерекше болған», «Темірдің 1395 жылы Солтҥстік Кавказ жерінде Алтын
Орда ҽскерін қырып салуы да, сол ҿңірдегі кҿп елдерді ойсыратып кетуі де оның Тоқтамысқа ҿштігінен
шыққан. Мҧндай сойқанның да ішінде Едігенің мансап есебі жҥргені шҥбҽсіз», – дейді [4,275-б].
Орыс жылнамасында: «Едіге кҿп адамды сабады, кҿп адамды тҧтқынға алып кетті, кҿп адам қырғынға
ҧшыратылды… Бір татар келсе, біздің кҿп адам жақындауға бата алмайды, ҽйелдер мен балалар қорқып, бет
алды қашатын», – деп таңбаланған [5, 7-б].
94
Кҿзінің тірісінде-ақ Едігені жек кҿрушілер жеткілікті болған. Оның ішінде атақты Ақсақ Темір мен
Тоқтамыстың алар орны ҥлкен. Бҧларға арқа сҥйеген қаншама жҧрт Едігенің ҿзін, саясатын жамандап,
ҽңгімелер, ҿлең-сҿздер, аңыздар таратқан. Яғни Едігені қаралау да, мақтау да сол заманда, кҿзінің тірісінде бар
еді, ҽлі жалғасып келеді.
ХХ ғасыр басында ҿмір сҥрген қазақ білімпазы Мҧхамеджан Тынышбаев бҧл кҿзқарастарды теріске
шығарады: «Сонымен Қырымнан Алтайға шейін, Қызыл Шҽріден Ташкент, Ҥргенішке шейін, баяғы Жошы
ҧлығындағы жҧрттың тҧқымдарына Едіге ертегісі тегіс жайылған, осы ортадағы тҥрік тҧқымына Едіге ертегісі
ҽбден белгілі. Едігенің дҽурен сҥрген жері – кҿбіне Еділ-Жайық маңайы, тарих кҿрсетуінше Едіге Маңғыт
(ноғай) жҽне балалары ноғай арасында қалған еді деп. Сондықтан Едіге ҽңгімесі ҽуелде ноғайдан басталып,
содан жан-жаққа, ҿзге кҿршілес елдерге таралған ғой деп Радлов айтады. Бҧл сҿзді Мелиоранский де
қоштаңқырап отыр. Біз Радлов, Мелиоранский айтқанын қате деп білеміз. Европа тарихшылары, орыс
тарихшылары қанша жетік болғанымен, жергілікті, отырықшы жҧрттың жҥрісі, тҧрысына қарай пішіп, кҿшпелі
елдің салтын жете тҥсінбей, жоғарғы жҧрттар бір-біріне туысқан болса да, Қырымдағысын Қырымға тҧсап,
Қазандағысын Қазанға, Ноғайдағысын Ноғай жеріне бекітіп, қазақ, Сібір татарлары, қарақалпақты орын-
орнына жылжытпай матастырып, байлағандай қылып қояды», – деп орынды уҽж айтады [3, 38-45 б].
Тарихты жетік білетін М.Тынышбаев кезінде аталған жҧрттардың бір мемлекетте тҧрғанын, татар, ноғай,
башқҧрт, қарақалпақ, қазақ, кавказ тҥркілері бір-бірімен мидай араласып жатқанын, ру, тайпаларының
бірдейлігін, Алтын Орда ыдыраған соң бҧрынғы бірліктің неге кеткенін аз сҿзбен, аса ҧтымды тҽсілмен
ҧғынықты қылып тҥсіндіреді. Ғалым ол жҿнінде былай дейді: «Ҿзгелер елемеген бір істі Аристов жазып кетті,
бҧл – тҥрік тҧқымдарының ата тегі, ру, таңбалары. Бҧдан жеті жыл бҧрын Гродеков олардың ҧрандарын тізіп
еді. Осынша қызық істерді кҿрсетіп отырып, Аристов ҿзі жол тауып, сҿзін аяқтапты», – дейді [3, 38-45б].
