Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 9 тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және
бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау
үшін шығармашылық қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын
меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге
дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып
отыр.
Нақты пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу
мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және
дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында
шығармашылықпен пайдалану даярлығын қалыптастыруға, жетістікке қол
жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға
ынталандырады.
Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы:
«қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет»,
«ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім
алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды
дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының тәртібі
мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары
болуы тиіс.
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің кіріктіріліп оқыту бағдарламасы
бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары «Шет
тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, A2, B1,
B2, С1) негізге ала отырып айқындалған және әр деңгейдің соңындағы күтілетін
нәтижелер түрінде берілген.
С1 – Жоғары деңгей:
Әртүрлі тақырыптар бойынша көлемді мәтіндерді түсінеді, олардың
астарлы мағыналарын ажырата алады.
В2 – Ортадан жоғары деңгей:
Нақты және абстрактілік тақырыптар бойынша күрделі мәтіндердің, оның
ішінде кәсіби мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіне алады.
В1 – Орта деңгей:
Оқуда, бос уақытта кездесетін әртүрлі тақырыптар бойынша әдеби тілде
берілген нақты хабарлардың негізгі ойларын түсіне алады.
А2 – Базалық деңгей:
Өмірдің негізгі салаларымен байланысты тіркестер мен жиі пайдаланатын
сөйлемдерді түсінеді.
А1 – Қарапайым деңгей:
Нақты міндеттерді орындауға қажетті таныс фразалармен сөйлемдерді
пайдалана алады.
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін кіріктіріп оқу арқылы оқушылар:
-
сөздік қоры мен тілдік сауаттылығын дамытады;
-
тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді;
-
ойлау және танымдық қабілеттерін дамытады;
-
коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді және