Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ 12 -
оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің
үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді);
-
оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада
ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір
алмасуға, т.б. үйренеді);
-
оқыту барысында «не білемін? не білгім келеді? нені үйрендім?»
түріндегі кері байланысты жүзеге асыру [4].
Басты назар білім мен сол білімді қолдану процесіне аударылады.
Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын
анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен жетістік критерийлерін алдын
ала белгілеу керек.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды(АКТ)қолдану
құзыреттілігі оқушылардың жұмыста, бос уақытында және қарым-қатынаста
технологияларды біліктілікпен және шығармашылықпен пайдалануын
қамтиды. Бұл АКТ-ны пайдаланудың бастапқы дағдылары арқылы
қалыптасады.
Оқушылар кіріктірілген білім беру бағдарламасындағы барлық пәндерді
оқу барысында ақпаратты табу, құрастыру және басқару, мәліметтер және
идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен қосымшаларды
пайдалану арқылы білім, білік дағдыларын арттырады, өз жұмысын бағалауды
жетілдіре отырып, АКТ-ны қолдану дағдыларын дамытады.
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген оқу бағдарламасында төмендегідей
көрініс табады:
-
онлайн сабақтар арқылы инновациялық әдістер мен ақпараттық
технологияларды қолданады;
-
АКТ арқылы презентация жасайды, салыстырады, бағалайды,
жетілдіреді, зерттейді және бірлесе отырып пікірлерін дәлелдейді;
-
АКТ арқылы қажетті ақпаратты таңдай алады [2];
-
сабақтарда оқытудың сапасын арттыру үшін жаңашыл әдістер мен
ақпараттық технологияларды пайдалану;
-
интернет ресурстарымен жұмыс жасайды (мысалы, веб-сайттағы
ақпаратты оқу, керекті материалды іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде
көшіру және сақтау);
-
мәтін және слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан
күрделірек бағдарламаға көшу (Word, Power Point);
-
ақпаратты өңдеп, электронды түрде жеке құжат ретінде сақтау үшін
жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;
-
электронды оқулықтарды пайдалану;
-
тақырыпқа байланысты медиақұралдарды қолдану;
-
ақпаратты саралап, зерттей алу [2].