«Бір Едігенің ҿмірін ҽрқайсысы ҽр тҥрлі қылып, ҿзді-ҿзінің тҧрмысына қарай ыңғайлап, атадан-балаға
баяндап қалдыра берді. Сондықтан ертеде болған Тоқтамыс хан, Едіге, Уақ – Ер Кҿкше, Ер Қосайы, Тама
Шора, Едіге тҧқымы, Орақ, Мамай, Орманбет бидің аттары қазақ арасында (ҽсіресе аттасы, суласы болған Кіші
жҥзде) осы кҥнге шейін ҧмытылған жоқ. Сондықтан бҧларды Қазан да, Қырым да, Ноғай да ҧмытқан жоқ…
Сондықтан 1922 жылы Ташкенде басылып шыққан 7 батырға таласып «біздің батырларымызды қазақ ҿзінікі
қылыпты» деп отыр. Едіге ертегісі, ҽуелі Ноғай арасында шықты, содан жан-жаққа жайылды деген Радлов пен
Мелиоранский сҿзін осы себептен қате қылып отырмыз. Алтын Орда бҧзылғаннан бҧрын болғандарға барлық
ҧзақ ертегілер бҽріне бірдей», – дейді білімпаз Мҧхамбетжан Тынышбаев [3, 38-45б].
Сайып келгенде, Ш.Уҽлихановтың да ойы осыған тіреледі. «Довольно странно и замечательно, что все почти
народы Среднеазиатских степей все древнее приписывают ногаям и многие почитают их своими предками. Так
говорят Каракалпаки и дикокаменные киргизы. «…Киргиз-Кайсаки тоже все развалины в юго-западной полосе
своей земли приписывают так же ногаям, и башкиры имеют также притязания на ногаев. Пункт этот особенно
достоин исследования, и я намерен говорить о нем более подробно в другом месте» [6, с.189]. Ҿкінішке қарай,
ҿмірі қысқа болған Шоқан бҧл ойын жҥзеге асыра алмады.
Сонымен, Едігенің істеген ісі, ҿмір жолы қым-қиғаш қарама-қайшылыққа толы. Эпостардың бас
қаһармандары ҽдетте дҽріптеліп, идеал кейіпкерге айналатын еді, бай болып барша мҧратына жететін еді.
«Едіге» жырының басты кейіпкері олай болмай тҧр. Едігенің кінҽсі жоғарыдағы татар нҧсқасындағымен
шектелмейді, эпостың басты, негізгі версияларының бҽрінде дерлік қателесіп, баласымен қиғаш жағдайға келіп,
кҿзінен айырылады, ақырында ҿледі жҽне ҿлімі кісіден болады. Ал Сыпыра жырау: «Еділден ҽрі ҿткен жоқ,
мына бір тоғыз ерді жібер де, алдап-сулап қасыңа ал, қасыңа ал да басын ал!» – дейді [7, 37-б]. Яғни,
батырымыз ҽдеттегідей ҿңкей жақсы болып, ақ тҥске боялмайды. Судан таза, сҥттен ақ емес. Бҧл жағдай
эпостың ҿзіндік даралағын аңдататын айрықша ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Оның ҥстіне, тарихтағы
Едігенің беделіне нҧсқан келтіргенімен, кейіпкердің тҥрлі-тҥстілігі жырдың кҿркемдік қуатын арттырған.
Жырдағы Едіге ҽдеттегідей ақ не бірыңғай қаратҥсті емес, тҥрлі-тҥсті.
Ҽдебиеттер тізімі:
1. Бердібай Р. 1-т. – 2005,266-б
2. Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в 5-ти томах. Том 5. – Алматы: Главная редакция казахской советской
энциклопедии. 1985,с.297.
3. Тынышбаев М. Ертегідегі Едіге мен тарихтағы Едіге // «Сана» журналы, № 2-3. 1924 ж,38-45-б
4. Бердібай Р. «Едіге батыр» жыры. //«Ҽлем». № 1, 1990,275-б.
95
5. Едіге батыр. Жинақ. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының республикалық
баспа кабинеті, 1999,7-б
6. Валиханов Ч.Ч. Сочинения // Записки Русского Географического Общества. – Т 29. – СПб. 1904,с.189
7. Мағауин Е. Едіге. – Алматы: Айқап, 1993,37-б
Достарыңызбен бөлісу: |