Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет12/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
13 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген сабақтарында АКТ пайдалану 
жолдары. 
Интерактивті тақтаны қолдану. 
Оқыту процесін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен 
жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін 
мектептерінің барлығы интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. 
Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-
бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Қарапайым тақта және 
компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын 
кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану 
кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, 
керекті материалдарды дайындау керек. 
Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана 
алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақтаны пайдалану ыңғайлы, 
әрі уақыт үнемдейді.
Интерактивті 
тақта 
оқытудың 
басқа 
тәсілдеріне 
қарағанда 
(салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз 
сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. 
Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабаққа дайындалу арқылы жақсы әсерге 
қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты 
үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да 
арттырады. 
Мұғалімдердің пайымдауынша интерактивтік бағдарлама олардың 
жартылай жұмысын атқарады. Мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік 
тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға 
болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе 
келесі жолы тағы да қолдануға болады. 
Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны 
пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты 
үнемдейді. 
Компьютерлік графикалық материал презентациялық слайд көмегімен 
көрсетіледі. Microsoft Power Point бағдарламасының көмегімен оқу процесінде 
презентациялар мен слайдтар жасап көрсету, оқушылардың қызықты және 
дәлелді (мағыналы) болады, танымдық ойлауы мен есте сақтауын 
қалыптастырады. 
Интерактивті технологияның ерекшеліктері: 
1) Бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы түрлі-түсті, айқын, ұқыпты 
кескінмен салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың көмегімен әртүрлі 
қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын, әрі мүмкін емес. Слайдтарда 
кемшіліктер мен қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. Сабақтың 
тиімділігі артады. Басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнайды. 
2) Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет