Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»



Pdf көрінісі
бет100/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
104
үзу арқылы да дайындауға болады. Түрлі-түсті қағаздардың қалдықтарын 
қолдануға болады.
Нігізгі түс ретінде қошқыл түсті қатырма қағаз пайдаланылады. Жасыл 
түсті қағаз қиындыларынан мозаика тәсілімен көгал жасалады. Көгал жасау 
үшін негізгі түсті қағазға алдымен желім жағып, содан кейін мозаиканың 
бөлшектері жапсырылады.
Ақ түсті қағаз кесіндісінен еркін формада ағаштың (қайың ағашының) діңі 
кесіліп алынады. Оның үстіне қара қаламмен немесе қарындашпен қара дақтар 
немесе бедерлер салынады, сондай-ақ бұл дақтарды қара түсті қағаздан ұсақ 
жолақтар кесіп алып, жапсыру арқылы да орындауға болады.
 
13-
сурет – Күзгі ағаш 
Ағаштың ұшар басын жасыл, қызыл, қызғылт сары түсті қағаз 
қиындыларынан, бір-біріне жақын орналастырылып, арасында саңылау 
болмайтындай етіп жапсыралады. Парақтың сол жақ немесе оң жақ жоғары 
бұрышындасары түсті қағаз қиындыларынан шуағын шашып тұрған Күннін 
көзі жапсырылады. 
Жұмыстың бір нұсқасы ретінде орман әсерін беру үшін бірнеше ағаш 
жасауға болады. 
Қағаз пластика
– 
бұл бейнелеу өнерінің мүсіндеу, аппликация, сурет салу, 
қағаздан қиып құрастыру, коллаж тәрізді әртүрлі түрлерінің синтезі деп санауға 
болады. Орындалатын жұмыстың көлемділігі, қолданылатын материалдың 
әсемдігі оны мүсіндеумен және коллажбен, сондай-ақ жазық форманы бүктеу, 
қию арқылы алғашқы түрін өзгерту – қағаздан қиып құрастырумен 
жақындатады. Нақты немесе ойдан шығарылғанды бейнелеу, қосымша 
бөлшектерді салуды аяқтау сурет салуды қағаз пластикамен байланыстырады. 
Оқушыларды қағаз пластикаға үйретудің мақсаты мен міндеттері бейнелеу 
өнерінің міндеттерімен тығыз байланысты, олар: балалардың біліміне, білігіне 
және ойлау іс-әрекетіне қажетті қиялдау, елестету тәрізді шығармашылық 
қабілеттерін дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет